Президент Жолдауын насихаттау бойынша Қаратау ауданында актив жиыны өтті

Шымкент қаласының «Асар» шағынауданындағы № 90 мектепте ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау бойынша Қаратау ауданының актив мәжілісі өтті.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов осы мақсатта бұған дейін қала активімен, 3 ауданның тұрғындарымен кездескен болатын. Мұрат Дүйсенбекұлы Қаратау ауданы тұрғындарына да Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, алдағы жоспарлардан хабардар етті. Жиынға зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органы қызметкерлері қатысты.

Жиында алдымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің проректоры, доцент Сәкен Мәжінбеков баяндама жасады. Сәкен Аралбайұлы еліміз саяси және әлеуметтік-экономиканы қалпына келтіріп, ұлттық маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асырып жатқанына тоқталып өтті.

Қала әкімі М.Әйтенов мәжілісте Жолдау аясында шаһарда жүзеге асатын жұмыс жоспарларын баяндады.
– Мемлекет басшысы Жолдауда 70-ке жуық тапсырма берді. Жолдауда айтылған 7 бағытты қала көлемінде жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылданады. Экономиканы әртараптандыру міндеттеліп отыр. Қала экономикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлікті қолдауға 7 млрд теңге бағытталып, 2250 бизнес өкіліне қолдау көрсетілетін болады. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында бүгінге дейін 57,4 млрд теңгеге 1 788 жоба қаржыландырылып, 7,2 мың жұмыс орны ашылды. Яғни, қалада ашылған әрбір үшінші жоба аталған бағдарлама аясында іске асты. «Қарапайым заттар экономикасы бойынша биылға жоспарланған 80 жобаның 61 жобасы қаржыландырылды. Қаланың экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында «Жұлдыз» индустриалдық аймағында 60 ірі жоба, «Стандарт» жеке индустриалдық аймақта 30 жоба іске асыру көзделуде. Халықты азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету мақсатында қалада 2 агроиндустриалды аймақтың құрылысы басталды. Ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуде «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып, құны 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асады, – деді қала әкімі.

Президент Жолдауы – стратегиялық құжат. Қала әкімі Жолдауды іске асыруға барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар жұмылатынын мәлімдеді. Жолдауда қамтылған басымдықтарды халыққа жеткізуде арнайы топтар құрылуда. Олардың құрамына аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және басқа да белсінді азаматтар енгізіліп отыр.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*

x

Check Also

Шымкент әкімі қаладағы құрылыс және логистика нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірнеше инфрақұрылым нысандарын аралады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар ...

Шымкентте қоғамдық көлікте жолақы төлеуге бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жолақыны төлеу тәртібіне бақылау шаралары күшейтілді. 2025 жылдың маусым айынан бастап «Бақылау-тексеру қызметі» мамандары жолақы төлемеген ...