Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ 2023 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 МЫҢ ОРЫНДЫҚ 11 ЖАТАҚХАНА САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында 2023 жылдың соңына дейін 4 мыңнан астам студентті орналастыруға арналған 11 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасынан хабарлады. Бүгінде Шымкент жастар қаласы ретінде танылып келеді. Мұнда 106 792 студент білім алуда. Оның 75 022-сі шаһардағы 8 жоғарғы оқу орнында оқиды. Сондай-ақ, 32 колледжде 31 770 студент бар. Мегаполисте студенттерді жатақханамен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!» БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛДЫ

Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы орай ұйымдастырылған «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алды. Байқау Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің 6-10 сынып оқушыларының арасында өткізілуде. Байқауды жариялаудағы мақсат- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында және Президент Қ. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты ...

Читать далее »

«Visit Shymkent» орталығы әлеуметтік туризм бағыты бойынша экскурсия өткізді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «Visit Shymkent» орталығы әлеуметтік туризм бағыты бойынша көп балалы жанұядан шыққан бүлдіршіндерге экскурсия ұйымдастырды. Тур «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорымен бірлесе «Мейірімді жүрек» акциясы аясында қолға алынды. Құрамы 20-дан аса оқушыдан жасақталған топ мүшелері “Шым қала” тарихи-мәдени орталығы, Этноауыл, Түркістан облысының тарихи-өлкетану музейі, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы және Бәйдібек би ескерткішіне барып, туристік нысандармен танысты. Іс-шараның ...

Читать далее »

РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІНІҢ ЖОЛАЙРЫҚТАҒЫ БӨЛІГІ АШЫЛАДЫ

Рысқұлов және Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрық 10 қазан күні Қонаев даңғылы бойынша жол қозғалысы үшін ашылған болатын. Қазіргі таңда Рысқұлов көшесінің бір жақ бөлігін ашудағы соңғы жұмыстар атқарылуда. Қалған бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы қарашада аяқталмақ. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Жыл өткен сайын Шымкенттегі қалаішілік жолдарда көлік кептелісі артып келеді. Әсіресе, орталық көшелерде белгілі ...

Читать далее »

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Кезекті қабылдау кезінде қаламыздың сәулет және құрылыс саласына еңбегі сіңген профессор Ақболат Ахмедов аудан әкіміне өзі жазған кітаптың 6 данасын табыс етті. -Өзімнің өмірлік тәжірибеме сүйене отырып жазған «Вспоминая прожитую жизнь» атты кітабымды сіздерге сыйға тартуды жөн көрдім. Мұнда халықпен жұмыс істеу кезінде қажетті пайдалы кеңестер мен өз басымнан өткізген ...

Читать далее »

СӘУЛЕ ШАҒЫН АУДАНЫНДА СУ ҚҰБЫРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жолдауында өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу мақсатында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылып келген. Осының негізінде, биыл қаладағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес, бірнеше елдімекендерде құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындарға ауыз су беру ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 22 КАНАЛҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкентте су қоймалары мен каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мәлімдеді. Қазіргі таңда қалада 34 канал болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын – 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылатын – 7 канал бар. Сонымен қатар 4 су қоймасы бар. 2 су қоймасы (Тоғыс, Бадам) «ҚазСушар» РМК меншігінде, 2 су қоймасы (Текесу, ...

Читать далее »

АЛҒЫС АРҚАЛАЙТЫН МАМАНДЫҚ

Шымкентте әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде. Әлеуметтік сала қызметкерлері қайғы-мұң арқалаған азаматтардың қиындықтарын жат санамай, оларды бірге жеңуге бар күш-жігерлерін салатын мамандық иелері. Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін тер төккен сала мамандары қашанда құрметке лайық. Көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және өзге де өмірдің қиыншылықтарына тап болған адамдар сала қызметкерлерінің ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ҚЫЗ ЖІБЕК» ОПЕРАСЫ ЖАҢАША САХНАЛАНАДЫ

Шымкент қаласының опера және балет театры 30-31 қазан күндері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын қайта жаңартып, көрермен назарына ұсынбақ. Биыл еліміздің музыкалық-сахна әлеміндегі тұңғыш қазақ операсы «Қыз Жібектің» дүниеге келгеніне – 87 жыл. Бұл опера туындысы барша әлемді селт еткізіп, ықлас-зейінін өзіне бірден тартты. «Қыз Жібек» бүгінгі күні ұлттық опера өнерінде ең ұзақ бақытты өмір кешкен ...

Читать далее »

Агросалаға қызығушылар арзан несие ала алады

Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков агросаладағы 9 айдың қорытындысын баяндады. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында іске асырылатын жоспарлар жайлы айтып өтті. Асқар Сәкенұлының мәлімдеуінше 9 айда 31,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Негізгі капиталға 4,2 млрд теңге ...

Читать далее »

Өнеркәсіп саласында өсім жоғары

2021 жылдың І жартыжылдығында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 22,7 мың АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,6 пайызға артқан. Бұл туралы Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды. Кәсіпкерлік саласы бойынша биылғы жылдың 9 айлық қорытындысын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 9 айда атқарылған есебін қабылдады. Басқарма басшысының міндетін атқарушы М. Шотанов қалада жастар саясатын жүргізуде атқарылған жұмыстарды баяндады. Басқарма бүгінде 5 бағыт бойынша жұмыс атқарса, соның бір бағыты – жастар саясаты. Шымкентте қазір 14-29 аралығындағы 239 986 жас бар, бүгінде олар қала халқының 22,3%құрайды. Есепті кезең бойынша 10 ...

Читать далее »

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАР АРАСЫНДА «АҚ КИМЕШЕК-2021» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аналар қауымының арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негіздерінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған. Байқау ...

Читать далее »

ГАЗҒА ҚАТЫСТЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Тұрғындардың газды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтауы маңызды. Осыған байланысты Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Газ техникалық инспекция бөлімі тарапынан Қала әкімінің және қала әкімі орынбасарының хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, аудан әкімдіктермін бірлесіп, тұрғындарға үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан түсіндіру жұмыстары жүргізу барысында 24 мың дана хабарлама таратылды. Сонымен қатар, тұрғындардың газ пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтау ...

Читать далее »

ТУРИЗМ ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Бүгін Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров басқарма тарапынан 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы маркетингтік ілгерілету, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, «Креативті индустрияны» дамыту, сыртқы байланыстарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту секілді 4 бағытта жұмыс жасауда. Ерлан Ермекұлы өз сөзінде Шымкент қаласының қазіргі таңда Қазақстанның 8 өңірімен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы жолдауындағы міндетті орындауда Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 9 айлық есеп бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,1 млрд. тг. жетіп, 101,6% артты. Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 99,3 млн. АҚШ долларын құрап, 103,2 пайызға ұлғайды. Бөлшек сауданың көлемі 331,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 108,1 пайызға артты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі ...

Читать далее »

МАҚСҰТ ИСАХОВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша онлайн және оффлайн қабылдады. Қабылдауға тұрғындар әкімдік сайтындағы өтінім беру терезесі және әлеуметтік желі арқылы тіркелген. Тұрғындардың мәселелерінің басым көпшілігі жол сапасы, қоғамдық көлік мәселесі және спорт алаңшалары мен еңбек құқығының сақталуЫ, сондай-ақ интернет пен қала орта сапасын бақылау басқармасына қатысты мәселелер. Мақсұт Пернебайұлы азаматтардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, басқарма ...

Читать далее »

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ҚОНЫСТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылына орай құрылысы аяқталған тұрғын үйлер пайдалануға беріле бастады. «Шаңырақ» жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша азаматтарды қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аталған бағыт бойынша Тұран шағынауданында орналасқан алғашқы 5 тұрғын үйдің (№ 49А, 50А, 52А, 53А, 54А) инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтері іске қосылып, пәтер иелеріне пәтер кілттері табысталған болатын. Бағдарлама бойынша баспаналы болғандардың қатарында Жадыра Ержігітова да бар. Үш баланың ...

Читать далее »

«ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШЫМКЕНТТЕ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Елбасы жолы» экспедициясы Шымкентке келді. Экспедиция құрамында Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалардың үздік, әрі белсенді 10 қатысушысы бар. Экспедиция тәуелсіздік жылдарында еліміздің жеткен жетістігін келер ұрпаққа дәріптеп, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың саяси өмір жолын кеңінен насихаттау мақсатында жолға шыққан. — «Елбасы жолы» экспедициясы Шамалған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ОҚ ЖӘНЕ СТЕНД АТУДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте Гран-при КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған оқ және стенд атудан XXX Халықаралық турнир басталды. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді. Жарыс 2021 жылдың 25-31 қазан аралығында «Shymkent Shooting Plaza» атқыштар кешенінде өтуде. Жарыстың мақсаты-еліміздегі ату спортын дамыту, спортшылардың біліктілігін арттыру және олардың рейтингін анықтау, оларды республикалық және халықаралық жарыстарға ...

Читать далее »