Шымкент

Еңбекші ауданына 46 млрд. теңге жеке инвестиция тартылды

Еңбекші ауданында 20 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Биылғы жылғы тоғыз айдың қорытындысымен шағын және орта бизнес құрылымдарынан 59 млрд. теңге салық түсіп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 10 пайызға артқан. Бұл туралы қала басшысы М. Әйтеновке аудан әкімі есеп беру жиынында баяндады. Осы мерзім ішінде ауданның инфрақұрылымдық және кәсіпкерлік бағыттарына 68 млрд. теңге көлеміндегі ...

Читать далее »

Жыр алыбы ұлықталған кеш

Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің және Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Қаратау мен Сырдың елі дәстүрменен жырдың кені» атты Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы дәстүрлі әншілерінің концерті өтті. — Жалпы бүгін Қаратау мектебіне Сыр өңірінің — Қызылорда облысының дәстүрлі әншілері, жыршылары, өнерпаздары қонаққа келіп жатыр. Бұл енді ресми іс-шара емес. ...

Читать далее »

Қала әкімі Еңбекші ауданының қысқа дайындығын тексерді

Шымкент әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданының қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын пысықтады. Қыста Еңбекші ауданы аумағын қардан тазалау жұмыстарын төрт мердігер («ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Бәйтерек Л.Б.» ЖШС, «Югдорсервис» ЖШС, «НұрТауСервис» ЖШС) мекеме жүргізеді. Жалпы аудан аумағындағы орталық көшелердің ұзындығы 191 шақырым келетін 76 көшені қардан тазарту жұмыстары 10 бағытқа бөлінген. Әр бағыт сызбасы дайындалып, көшелердің ұзындығы есептелген. Кезекші бригадалар жұмысқа дайын. 210 ...

Читать далее »

«Халық қатысатын бюджет» жобасы өз нәтижесін беруде

Еңбекші ауданында 630 көпқабатты тұрғын үй 435 аулаға біріктірілген. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен 565 үйдің 373 ауласы абаттандырылған. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 41 көпқабатты үйдің аулаларын жаңартуға бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. Ал, 17 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл жоба арқылы пайдалануға берілген аулалардың бірі ...

Читать далее »

Шымкентте биыл 30 көше жарығы LED шамдарымен алмасады

Шымкент қаласында жарықтандыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи энергия үнемдегіш LED шамдары орнатылуда. Көше шамдарын қайта жаңарту жұмысы барысында 1 727 жарық шам мен 643 электр бағанасы ауыстырылып, 84 шақырымға жер асты кабелін тарту жоспарлануда. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, жыл соңына дейін 30 көшедегі түнгі жарық шамдар толық жаңарып, LED шамдары орнатылады. Жарық шамдары қайта ...

Читать далее »

Пауэрлифтингшілер әлем чемпионатынан 11 жүлде жеңіп алды

21-31 қазан аралығында Литваның Вильнюс қаласында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтті. Бұл сайыста Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары «Жатып сығымдап көтеру» жаттығуы бойынша 11 жүлде жеңіп алды: 6 – алтын, 2 – күміс және 3 – қола. Атап айтқанда, әйелдер арасында Ксения Хан (76 келі) 2 алтын, Алевтина Николаева (84 келі) 1 алтын, Азиза Абдураимова (84 келі) 1 ...

Читать далее »

Шымкентте 273 азамат қоныс тойын тойлады

Шымкент қаласында «Шаңырақ» жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша Тұран шағынауданында орналасқан 7 тұрғын үй қолданысқа берілді. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов қатысып, инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтері іске қосылған пәтерлердің иелеріне кілттерін табыстады. – Тұран шағынауданында шамамен 1,2 млн. шаршы метрді құрайтын 15300 пәтерлі 319 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда бюджет есебінен 88 үйдің құрылысы жүргізіліп, оның ішінде «Шаңырақ» бағытының ...

Читать далее »

Қала әкімінің орынбасары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ескертусіз аралады

Кешқұрым Шымкент қалалық №1-ші арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тексеру шарасы жүргізілді. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков орталыққа ескертусіз барып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын бақылады. Ерғали Даулетбекұлы бірден жатын бөлмелер, асхана, монша және дәрі-дәрмек пен азық-түлік сақталған қоймаларды аралап көрді. Орталық мамандарының айтуынша, қазіргі таңда қорда 5 айлық дәрі-дәрмек қоры сақталған. Пандемияға байланысты барлық сақтық шаралары қадағалануда. Қызмет ...

Читать далее »

Үздік кәсіпорындар мен еңбек озаттары марапатталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен «Көрме орталығында» әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үш жақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Сондай-ақ аталмыш іс-шара аясында «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Жиынды қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жүргізіп отырды. Кезекті комиссия отырысы мен марапаттау іс-шарасы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы және халықаралық Еңбек күні мерекесіне ...

Читать далее »

«Ten qogam»: 4300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматқа қызмет көрсетілді

Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова мәлімдеді. Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте жауапты басшы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бағытында әлеуметтік қорғау саясатының жүзеге асырылуы мен халықты жұмыспен қамту бағыттарының ағымдағы жылдың 9 айлық көрсеткіші туралы баяндады. «Ten qogam» әлеуметтік ...

Читать далее »

Шымкентте алдағы бес жылда 101 мектеп салынады

Бұл туралы шаһардың бас ұстазы Жанат Тәжиева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Брифингте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауы аясында басқарма тарапынан атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары сөз болды. Баспасөз жиынында Жанат Арысбекқызы сапалы білім беру мәселесіне тоқталды. Шаһардың бас ұстазы педагогтердің жалақысын өсіру бойынша тиісті ...

Читать далее »

Әл-Фараби ауданына 9 айда 74 инвестициялық жоба жүзеге асты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданында орналасқан жаңадан ашылған «Бизнес орталығына» барды. Онда инвестициялық жобалармен танысып, нақты тапсырмалар берді. Ауданда 21 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Бүгінде оның 17 340-ы жұмыс істеп тұр. Кәсіпкерлер тарапынан 2021-2025 жылдарға 354 жоба жоспарланған, тартылатын инвестиция көлемі шамамен 101 млрд теңгені құрады. Межеге сәйкес осы жылға жоспарланған 96 жоба жүзеге асып, ...

Читать далее »

Қала әкімі Әл-Фараби ауданының қысқа дайындығын тексерді

Шымкент әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби ауданының қыс мезгіліне керекті күш-құралдардың дайындығын тексерді. Ауданында 404 көше бар. Оның ішінде 71 — басты көшелер, 333 көшесі ішкі орам көшелері. Биыл қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 22 бірлік техника, 8 бірлік тиегіш (погрузчик) техникасы, 7 трактор, 16 бірлік самосвал техникасы, жұмысшыларды тасымалдау үшін 4 бірлік автобус техникасы, 1 бірлік «автомастерская» техникасы, жалпы 58 техника ...

Читать далее »

Сәуле шағынауданы 2022 жылы табиғи газбен қамтылады

Әл-Фараби ауданында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр. Аудан әкімі Р.Мыңбаев 9 айлық есебінде шалғай елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу барысын баяндады. Аудандандғы инфрақұрылымды қажет ететін 195-ші орам электр жарығы мен ауыз су өткен жылы қамтылған болатын. Орамның жаңақұрылыс аймағындағы 300 тұрғын үйге табиғи газ тарту жұмысы 2020 жылы қолға алынған. Қазір нысанның құрылысы аяқталып, ...

Читать далее »

Үшжақты комиссия отырысы өтті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссия отырысы өтті. Жиында еңбек қатынастары саласындағы ағымдағы жағдай, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссияның атқарған жұмыстары қорытындыланды. Биыл үшжақты комиссияның 15 отырысы өтіп, әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланды. Еңбек қатынастарын реттеу бойынша жеке тұлғалардың 831 арыз-шағымдары мен өтініштері заңға сәйкес ...

Читать далее »

Медицина қызметкерлері президент жолдауына қолдау білдірді

Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру – мемлекеттің пандемия жағдайындағы ең маңызды міндеті. Сондықтан билік «Дені сау ұлт» атты ұлттық жоба қабылдап, алдағы жылдары медицина саласына мол қаржы құюды жоспарлап отыр. Бұл қаржы негізінен медициналық инфрақұрылымды дамытуға, білікті маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел ...

Читать далее »

53 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ МҮЛІК ИЕЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІГІ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылдан бастап, жалпы 87 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл 22 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныс берілді. 7 үйге қаржы бөлініп, үйлердің шатыры, сыртқы қасбеті мен инженерлік жүйелерге жөндеу жұмыстары атқарылуда. Алдағы уақытта 37 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрғындардан 1-2 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МАРШРУТТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС СЫЗБАСЫ ӨЗГЕРДІ

Шымкентте Қонаев — Рысқұлов даңғылының ашылуына байланысты маршруттардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, кезінде Дулати, Байтұрысынов арқылы жүргізілген бірқатар қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгерді. Атап айтатын болсақ №10, №17, №27, №35, №37, №45, №56, №57, №72, №158 бағыттар бойынша өзгерістер енгізілген болады. Жуырда пайдалануға берілген Қонаев-Рысқұлов даңғылындағы жолайрықтың ашылуы қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Қостанай қаласында өткен ұлттық жекпе — жектен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Шымкент қаласынан 9 спортшы қатысып, 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Атап айтқанда, Қуаныш Тимур 63 келі, Әбдуілі Саят 70 келі салмақта жеңімпаз атанды. Сейдазым Әлібек 75 келі салмақта алтын медальға қол жеткізсе, Мейрханов Сейтхан 59 келі салмақта күміс жүлдегері атанды, Утемисов ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс сапарын Наурыз шағынауданында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің жұмысымен танысты. Әл-Фараби ауданындағы 64 525 абоненттің 86 пайызы кәріз жүйесімен қамтылса, 8309 (14%) абонент қамтылмаған. Наурыз шағынауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту үшін құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған. Бүгінде Тайман, Еркіндік, Сүлейменов және Мейірбеков көшелері кәріз жүйесіне қосылды. Кәріз жүйесіне арналған құбыр Қазиев көшесіндегі коллекторға қосылады. Одан бөлек, ...

Читать далее »