Авторские архивы: editor

Вице – министр Ш.Т.Каринова Шымкентте

15.09.2021 жылы Шымкент қаласына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Ш.Т.Каринова қызметтік іс-сапармен келді. Қызметтік іс-сапарының мақсаты үш ауысымдық мектептердің жай-күйін білу және пандемия кезіндегі білім беру ұйымдарында орын алған олқылықтарды жою үшін жасалып жатқан жұмыс жоспарымен танысу, зерделеу, бағыт-бағдар беру. Іс-сапар барысында вице-министр Ш.Т.Каринова №137 ЖОББМ Білім ордасындағы оқу-тәрбие үдерісімен, санитарлық талаптардың сақталуымен, оқушылардың қауіпсіз ортасын құру ...

Читать далее »

Шымкентте тұрғындардың 86,1 пайызы вакциналанды

Шымкентте 13 қыркүйек күні КВИ-дің тоқсан тоғыз  жағдайы тіркелді (белгілері бар – сексен бес, белгілері жоқ – он төрт). Алпыс адам инфекциялық стационарға жатқызылып, отыз тоғыз адам үй бақылауына алынды.   Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 183 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, мың үш жүз тоқсан бір төсек орын бос. Инфекциялық стационарда жеті жүз тоқсан бір ...

Читать далее »

Шымкентте сапалы жолдар үлесі артып келеді

Шымкент қаласында инфрақұрылымды дамытуға арналған жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты қала экономикасына қызмет ететін сапалы жолдар үлесін арттыру. Осы мақсатта биыл үшінші мегаполисте жол-құрылыс жұмыстарымен 311 шақырымнан астам жол қамтылды. Яғни, қалада осы жылы 182 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін аталған жолдардың 270.3 шақырым болатын 169 нысан пайдалануға беріліп, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 63,6 пайызға ...

Читать далее »

15 қыркүйекте емханаға тіркелу науқаны басталды

Ертең елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі шара 15-қарашада аяқталады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше, еліміздің әр азаматы жылына бір рет емхананы еркін таңдай алады. «Емхананы таңдау науқаны екі айға созылады. Яғни, 15-қыркүйек пен 15-қараша аралығында. Қазақстанның кез-келген азаматы осы науқанға қатысып, ...

Читать далее »

Шымкентте инфекциялық стационарларда 2397 төсек орын қысқарды

Өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды қысқарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. «25 тамыздан бері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық бөлімше ретінде ашылған 57 нысан жабылды. Жалпы төсек-орын қоры 12 211 төсек-орынға қысқарды», — деді Алексей Цой.   Мәселен, Шымкент қаласында 2 397 ...

Читать далее »

Шымкентте соңғы үш жылда 850 шақырымнан астам жол төселді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің кезекті тікелей эфирі жол құрылысы саласына арналды. Әдеттегідей тәртіппен эфир қаладағы эпидемиологиялық жағдайды баяндаудан басталды. Соңғы тәуліктегі жағдай бойынша COVID-19 инфекциясы қаланың 160 тұрғынынан анықталып, дерт жұқтырғандар статистикасы 37 822 адамға жеткен. Жағдай біршама тұрақталғанымен, тұрғындарға вакцина салу жұмыстары бәсеңдеген жоқ. Тікелей желінің негізгі тақырыбына көшкен қала әкімі Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ...

Читать далее »

Туризм саласындағы студенттер Түркияда тәжірибе алмаса алады

Шымкент қаласының туризм саласында білім алып жатқан студенттер енді Түркияда тәжірибе алмаса алады. Шымкент қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері іссапар аясында Анталиядағы Туризм академиясының ректоры Зафер Биккеноглумен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Анталиядағы Туризм академиясы халықаралық деңгейдегі қонақжайлылық пен туризм индустриясы үшін жоғары білікті мамандарды дайындайтын бірегей оқу орындарының бірі болып саналады. Кездесу барысында ...

Читать далее »

Шымкентте баланың қалқанша безіне бірегей ота жасалды

Шымкент қаласындағы балалар ауруханасының және №1 қалалық аурухананың мамандары 13 жастағы балаға күрделі ота жасады. Дәрігерлер жасөспірімнің тамағында пайда болған үлкен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады. Жас пациент екі аурухананың бас дәрігерлерінің келісімімен тексеріліп, ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Мамандардың айтуынша, қалқанша без аймағында мұндай көлемдегі ісіктер сирек кездеседі, ал науқаста диаметрі 10 см-ге жеткен. Оны алып ...

Читать далее »

Мәслихат хатшысы көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті

Шатырынан өткен су жертөлеге бір-ақ жеткен. Нұрсәт шағынауданындағы №130 көпқабатты үйдің тұрғындарының мәселесін тыңдауға қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов арнайы барды. Халық қалаулысына базынасын айтқан тұрғындар көпқабатты үй апатты жағдайда екенін жеткізді. №130 үйдің тұрғыны Халида Тасболатқызының айтуынша, аталған 9 қабатты үйге әлеуметтік осал топтағы жандар 2014 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында қоныстанған. Көпбалалы аналар мен тұл жетімдер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ...

Читать далее »

Азия чемпионаты: ел қоржынында – бір алтын, бір күміс жүлде

Кеше Шымкент қаласында нысана көздеуден Азия біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір алтын, бір күміс жүлде жеңіп алды. Ересектер арасында он метрге пневматикалық тапаншамен ату жаттығуында отандасымыз Эльдар Иманқұлов жеңіске жетті. Оның еншісінде – 235.1 ұпай. Екінші орында Сауд Арабиясының өкілі Софар Мохамммад Алдосари, үшінші орында таиландтық Ноппадон Сутвирух.   Жастар арасында тапаншамен он метрге нысана көздеуден тағы ...

Читать далее »

Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда

Биылғы жылы Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылды. Аталған жобаға 29 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.   Жұмыспен қамту орталығы жұмыс ...

Читать далее »

Шымкенттегі «Казмедприбор» ЖШС күніне 20 ӨЖЖ аппаратын шығарады

Елімізде медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорынның бірі «Казмедприбор» ЖШС Шымкентте орналасқан. Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Жыл басынан «Казмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120 мың литрден астам дезинфекциялық заттар, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Қазіргі таңда мекемеде 100-ге тарта қызметкер жұмыс істейді.   Шымкентте індеттің ықтимал толқынына дайындық мақсатында кәсіпорын өкпені ...

Читать далее »

Шымкентте алдағы жылдары мың төсек орындық аурухана салынады

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды айтты. Осы бағытта Шымкент қаласында 2025 жылға дейін мың төсек орындық аурухана салынады. Сонымен бірге 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Қала орталығынан шалғайда орналасқан аумақтарда он екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. Бүгінде отыз алты медициналық ұйымның материалдық ...

Читать далее »

Аулалар қоқыстан тазартылды

Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Атап айтқанда, 15, 16, 17, 18, Күншығыс, Теріскей шағынаудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, ирригациялық арықтары, балалар алаңшалары, қоқыс жәшіктері және шағынауданның ішкі орам жолдары, сонымен бірге жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды. Аталған жұмыстарға «ЛТД Тұрмыс» ЖШС және «Боракбаев» ЖК мекемелерінің 105 жұмысшысы, 5 — ГАЗ-53 ...

Читать далее »

Жастар практикасы — жастарға еңбек жолын ашады

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы» бағыты бойынша жұмысқа орналасқандардың бірі — Валерия Полукчи. Шымкенттік жас биылғы жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Кәсіпкерлік экономика құқығы саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқу бітіріп, қолына диплом алған жас маман шілде айында Шымкент қаласының полиция департаментіне жастар практикасымен 6 ай мерзімге жолданып, қазіргі таңда тәжірибе жинақтауда. Жалпы, «Жастар практикасы» бағдарламасы жоғары оқу орындары ...

Читать далее »

Тәулік бойы қызмет ететін стоматологиялық емхана

Шымкенттегі қалалық стоматологиялық емхана — тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне сәйкес 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге арналған арнайы стоматологиялық көмек көрсететін қаладағы жалғыз мемлекеттік мекеме. Емханада балаларға арналған арнайы стоматологиялық көмектің барлық түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ: нанотехнологиялық әдістер, 4-6 буынның бітеме материалдары мен заманауи эндодонтиялық әдістер қолданылады. Сонымен қатар, тісті жұлу кезінде жаңа анестетиктерді пайдалану арқылы ауыртпай ...

Читать далее »

Шымкентте ауыз су бұрқақтары іске қосылады

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында тың жобалар қолға алынбақ. Соның бірі – қала тұрғындары тегін су іше алатын су бұрқақтары болмақ. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев әлеуметтік желіде тұрғындармен тікелей байланыс барысында мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, шөл басатын құрылғыларды адам көп шоғырланған 15 орынға орнату жоспарлануда. Бұл жоба демеушілердің қолдауымен жүзеге асырылады. – Су бұрқақтары қаламыздағы көпшілік орындарға орнатылады. Яғни, ірі ...

Читать далее »

ЭЦҚ – ны шетелде де алуға болады

Бұған дейін шетелде жүрген қазақстандықтарда ЭЦҚ алу мүмкін болмаса, енді елден тыс жерде тұратын отандастарымыз ЭЦҚ-ны алу үшін елшілікке немесе консулдыққа жүгіне алады. Ол үшін: — компьютерге NCALayer бағдарламасын орнату; — www.pki.gov.kz порталында «жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ» алуға өтінім беру; — жеке ЖСН нөмірін енгізіп, тиісті жолдарды толтыру қажет. Бұдан кейін консулдыққа барып, сайтта өтініш берген соң қалыптастырылған анықтама мен ...

Читать далее »

Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионатың ашылу салтанаты өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында нысана көздеуден ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді. 10-20 қыркүйек аралығына жоспарланған құрлықтық турнир Азия ату конфедерациясы мен Қазақстан спорттық ату федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Азия чемпионатына 11 мемлекеттен 160 спортшы қатысуда. Атап айтар болсақ, Шымкент төрінде Бахрейн, Индонезия, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Пәкістан, Катар, Таиланд, БАӘ, Өзбекстаннан, жалпы 120-дан астам спортшы ...

Читать далее »

Тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылады

Тұрғын үй сертификатына өтінімдер қабылдау ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінен бастап уақытша тоқтатылады. Шымкент қаласында бастапқы жарнаға көмек ретінде берілетін тұрғын үй сертификатын беру ағымдағы жылдың 26 шілдесінен басталып бүгінгі күнге дейін 551 азаматтан өтінім қабылданды. Оның ішінде 105 азамат тұрғын үй сертификатының иегері атанып, мемлекеттік көмекке ие болды. Ал 340 өтінім тұрғын үй сертификатын берудің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бас ...

Читать далее »