Шымкентте тұрғындардың 86,1 пайызы вакциналанды

Шымкентте 13 қыркүйек күні КВИ-дің тоқсан тоғыз  жағдайы тіркелді (белгілері бар – сексен бес, белгілері жоқ – он төрт). Алпыс адам инфекциялық стационарға жатқызылып, отыз тоғыз адам үй бақылауына алынды.
 
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 183 орын бар, төсек орын толымдығы 36%-ды құрайды, мың үш жүз тоқсан бір төсек орын бос. Инфекциялық стационарда жеті жүз тоқсан бір науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – үш жүз тоқсан үш төсек орын бар, жүз елу сегіз науқас ем қабылдауда.
 
Бір тәулік ішінде қалада 6239 адам вакцина алды
(I компонент-4334, II компонент-1905). Егу науқаны басталғалы барлығы 463 001 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 387 478 адам вакцинаның екі компонентін алды. Бұл екпе алуға болатын санаттағылардың 86,1 пайызын құрайды.