Түркістан облысы

Түркістанда қаламгерлермен жыл соңына дейін 20 әдеби кездесу өтеді

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бір топ қаламгермен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, сыншы Әрмиябек Айт, Филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы, ақын, халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, «Turkistan Media Holding» ЖШС-ның басқарушы директоры, журналист Тельман Бейсен ...

Читать далее »

Несиесі төлеу үшін «мемлекеттен ақша алып беремін» деп алдаған

Түркістан облысында өз несиесін төлеу үшін мемлекеттен ақша алып беремін деп тұрғынды алдап, 5 миллион теңгеден астам ақшаны қалтасына басқан әйел ұсталды,–деп хабарлайды Түркістан облысының Полиция департаменті. Жетісай аудандық полиция бөліміне 3 бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуларынша, таныстары кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп уәде беріп, 5 миллион теңгеден астам ақша алып, қайтармаған. Содан әр жәбірленушіден қомақты ...

Читать далее »

Түркістанда жас сарбаздар арасында «Біз жауынгер» сайысы өтті

Түркістанда жас сарбаздар арасында өткен «Біз жауынгер» атты сайысының жеңімпаздары анықталды. Аталған сайысты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырған. Сайыс 14-15 қазан күндері аралығында Түлкібас ауданы, «Машат Арасан» лагерінде өтті. Жарысқа қатысушылар алғашқы күні пневматикалық винтовкадан ату жаттығуларын орындау, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағын кигізу және газқағарды кию және ...

Читать далее »

Түркістандық ерекше балалар спортпен айналысуға мүмкіндік алды

Енді еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледжде оқитын тірек-қимыл жүйесі бұзылған I, II және III топтағы ерекше балалардың өздеріне ыңғайлы параолимпиадалық спорт түрімен айналысуларына мүмкіндіктері бар. Түркістан облысы, Кентау қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ және «Эко Атамекен» ҚБ бірлесіп алғаш рет бейімделген спорт бойынша бочча секциясын ашты. Бүгінде еліміздің 21 ...

Читать далее »

Келестік шаруа тропикалық жемістерді жерсіндіруде

Келес ауданындағы «Нұржан» шаруа қожалығының төрағасы Нұржан Умаров жылыжайда тропикалық жемістерді жерсіндіруді қолға алды. Ол шет мемлекеттерге жасаған сапары барысында сол аймақтағы өсімдіктердің тұқымын алып, өз жылыжайында сынақтан өткізуді әдетке айналдырғанын тілге тиек етті. – 2006 жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысып келемін. Бүгінде 5,6 гектар аумақтағы жылыжай кешенінде 60-қа жуық азамат еңбектенеді. Жыл он екі ай елімізге көкөніс өнімдерін жеткізумен ...

Читать далее »

Түркістан облысындағы денсаулық сақтау нысандарының құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау нысандарын жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету тапсырмасы аясында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы 4 аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, республикалық бюджеттен қажетті қаражат қаралды. Аталған мекемелерді материалдық-техникалық базамен және медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз ету де қарастырылады. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сарығаш ауданына арнайы барып, ...

Читать далее »

Шетелдік инвесторлар Кентауда трактор құрыстырып шығармақ

Түркістан облысынан жұмыс сапарымен Қытай мемлекетіне барған делегаттар жергілікті ірі инвесторлармен келіссөздер жүргізуде. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бастаған делегация TOO «BNK Group LTD» компаниясының «RAGNAR», «YTO», «LUTONG» маркалы тракторлар шығаратын зауыттарына барды. Онда өндірушілермен бірлескен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыратын бірлескен зауыт салу мәселесі де қозғалды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Читать далее »

Кентаулықтар қала күнін атап өтті

Кентауда қала күніне орай «Жаса, жайна ару қалам – Кентауым» атты салтанатты шарасы өтті. Мереке аясында 20-ға жуық маңызды шара ұйымдастырылып, Ынтымақ алаңында кентаулық өнерпаздардың қатысуымен өткен концертпен қорытындыланды. Салтанатты шараны Кентау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Искаков пен қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов ашып берді. – Кентау қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы жылдар аралығында қаланың басынан көптеген жағдайлар ...

Читать далее »

«Жаңарған жер, бақ қонған ел –Түркістан!» мерекелік концерті өтті (видео)

Түркістанда жаңадан ашылған «Мұз сарайы» алдындағы ашық алаңда «Жаңарған жер, бақ қонған ел –Түркістан!» атты мерекелік концерті өтті. Бес жылдық белеске арналған кешке облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарды құттықтады. – Баршаңызды Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуымен шын жүрекпен құттықтаймын! Осы мерекеге арналған бүгінгі өнер кеші – қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту болғалы тұр. ...

Читать далее »

Халық Жолдауды қолдайды

2023 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы үш жыл мерзімдік уақытта Үкімет тарапынан жүзеге асырылуға тиіс тапсырылмаларды атап өтті: Отандық өнім өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, сатып алу үрдісін оңтайландырып «баға емес, сапа» қағидатына ...

Читать далее »

Жолдау-дамудың даңғыл жолы

1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Маңызды мәселелер жүктелген жолдау болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі » Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында ауыл шаруашылығын ғылымға сүйеніп дамытпаса, тоқырауға ұшырайтынын айтты. «Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы ...

Читать далее »

Түркістан облысының үздік шахматшылары анықталды

Түркістан қаласында «Шахмат керуені» өз мәресіне жетті. Еліміздің әрбір өңірін аралап, үздіктерді анықтауды көздеген жобаның киелі шаһардағы сайысында 20 шахматшы бақ сынады. Нәтижесінде 52 жастағы Нартай Ердіханов жүлделі І орын тұғырынан көрінді. Ол 40 жылға жуық уақыт шахматпен айналысқан. ІІ орын жүлдегері атанған Әселай Сейдулла 10 сыныпта оқиды. Ал ІІІ орынды иеленген Сман Мүтәлиев 30 жыл үзілістен кейін шахмат тақтасын ...

Читать далее »

50-ге жуық адамның қалтасын қаққан құрбы қыздар ұсталды

50-ге жуық қазақстандықты 40 млн теңгеге алдаған алаяқтар Шымкентте ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медия-порталы. Екі құрбы өз құрбандарын мобильді банкинг арқылы тауарлай несие алуға және төлем жасау үшін оларға жеке деректерін беруге көндірген. Сондай-ақ күдіктілер белгілі бір схема арқылы қарыз сомасын бонустармен бірге шотқа екі апта ішінде қайтара алатынына сендірген. Сатып алу үшін қажетті кодтарды білгеннен кейін, олар ...

Читать далее »

Түркістанда Октябрь Жарылқапов атындағы стадион жаңартылып, пайдалануға берілді

Түркістан қаласында Октябрь Жарылқапов атындағы стадион толық жөндеуден өткізіліп, жаңаша үлгіде жаңартылды. Стадионның ашылу салтанатына қала тұрғындары, ел ақсақалдары, спортшылар қатысты. Даңқты волейбол бапкері туралы көрініс көрсетіліп, стадионның тарихы туралы мәлімет берілді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұртшылықты жаңа стадионның ашылуымен құттықтады. – Денсаулығы мықты, бәсекеге қабілетті ұлтқа айналу үшін бұқаралық спортты дамыту аса маңызды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ...

Читать далее »

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында республикалық форум өтеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында балық шаруашылығын дамыту және инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар атқаруды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына тапсырған болатын. Осы орайда басқарма басшысы Қайрат Абдуалиев Алматы облысының Абай, Нарынқол және Еңбекшіқазақ аудандарына арнайы іссапармен барды. Сапар барысында Алматы облысындағы «Балық мектебінің» директоры Марлен Тұрсынәлімен кездесіп, балық өсіру шаруашылықтарымен тәжірбие алмасу ...

Читать далее »

Аудан әкімдерінің сайлауына 30 кандидат ұсынылған

Түркістан облысында биыл 5 қараша күні аудан әкімдерінің сайлауы Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ және Шардара аудандарында өтеді. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сай аудан әкіміне кандидатты ұсыну 2023 жылдың 16 — қыркүйегінен басталып, 5 қазан күні аяқталды. Жалпы аудан әкімдерінің сайлауына 30 кандидат ұсынылды. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев мәлімдеді. — Ұсынылған кандидаттардың 9-ы (30%) — саяси ...

Читать далее »

Түркістанда «Ұстазыма мың алғыс» мерекелік іс-шарасында облыс ұстаздарына құрмет көрсетілді

Бүгін Түркістанда ұстаздар құрметіне арналған салтанатты жиын өтті. Оған облыстың үздік деп танылған 300-ге жуық педагогы қатысты. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, мұғалімдерді төл мерекелерімен құттықтады. – Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы білім саласын дамытуды тапсырды. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Ұстаздардың айлық жалақысы тұрақты түрде өсуде. Ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын жою мақсатында облыста ...

Читать далее »

Түркістан облысының әкімі үкіметтік емес ұйымдарды бірлесе жұмыс істеуге шақырды

Түркістанда «Азаматтық сектордың ұлттық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде, отбасылық және гендерлік саясаттың принциптері мен тәсілдерін жүзеге асырудағы рөлі» тақырыбында облыстық ХІ азаматтық форумы өтті. Алдымен көпшілікке әлеуметтік идеялар және жобалар жәрмеңкесі ұсынылды. Үздік жобалар таныстырылды. Маңызды жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 40-тан аса үкіметтік емес ұйымның басын біріктірген «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығын 20 жылдық мерекесімен ...

Читать далее »

АЭС жобасы: Неден ұтып, неден ұтыламыз?

Президент жолдауында «Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден құқымыз бар. Қазақстанда АЭС салуға көпшілік қарсылық білдіруде. Себебі өте зиян дейді. Ал жыл сайын электр энергиясы мен жылу алу үшін жанып жатқан көмір мен мұнайдың қаншалықты ...

Читать далее »

Жолдау-2023: Қазақстанды IT-елге айналдыру – міндет

Уақытты бағындыру мүмкін еместігін білеміз. Бірақ өз уақытымызға иелік ете аламыз. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың арқасында адамдар күнделікті тұрмысын өз уақыты мен ыңғайына икемдеуге әуес. Инновациялардың көмегімен күрделі іскерлік операцияларды жүзеге асыру үшін уақыт тығыздығы, жер қашықтығы деген ұғымдар кедергі болудан қалып бара жатқаны да рас. Осы ретте IT саласының мамандарын көптеп даярлау, оларды қолдау уақыт талабы болып отыр. Мемлекет басшысы цифрландыру ...

Читать далее »