Сауран ауданында 20 жиналмалы бассейн орнатылуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран ауданында 20 жиналмалы бассейн орнатылуда

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен ауданда орналасқан білім ошақтарында демеушілер тарапынан жаңа 20 дана жиналмалы бассейндер орнатылуда,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тың жобаның негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін сақтай отырып, жазғы демалыста оқушылардың уақытын тиімді пайдалану. Ағын су қауіпінен болатын оқыс оқиғалардың алдын алып, бала өміріне араша түсу.

Жазғы маусымда оқушылар көп уақытын сыртта өткізеді. Әйтсе де көптеген қайғылы оқиға да сыртта, оның ішінде су айдындарында орын алып жатады. Сондықтан аудан басшысы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Биыл Сауран ауданында 23 364 оқушының жазғы демалысы басталады. Оның 1451-і 11-сынып түлегі. Бастауыш сынып оқитын жастар үшін мектеп жанындағы лагерлер 3 ауысымда жұмыс істейді. Онда 9666 бала қамтылды. Қазіргі таңда 1 ауысым жұмысына 3150 бала баруда. Мыңнан астам оқушылар қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. Сонымен қатар, ауыл мектептерінен 150 оқушы «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен демалады. 1 маусым күні 50 бала аталмыш қор арқылы сауықтыру лагерлеріне барады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...