Сауран: Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталды

Аудан орталығы Шорнақта үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталды. Азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында 3 қабатты 3 тұрғын үй бой көтермек. Заманауи тұрғын үй кешенін 2024 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, пәтер ауданы 1264 шаршы метрді құрайды. 3 тұрғын үй кешенінде 72 пәтер болады. Онда 1 бөлмелі – 6 пәтер (35,34 м²), 2 бөлмелі – 12 пәтер (52,33 және 52,91 м²) және 3 бөлмелі – 6 пәтер (70,14 м²) салынады. Тұрғын үй кешені Шорнақтың баспана қорын толықтырып қана қоймай, аудан орталығының келбетіне көрік сыйлап тұрмақ. Жобаны іске асыру мүмкіндіі инвестор: «Грандстрой Компаниясы» ЖШС жүзеге асырмақ.

Бүгінгі таңда ауданда 1 198 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бюджеттік мекемелерде қызмет жасайтын 358 азамат өзге аудан және қалалардан келіп жұмыс жасайды. Ауданның әкімшілік іскерлік орталығынан 38 гектар жер бөлінген. Бүгінгі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция бөлімі және аумақтық органдары ғимараттарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...