Сенат депутаттары Ордабасы ауданының өндіріс орындарының жұмысымен танысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Сенат депутаттары Ордабасы ауданының өндіріс орындарының жұмысымен танысты

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Әлішер Сатыбалдиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Іссапар барысында Сенат депутаттары Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовпен және облыстық мәслихат депутаттары Дулат Әбішпен, Ғани Райымбековпен және аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге Ордабасы ауданындағы бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Атап айтқанда, халық қалаулылары «KAZ KIOTI» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін зауытының жұмысымен танысты. Ордабасы ауданының Ақбұлақ ауылында орналасқан зауыттың жылына 2000 дана техника шығаруға қауқарлы. 2015 жылы салынған зауыт «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Кәсіпорында 50 адам қызмет етеді. Бүгінде Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары. Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт трактордың 5 түрін жинап шығаруда.

Сонымен қатар, депутаттар «Central Asia Aluminum company» алюминий профильдерін шығаратын зауыттың өндірістік әлеуетімен танысты. Кәсіпорынның жылдық өндірістік әлеуеті 20 мың тоннаны құрайды. Зауытта 200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндірілген өнімнің басым бөлігі экспортқа бағытталған. Қазіргі заман талаптарына сай салынған зауытта құрылыс жұмыстары жоғары сапада атқарылып, озық технологиялар енгізілген.

Одан бөлек, халық қалаулылары Бадам ауылында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңірді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Басқосуда әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту бағытында өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту мәселелері көтерілді.

Айта кетсек, облыста жүйелі жұмыстар жүргізіліп, индустриялық дамудың оң үрдістері нақты көрініс табуда. Өткен жылы өңірімізде инвестиция тарту нәтижесінде ірі зауыттар ашылып, терең өңдеу саласында үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...