Түркістан облысы

Арыста биыл 26 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Арыс қаласында инвесторларды тарту арқылы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жолға қойылған. Биылғы жылы жалпы құны 29,5 млрд теңгені құрайтын 26 инвестициялық жобаны қолға алып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. 2024 жылы өнеркәсіп өнімдерін арттыру мақсатында жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық жоба іске асырылып, 593 жұмыс орны құрылған. Бұл жайында Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев ...

Читать далее »

Арыста биыл 600 орындық жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Арыс қаласында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Заман талабына сай бой көтеріп жатқан нысан жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды қабылдауға әзір. Нысандағы атқарылып жатқан жұмыстармен Түркістан облысының БАҚ өкілдері шаһар аумағында өткен баспасөз-тур барысында танысты. Жобаға сәйкес, білім ордасында екі спорт зал, кең көлемдегі акт залы, кітапхана, мәжіліс залдары, пәндік кабинеттер, зертханалар, шеберханалар мен ...

Читать далее »

Түркістан әкімі құрылыс саласы мердігер мекемелерін сынға алды

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен пайдаланудағы көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Кездесуге құрылыс, сәулет және құрылыс сапасын бақылау мамандары, сондай-ақ қала аумағында жұмыс атқарып жатқан бірқатар мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Жиын барысында қала басшысы тұрғындар тарапынан түскен арыз — шағымдар мен аралау барысында анықталған кемшіліктерді негізге ала отырып, тұрғын үй құрылыс сапасына қатысты сын-ескертпелер айтты. ...

Читать далее »

Байқауға қатысуға шақырамыз

Түркістан қаласында «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі бойында орналасқан көпірде сурет салуға арналған арнайы алаңдар бар. Осы алаңдарға Түркістан қаласының тарихи-мәдени болмысы мен рухани келбетін бейнелейтін суреттерді салу мақсатында республикалық конкурс жарияланады. Байқауға қатысушылар Түркістан қаласының тарихи, мәдени және рухани болмысын бейнелейтін тақырыпта сурет салуы тиіс. Шығармалар Түркістанның ұлттық нақышын, мәдени мұрасын немесе заманауи келбетін көркем түрде ...

Читать далее »

Нұралхан Көшеров бастаған Түркістан облысының делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және іскерлік делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Делегация сапар барысында шетелдік инвестицияларды тарту және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында қытайлық ірі компаниялармен екіжақты кездесулер өткізеді, сондай-ақ бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылады. Бұл келісімдер өңір экономикасын дамытуға, инвестициялық әріптестікті нығайтуға, заманауи өндіріс ошақтарын ашу арқылы өңір халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Аймақ басшысы ...

Читать далее »

Шегірткелер экономикалық зиянды шегіне жетпейтін алқаптарды тазалау жалғасуда

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жұмыс жоспарына сәйкес, Келес ауданында кезекті штаб мәжілісін өткізді. Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы бүгінгі таңда нақты 703,0 мың гектар дәріленген. Оның 367,7 мың гектары жоспарға сай жүзеге асса, 335,2 мың гектарында қосымша анықталған алқаптар бойынша жұмыс демеушілерді ұйымдастыру арқылы атқарылды. Бақылаушылар негізгі ошақтардың жойылғанын, ендігі кезекте экономикалық зиянды шегіне жетпейтін алқаптарды ...

Читать далее »

Түркістанда Мұхтархан Ділдәбеков атындағы халықаралық бокс турнирі басталды

Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, ҚР Бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Қобыланбекұлы Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIII халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп және Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы жас спортшыларға ...

Читать далее »

Мемлекеттік ту тұғырымыз

Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбынды. Бұл рәміздер аңсап жеткен тәуелсіздігіміздің төлқұжаты. Бүгін аудан орталығы Темірлан аймағындағы мемлекеттік туымыз орнатылған Қарауылтөбе биігінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай, арнайы «ту көтеру» рәсімі өтті. Мерекелік шара әрбір қазақ азаматын «кең байтақ жеріне», «бірлігі жарасқан тәуелсіз еліне» деген мақтаныш сезімге бөлейтін мемлекеттік Әнұранмен ашылып, ел ағалары құттықтау лебізін жеткізіп, әскери ...

Читать далее »

Түркістанда мемлекеттік рәміздер ұлықталды

Түркістанда 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Рәміздер алаңында» тұғырлы көк байрағымыз көкке көтеріліп, Әнұран шырқалған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік орган басшылары, зиялы қауым, белгілі спортшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. – 1992 жылы Мемлекеттік рәміздер бекітіліп, 4 маусым – айтулы күндер қатарына ...

Читать далее »

Ордабасы ауданы — инвесторлар үшін тартымды өңір!

Ауданымызда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау — басты назарда! Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов тиісті сала қызметкерлерімен жаңа инвестициялық жобалардың іске асуы жолындағы өзекті мәселелерді талқылады. 2025–2026 жылдары іске асуы жоспарланған жобалар: ➖«Tendence» ЖШС — 25 млн АҚШ долларын құрайтын жеңіл тікұшақ құрастыру зауыты; ➖«QazGarden» ӘКК — 400 млн тг көлеміндегі жеміс-жидектерді өңдеу жобасы; ➖«Южтехкострой» ЖШС — 6,4 ...

Читать далее »

Түркістанда Шауғар тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті көшпелі кездесу аясында Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысы және сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Қала әкімі тұрғындарға алдағы кезеңге жоспарланған жобаларды таныстырып, әрбір тұрғынның сауалына жеке-жеке жауап берді. Алдыңғы кездесулерде Шауғар секторына қатысты 28 мәселе тіркеліп, оның 17-сі орындалса, 11 ...

Читать далее »

Түркістан қаласы, Сауран секторында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүзеге асырылады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі кезекті көшпелі кездесулер аясында Әзімбек Пазылбекұлы Сауран секторының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы 2024 жылы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысы және сектор аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жобалармен таныстырып, тұрғындармен ашық диалог орнатты. Жиын барысында жергілікті тұрғындар жол сапасы мен қауіпсіздігі, тұрғын үй аулаларының тазалығы, ойын алаңшалары мен ...

Читать далее »

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жергілікті тұрғындар тарапынан инфрақұрылым жүйелерін дамыту және жол мәселелері көтерілді. Бірлік секторы бойынша алдыңғы кездесуде 21 мәселе тіркеліп, оның 12-сі шешімін тапса, 9 мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. ...

Читать далее »

Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесуі басталды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында қала әкімі сектор аумағында атқарылған жұмыстар мен 2024 жылы көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жобалармен таныстырды. Жергілікті тұрғындар кәріз желілері мен жол сапасы, қоғамдық көлік қатынасы, жарықтандыру және интернет қолжетімділігі секілді өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын ...

Читать далее »

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отыр

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жанданады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиналыста осы мәселе талқыланды. Облыс әкімі балық шаруашылығын дамытып, өнімділік пен эскпорттық әлеуетті арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. — Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша бекітілген межені орындау бағытында балық өсіру көлемін арттыруды тапсырамын. Бұл бағытта жұмысты ширатыңыздар. Балық өнімі көлемін арттыруға мүмкіндік бар деп ойлаймын. ...

Читать далее »

Түркістанда биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, 348 пәтер өз иесін тапты. Бұдан бөлек, несие жүйесімен 2025 жылы жалпы 2 082 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. «Бүгінгі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны – 17 058. Оның 6 487-сі – әлсіз топ мүшелері болса, ...

Читать далее »

7 ауданның шаруалары Ордабасыда бас қосты

«Бөген» су қоймасында өткен келелі кеңеске облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты. Биылғы ауа райының қолайсыздығы диқандарға зиянын тигізбес үшін ағын суды пайдалануда ортақ келісім мен тәртіп маңызды. Бүгінгі басқосуға жиналғандар осы мәселе төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Еңбек ардагерлері тәжірибелерімен бөліссе, мамандар шаруаларды бар суды барынша тиімді пайдалануға шақырды. «Бөген» су қоймасы ...

Читать далее »

Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу технологияларын енгізу су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес суармалы жерлердің көлемін ұлғайту аясында облыста қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. 2030 жылға қарай өңірде су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Биылға 27 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын ...

Читать далее »

Жаңа зауыттар бой көтереді

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібінде облыста жаңадан іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы және өзекті мәселелері баяндалды. Облыс әкімі салаға жауапты басшыларға жұмысты жеделдетуді, өндіріс орындарын көбейтуді, жобаларды сүйемелдеуді тапсырды. – Бүгінгі инвестициялық штаб отырысында маңызды мәселелер қаралуда. Біз әрбір жобаның іске асырылу барысын мұқият қадағалап, туындайтын мәселелерді шешуге қолдау көрсетеміз. Аудан, ...

Читать далее »

Өңір әлеуетін индустриалды аймақтар көтереді

Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында облысымызда 14 индустриалды аймақ ашылған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруде. Мақсат – өндіріс орындарын көбейту. Биылдың өзінде облыста аумағы 744 гектарды құрайтын жаңа 5 аймақ құрылды. Атап айтсақ, «Жетісай» индустриалды аймағы – 59 гектар, «Отырар» индустриалды аймағы – 85 гектар, «Арыс» индустриалды аймағы – 30 гектар, «Қарамұрт» индустриалды аймағы – 523,9 ...

Читать далее »