Шегірткелер экономикалық зиянды шегіне жетпейтін алқаптарды тазалау жалғасуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шегірткелер экономикалық зиянды шегіне жетпейтін алқаптарды тазалау жалғасуда

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жұмыс жоспарына сәйкес, Келес ауданында кезекті штаб мәжілісін өткізді.

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы бүгінгі таңда нақты 703,0 мың гектар дәріленген. Оның 367,7 мың гектары жоспарға сай жүзеге асса, 335,2 мың гектарында қосымша анықталған алқаптар бойынша жұмыс демеушілерді ұйымдастыру арқылы атқарылды.

Бақылаушылар негізгі ошақтардың жойылғанын, ендігі кезекте экономикалық зиянды шегіне жетпейтін алқаптарды тазалау жалғасып жатқанын баяндады. Арыстағы Қожатоғай ауыл округінде Басқарбек шаруашылығының аймағы, Сарыағаш ауданында Әлімтау, Жылға, Дарбаза ауыл округтерінің белгіленген аймақтары, Келесте Жиделі ауылының жайылым жерлері, Ақтөбе, Жамбыл ауыл округтерінің белгіленген аймақтары күнделікті қадағаланып, қажеттілігіне қарай химиялық өңдеу жүргізілуде. Бәйдібек ауданының Жамбыл облысы, Сарысу ауданымен шекаралас алқаптарында кезекші техникалар жұмыс атқаруда. Анықтаушылар мониторинг нәтижесімен жалпы 437 гектар аймақты залалсыздандыруға ұсынды.

Облыс әкімінің орынбасары аудандарда анықтаушылардың қатарын толықтыруды тапсырды. Техникалардың кезекшілігі тұрақты қадағалауда болатынын ескертті. Сондай-ақ, жауаптыларға көршілес Өзбекстанмен шектесетін аймақтарды күнделікті бақылауды, зерделеу нәтижесінің есебін күнделікті тапсыруды жүктеді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...