Түркістан облысы

Сайрамда жалпыхалықтық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл — туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық белсенділіктің нақты көрінісі. Аталған бағыттағы жұмыстар ...

Читать далее »

Түркістанда коммуналдық сала өкілдеріне жаңа техникалар тапсырылып, еңбек адамдары марапатталды

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай және «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында шаһардағы коммуналдық сала өкілдеріне арнайы техникалар тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жұмысшы мамандардық иелері, еңбек адамдарын марапаттап, құрмет көрсетті. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама – еліміздің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға ...

Читать далее »

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Бүгін Түркістан қаласында инфрақұрылымдық және коммуналдық қызмет сапасын арттыру мақсатында жаңа арнайы техникаларды табыстау рәсімі өтті. Іс-шара барысында қалаға жеткізілген 21 жаңа техника коммуналдық мекемелерге тапсырылуға дайын. Бұл техникалар – 2025 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде алынған 29 бірлік техниканың алғашқы бөлігі. Қалған 8 техника (оның ішінде газель, манипулятор, автовышка, КамАЗ, 3/1 трактор) жинақталып жатыр. Тапсыруға дайын техникалар ...

Читать далее »

Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді

Түркістан облысында халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытында нақты жобалар іске асырылып жатыр. Жаңа тұрғын үй кешендері бой көтеріп, кезекте тұрған отбасылар баспаналармен қамтамасыз етілуде. Бүгін Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде үйлердің кезекті құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығы тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, 84 отбасына баспана кілттерін табыстады. – Сіздерді келе жатқан Ұлттық домбыра ...

Читать далее »

Ордабасы: Өнеркәсіп саласында ірі инвестициялық жоба іске асады

Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарына сәйкес өңір басшысы жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өнеркәсіп саласын күшейтуді тапсырған болатын. Осы орайда ауданымызда кезекті бірнеше маңызды жобалар жүзеге аспақ. Атап айтқанда, мал жүнін бастапқы өңдеу және қазақы нақыштағы кілем тоқу жобасы қолға алынуда. Аталған жоба үшін аудан аумағынан 1 гектар жер телімі қарастырылған. Сонымен қатар, ауданда жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске ...

Читать далее »

Ордабасы ауданыңда ірі жобалар таныстырылып, брифинг өтті

Бүгін ауданымызда маңызды әрі мазмұнды брифинг ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімдігі, БАҚ өкілдері инвесторлар және кәсіпкерлер қатысып, өңірдегі бірқатар ірі жобалар кеңінен таныстырылды. Іс-шара барысында қонақтар аудан экономикасына серпін беріп жатқан бірқатар маңызды нысандардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту және жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтың тұрақты дамуына серпін беруге бағытталған нақты қадамдар айтылды. Алдымен, Бадам ауыл округінде ...

Читать далее »

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын енгізуге басымдық берілген

Түркістанда ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен ағын суға қатысты мәселелер талқыланған мәжіліс өтті. Облыс аумағындағы вегетациялық маусымның өту барысы қаралып, су үнемдеу технологияларын енгізу жолдары айтылды. Мәжілісті Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жүргізіп отырды. Министр су саласына қатысты өзгерістер мен бастамалар туралы баяндады. – 10 маусымнан бастап жаңа Су кодексі күшіне енді. Біраз өзгерістер бар. Оның ...

Читать далее »

Түркістан облысында 76 шақырымнан астам канал бетондалды (видео)

Түркістан облысының Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын 13 каналға реконструкция жасалды. Оның ішінде 76,3 шақырымы бетондалды, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты. Бүгінде каналда әрлеу және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Реконструкция жұмыстарының нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп, аудандағы жалпы суармалы алқап көлемі 16 832 гектарға ...

Читать далее »

Домбыра – үнсіз ойнайтын актер

Домбыра – сахнаны қажет етпейтін, бірақ өзі тұнып тұрған драма. Ол – қазақтың шынайы эмоциясы, тоқтаусыз толқыны. Бірде – шерлі трагедия, бірде – лирикалық роман, бірде – сал-серінің комедиясы. Мен үшін домбыра – сөзсіз сахна. Оның үнімен бүкіл спектакльді ойнап шығуға болады. Ол – кейіпкер де, автор да, режиссер де. Қазақтың жүрегінен шыққан күй – көзсіз эмоция емес, жоғары көркемдік ...

Читать далее »

Домбыра — тек аспап емес, ұлттың үні, тарихтың ізі

Ұлттық домбыра күні – ата-бабадан қалған асыл мұраны ұлықтайтын ерекше күн. Домбыраның қос ішегінен төгілген әр үн – шежіре, күй – ұрпаққа жол сілтер үнсіз мұғалім. Бұл – қазақ болмысының, рухының айнасы. Бүгін әр шаңырақта домбыра үні естілсін. Күй тыңдап, күй шертіп, рухани тамырымызды қайта сезінейік. Домбыра – бір күн емес, әр күн естіліп тұруы керек. Ұлттық домбыра күні – ...

Читать далее »

Ұлттық домбыра күні – мәдениет пен руханияттың ұлы мейрамы

Ұлттық домбыра күні – халқымыздың терең тарихы мен бай руханиятын дәріптейтін маңызды мереке. Бұл күн – ата-бабадан жеткен күй өнерін ұлықтап, оны бүгінгі ұрпаққа аманаттау жолындағы игі бастама. Домбыра – қазақ халқының төл мұрасы, ұлттық болмысымыздың айнасы. Оның әрбір үні – шежіре, әрбір пернесі – тағылым. Күй арқылы ел басынан өткен қилы кезеңдер, елдік пен ерлік, махаббат пен мұң көркем ...

Читать далее »

Ұлттық домбыра күні – мәдениеттің мәңгілік коды

Шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Бұл күн – тек бір аспапты дәріптеу ғана емес, ұлттың рухани жадын, тарихи тамырын, көркемдік танымын жаңғыртатын маңызды дата. Домбыра – жай аспап емес, ұлттың үні. Ол – Дала философиясы, жыраулардың жадындағы шежіре, көкірекпен жазылған күй, тектіліктің темірқазығы. Ғасырлар бойы домбыра қазақпен бірге жасап, елмен бірге еңселеніп келеді. Оның күмбірі – бабалардың аманаты.Қазақ ...

Читать далее »

Ұлттық домбыра күні – ұрпақ пен ұлттың сабақтастығы

Жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні кеңінен аталып өтеді. Бұл – халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтап, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды күн. Домбыра – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан төл өнерінің, тарихи жады мен рухани биігінің көрінісі. Күй өнері арқылы ата-бабаларымыз өз дәуірінің тағдырлы сәттерін, өмірлік философиясын, елдік мұраттарын жеткізді. Әр күйде – ...

Читать далее »

Түркістанда тоқыма-мата өндірістік базасын салу бойынша келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысында мақта және тоқыма кластерін дамыту жолға қойылған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік ірі компанияның бас директорымен кездесіп, мата өндіру, киім тігу саласында инвестициялық жобаны жүзеге асыру жайын жан-жақты талқылады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақ басшысы өңірде мақта-тоқыма кластерін дамытуға аса басымдық берілгенін айтып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. – Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құруды ...

Читать далее »

Ауыл әкімі болу – мүмкіндік пен жауапкершілік

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайының мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауылдық округ әкімдерінің аймақтық форумы жұмысын бастады. Форум жұмысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Асхат Аймағанбетов, Темір Қырықбаев, Нұрсұлтан Байтілесов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, мәслихат депутаттары, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, ауылдық округ әкімдері, облыстық партия филиалының ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды

Түркістан облысы, Созақ ауданында «КАТКО» қазақстандық-француздық біріккен кәсіпорны» ЖШС-нің «Оңтүстік Төртқұдық» жобасы аясында жаңа уран өңдеу зауыты іске қосылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зауыттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге, «KATКО» компаниясының бас директоры Паскаль Бастьен, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, Атом энергетикасы жөніндегі мемлекеттік агенттік төрағасының орынбасары Ғұмар ...

Читать далее »

Түркістан өңірінде банан өсіп, балық бапталуда

Осы аптадан бастап Парламент өкілдерінің өңірлердегі жұмыс кездесулері басталды. Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев, Ұласбек Сәдібеков бүгін Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Парламент өкілдерінің жергілікті кәсіпкерлермен кездесулеріне «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ...

Читать далее »

«Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалына 133 жаңа техника табысталды

Түркістан облысына іссапар барысында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК Түркістан облысындағы филиалына 133 жаңа техниканың кілттерін табыстады. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев, өңір шаруалары қатысты. Бұл техникалар министрліктің бастамасымен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы алынған. Жаңартылған техника паркі өңірдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсартуға, әсіресе, суармалы кезеңде ...

Читать далее »

Түркістан: Бәйдібекте ұлттық рухты жаңғыртқан «Ауыл Live» жастар сайысы өтті

Түркістан облысының жастары ұлттық рух пен салт-дәстүрді дәріптеген ерекше сайыста бас қосты. Бәйдібекте аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған облыстық «Ауыл live» ұлттық ойындар сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – жастар арасында ұлттық салт-дәстүрлерді, қолөнер мен ұлттық ойындарды дәріптеу, қазақтың бай мәдени мұрасын таныту және ауыл өмірінің құндылығын ұғындыру арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық ...

Читать далее »

Түркістан: Созақ ауданының экономикасын әртараптандыру жолдары қаралды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Оған басқарма басшылары, аудан әкімі және өзге де жауапты тұлғалар қатысты. Өңір басшысы ауданды дамыту жұмыстарын жандандыру маңызды екеніне тоқталды. – Бүгін біз Созақ ауданын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен аудандағы өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналып отырмыз. Ауданның экономикасы уран өндірісіне тікелей тәуелді. Осыған ...

Читать далее »