Ордабасы: Өнеркәсіп саласында ірі инвестициялық жоба іске асады — Xnews — ақпарат агенттігі

Ордабасы: Өнеркәсіп саласында ірі инвестициялық жоба іске асады

Мемлекет басшысының стратегиялық жоспарына сәйкес өңір басшысы жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өнеркәсіп саласын күшейтуді тапсырған болатын. Осы орайда ауданымызда кезекті бірнеше маңызды жобалар жүзеге аспақ.

Атап айтқанда, мал жүнін бастапқы өңдеу және қазақы нақыштағы кілем тоқу жобасы қолға алынуда. Аталған жоба үшін аудан аумағынан 1 гектар жер телімі қарастырылған.

Сонымен қатар, ауданда жүзім шаруашылығын дамыту жобасын іске асыру да жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 50 гектар жер телімі белгіленген.

Аталған жобаларды жүзеге асыруға Иран Ислам Республикасынан келген шетелдік инвестор – «Талифа» ЖШС ниетті. Бұл жобаларға Қажымұқан және Қарақұм ауыл округтері аумағынан қажетті жер телімдерін бөлу мәселесі қаралып, құжаттары Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы рәсімделмек.

Аудан әкімі Азат Оралбаев шетелдік инвесторлармен арнайы кездесу өткізіп, олардың жоспарларымен танысты. Кездесу барысында ауданның даму бағыты мен әлеуеті таныстырылып, екі тарап өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған жобалар жүзеге асқанда, өңдеу өнеркәсібі саласында өнімнің жаңа түрлері өндіріледі. Бұл өз кезегінде өнеркәсіптің және аудан экономикасының дамуына серпін беретін болады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының ...

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...