«Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалына 133 жаңа техника табысталды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалына 133 жаңа техника табысталды

Түркістан облысына іссапар барысында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК Түркістан облысындағы филиалына 133 жаңа техниканың кілттерін табыстады. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев, өңір шаруалары қатысты.

Бұл техникалар министрліктің бастамасымен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы алынған. Жаңартылған техника паркі өңірдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсартуға, әсіресе, суармалы кезеңде каналдарды механикалық тазарту жұмыстарын тиімді жүргізуге ықпал етеді. Бұған дейін осындай жаңа 69 техника пайдалануға берілген болатын.

Техникалық жаңғырту «Қазсушар» жүйесінің қызмет сапасын арттырып, диқандар мен шаруалардың қажеттіліктерін уақытылы қанағаттандыруға жол ашады.

Айта кетейік, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалы өңірдегі суармалы жерлерді сапалы сумен қамтамасыз ететін су шаруашылығы жүйелерін, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар гидротехникалық нысандарды пайдаланумен айналысады. Бүгінде филиал құрамында 13 өндірістік бөлімше жұмыс істейді. Олар жергілікті деңгейде суармалы жерді, арналарды, құрылымдарды басқару мен пайдалануға жауапты. Филиал теңгерімінде 18 су қоймасы, 11 су бөгеті, жалпы ұзындығы 5497 шақырымды құрайтын 1858 канал, 1208 тік дренажды ұңғыма, ұзындығы 3086 шақырым болатын 408 қашыртқы, 76 басқа да су нысаны бар. Жыл басынан бері мекеме 330 шақырым каналды механикалық әдіспен тазартты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...