Түлкібас ауданының орталығында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Егістік алқабынан-сөреге» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда экологиялық таза, жергілікті шаруалар өндірген көкөністер, консервіленген өнімдер, ет, жеміс-жидектер және сүт өнімдері нарық бағасынан 10-30 пайыз жеңілдетілген бағада саудаланды. Мәселен, қызанақтың келісі — 110 теңгеден, қой еті — 2300 теңгеден, жоғары сұрыптағы алманың келісі — 300-400 теңге аралығында, балықтың (форель) келісі — 2800 теңгеден, ...
Читать далее »Түркістан облысы
Жетісайда «Жасыл экономика» жобасы жүзеге асып жатыр
Жетісай қаласында «Компания Kadi» ЖШС-і іске қосылды. Баламалы энергия көздерін өндіру арқылы Жетісай ауданында таза энергия үлесін ұлғайту үшін 2,5 млрд теңге инвестицияға салынған, қуаты 4,8 МВт болатын «Жетісай күн электр станциясы» құрылысына белгіленген бұрышы бар таңертең және кешке бір осьті трекер жүйесі қолданылып, жеке қуаты 375 Вт бифункционалды екі жақты панельдер пайдаланылған. Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов арнайы барып, ...
Читать далее »Түркістанда жиһаз шығару ісі қарқынды дамып келеді
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірнеше кәсіпкерлік нысандарында болып, жұмысымен танысты. Кәсіпкерлермен жеке-жеке сөйлесіп, өндіріс көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын көбейту, шетелдік нарыққа шығу жөніндегі жоспарларын, өтініштерін тыңдады. Қандай қолдау қажет екенін сұрап, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Бүгінде Түркістандағы «ASIA BREND» жиһаз компаниясы жылына 22000 дана жиһаз шығаруға қауқарлы. Жылдық қаржылық айналымы – 1,1 млрд. теңге. Кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи ...
Читать далее »Түркістанда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы халықаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды
Бүгін Түркістанда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы «Тайқазан» халықаралық ұлттық және этникалық киімдер байқауы өтті. Халықаралық шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, ашып берді. – Халықаралық шараның мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен аталуы бекер емес. Өйткені қазақ халқы үшін Өзбекәлі аға тайқазанның киелі шаһарға қайта оралуына, Наурыз мерекесінің қайта жандануына тікелей себепкер болды. Қазір Түркістанымыз да облыс орталығына ...
Читать далее »Қабылданған шаралар нәтижесін бере бастады
Қоғамдық тәртіпсіздікті сақтау аясында полиция басқарма тарапынына тәулік бойы тиісті жұмыстар атқарылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстар өткен жылдың осы мерзіммен салыстырғанда 28.6 пайызға (696-ден 497-ге) төмендеп, 10 мың халыққа шаққанда 33,7-ні құрады. Ауыр және аса ауыр қылмыстар 33,0 пайызға (233-тен 156-ға) төмендеп, қылмыстардың ашылу деңгейі 80,4 пайызды құраған, өткен жылы бұл көрсеткіш 75,4 пайыз(5% артқан) болған. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян ...
Читать далее »Түркістанды түлеткендерге құрмет көрсетілді
Түркістанда облыстың 5 жылдығына орай «Turkistan» телеарнасы арнайы бағдарлама ұйымдастырған болатын. Күні кеше Түркістанның дамуына үлес қосқан 20 тұлға тікелей эфирде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, марапат иелерін құттықтады. Телевизия ұжымы нағыз еңбек адамдарын «Түркістанды түлеткендер» деп атап, телеарна эфирінен шыққан бағдарлама арқылы 20 тұлғаға жеке-жеке фильм әзірлеген. ...
Читать далее »30-ға жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды
Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан және енді қолға алынатын жобалар талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестордың пікірін тыңдап, жобаға қатысты мәселелер бар-жоқтығын сұрады. Әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін, бірақ, инвесторлар да өз жобаларын созбалаңға салмай уақтылы аяқтауы тиіс екенін жеткізді. – Облыс әкімдігі, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қандай ...
Читать далее »Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген ер адамға үкім шықты (видео)
Шымкентте 5 жасар қызды зорлап өлтірген азғын сотталды Шымкентте 5 жасар қызды зорлап өлтірген азғынға сот үкімі шықты. Екі баппен кінәлі деп танылған Сайдолим Гаийбназаров енді өмірінің соңына дейін түрмеде отырады. 48 жастағы педофилға, сондай-ақ химиялық кастрация жасалып, 100 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Ал қаршадай қыздың қазасына қара жамылған ата-ана Сарыағаш ауданының судьясы мен прокурорларын да айыптап отыр. ...
Читать далее »Д.Сатыбалды жылу орталығының жөндеу жұмыстарын пысықтады
Кентау қаласындағы №5 ЖЭО-ның қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Су айдайтын 2 қазандықты жыл соңына дейін қайта құру және 4 қазандықты ағымдағы жылы жөндеуден өткізіліп, қуаттылығы күшейтіледі. Ондағы 8 қазандықтың 4-еуі жөндеуден өтсе, қалған 4-еуіне қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Орталықтағы жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстары қатар жүріп жатыр. Түркістан ...
Читать далее »Түркістан облысында 188 мыңға жуық бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ардақ Садықова айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда облыстағы 1-4 сыныпта оқитын 187 832 бала қыркүйектен бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұған дейінгі талдау нәтижесі бойынша облыстағы 110 асханасы жоқ мектептерде қосымша бөлмелер қарастырылып, ыстық тамақ беруге жағдай жасалды. Сондай-ақ, 51 ...
Читать далее »Қазығұрт пен Төлеби аудандарын жалғайтын жол пайдалануға берілді
Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Қазығұрт және Төлеби аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-29 «Шарапхана – Жаңабазар – 1 Мамыр» автомобиль жолының 42-50,6 шақырымы аралығына (Алғабас, Зағамбар, 1-Мамыр елді мекендері) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме – «Бірлік» ЖШС. Жөндеу жұмыстары барысында ескі асфальт қабаты толығымен жаңартылды. Сондай-ақ елді мекендер ішіне жаяу жүргіншілерге арналған ...
Читать далее »Түркістанда «тәрбиелі жастар — қауіпсіз қоғам» форумы өтті
Жастардың қоғамдағы орны қаншалықты маңызды екенін, қандай жауапкершілік жүктейтінін, қауіпсіз қоғам құрудың маңызын ұқтыруды көздеген басқосуды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ашып берді. Сондай-ақ облыс орталығында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар 70 256 екенін, бұл қала тұрғындарының шамамен үштен бір бөлігін құрайтынын жеткізді. Қаламыздың рухани астанаға айналуында жастарға жүктелер міндет салмақты екенін тілге тиек еткен шаһар басшысы, еңбек пен ...
Читать далее »Сайрамдық кәсіпкер 20 гектардан 50 тонна қияр өнімін алды
Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі Қасымбек-Датқа ауылында орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы 1989 жылдан бері егін және мал шаруашылығын қатар өркендетіп келеді. Биылғы жылы бірінші өнімге мал азықтық дақыл жоңышқа егіп, екінші өнімге тамшылатып суару әдісімен 5 гектар жерге қияр еккен. Кәсіпкер Әбілқасым Мустафаев биылғы маусымда 50 тонна қияр өнімін алған. Егілген голландиялық қияр сортын аудандағы консервіленген өнімдерді шығаратын кәсіпорын сатып ...
Читать далее »Д.Сатыбалды: «Елге қажетті әрі туризмді дамытуға серпін беретін нысандар салуға басымдық берілсін»
Түркістан облысында және Түркістан қаласында салынатын әрбір нысанның құрылысы сарапшылардың талдауынан өтіп барып жүзеге асады. Оның сәулеті, идеологиялық мәні талқыланып, құрылыс материалдары да қатаң сараптаудан өтуде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен сәулеттік жобалар талқыланған жиында облыста салынатын және салынуы ықтимал нысандардың жобасы сараланды. Өңір басшысы әрбір сәулеттік жобаға жеке-жеке тоқталып, жауапты басқарма мен мамандарға тиісті тапсырмалар берді. – Елге қажетті ...
Читать далее »Жетісай ауданында жалпы саны 3900 орындық бес мектептің құрылысы жүріп жатыр
Аудан әкімі Серік Мамытов Жетісай қаласындағы Дайрашев көшесі бойындағы 300 орындық мектептің құрылысымен танысты. Нысан осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталып, аяқсыз қалған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қайта жанданып, ғимарат желтоқсанын айында пайдалануға тапсырылмақ. Бұдан бөлек, жалпы саны 82 мектебі бар ауданда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында Асықата кентінен 900 орындық, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Ынтымақ ауылдық округтерінен 600 орындық, ...
Читать далее »Түркістандықтар армрестлингтен әлем чемпионатында 28 алтын медаль жеңіп алды
Алматы қаласында өткен Армрестлингтен 44-Әлем чемпионатында Шардара ауданының спортшылары 28 алтын медальға ие болды. Сонымен қатар, түркістандықтар 10 күміс және 5 қола медальға қол жеткізіп әлемдегі үздік клуб екенін тағы да дәлелдеді. Нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 1-орынды абыроймен жеңіп алды. Бүгінде Шардара ауданындағы Армспорт мектебін «Чемпиондар шеберханасы» деп атауға болады. 2001 жылы негізі қаланған «Shardara Arm» спорт кешенінен ...
Читать далее »Келесте шағын және орта бизнес өкілдері 32,6 млрд теңгенің өнімін өндірген
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа инвестиция тарту тапсырмасын жүктеген болатын. Облыс басшысының бастамасымен Түркістан облысының оңтүстік аудандарының басшылары облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, тәжірибе алмасу, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Қытай еліне іссапарға барған болатын. Нәтижесінде биыл Келес ауданында қосымша 2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Сонымен қатар, ...
Читать далее »Отырарда мемлекеттік қолдаумен кәсіп ашқандар саны артып келеді
Бүгінде Отырар ауданында мемлекет тарапынан түрлі бағытта арнайы бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың қатары артып келеді. Соның бірі аудандағы Қарғалы ауыл округінің тұрғыны Айдар Жүнісбай. Ол жеке кәсіпкер ретінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттен 3 миллион теңге несие алып, Жамбыл облысынан сүт бағытындағы алты бұзаулы сиыр сатып алған. Кәсіпкердің айтуынша, ол мемлекеттік бағдарламаның арқасында жеке ...
Читать далее »“Қазығұрт” брендімен кір сабын өндіріле бастады
Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны Айдос Сарыбай мемлекеттік бағдарламамен 1 млн. 300 мың теңге қайтарымсыз грант алып, кір сабын өндіретін жеке кәсібін ашқан. Ол өз кәсібін бастау үшін Тараз қаласында сабынды өндірудің әдісін үйреніп, арнайы құрылғы сатып алған. Өндірістің басталғанына көп уақыт болмаса да өнімге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, тәулігіне 1 мың данаға жуық кір ...
Читать далее »Елімізде атом электр станциясын салуды жалпыхалықтық референдум анықтайды
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жеткізді. Президент халқымыздың жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын айта келе, Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам екенін түсіндірді. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс екенін ескертіп, мынандай нақты бағдарлардың жүзеге асырылуын тапсырды. Олар жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
