Саурандық шаруаларға тамшылатып суару технологиясының артықшылықтары айтылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Саурандық шаруаларға тамшылатып суару технологиясының артықшылықтары айтылды

Майдантал ауылдық округінің ұйымдастыруымен егін шаруашылығымен айналысатын азаматтарға көшпелі семинар өткізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда тамшылатып суару технологиясының артықшылықтары түсіндірілді. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, шаруалармен тілдесті. Су ресурстарын тиімді пайдалану аграрлық саланың дамуына жол ашатын негізгі бастамалардың бірі. Сауран ауданы аумағында су тапшылығы болғандықтан, тамшылатып суару технологиясы таптырмайтын мүмкіндік. Жаңа бастама суды үнемдей отырып, егін көлемін арттырады.

Семинар негізінде аудан дихандары тамшылатып суару әдісінің тиімділігіне көз жеткізуде. “Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен тарала бастаған тәсілдің тиімді тұстары көп. Тамшылатып суару әдісінің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады. Артық шығынды қажет етпейді. Суды үнемдеп, жұмыс күшін қысқартады» — дейді “Ақсақ-керіз” шаруа қожалығының иесі. Жаңа тәсілді егжей-тегжейлі меңгерген дихан шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауылдық округтен келген мамандар мен шаруаларға тамшылатып суарудың жолдарын көрсетті.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...