Отырарлықтар «Ардагерлер» саябағында сенбілік ұйымдастырды — Xnews — ақпарат агенттігі

Отырарлықтар «Ардагерлер» саябағында сенбілік ұйымдастырды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Өнегелі ұрпақ» апталағында отырарлық спортшылар аудандағы «Ардагерлер» саябағына 400-ге жуық гүл көшеттерін отырғызды. Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында аудан орталығында орналасқан саялы баққа «Ардагерлер» атауы берілген. Бұған дейін саябаққа бірнеше көшет түрлері отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары тарапынан спорт мектептері мен мәдениет үйінің аумақтарына тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар барысында ғимараттар ауласындағы арық-атыздар тазаланып, ағаштар әктеліп ретке келтірілді.

Бүгінгі күнге дейін «Таза өлке», «Киелі Мекен», «Жасыл аймақ» экологиялық акциясына облыс бойынша жалпы 352 мыңға жуық адам атсалысқан. Қазіргі таңда «Өнегелі ұрпақ» апталығында белсенді жастар мен ерікті азаматтар – ардагерлер мен жалғызбасты қариялардың үй аулаларында көгалдандыру және тазалық жұмыстарын атқарып жатыр.

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...