Сауранда жылына 20 мыңнан астам үй жиһазын шығаратын цех жұмыс жасайды — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауранда жылына 20 мыңнан астам үй жиһазын шығаратын цех жұмыс жасайды

Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехы іске қосылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өндірістік цехтың жұмысымен аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып танысты. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 20 мыңнан астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. «RICH HOME FURNITURE» жиһаз өнеркәсібінің өнімдері бүгінде сұранысқа ие. Экспорттың негізгі көлемі батыс аумаққа Орал, Ақтөбе сондай-ақ Қызылорда, Түркістан қалаларына жіберіледі.

Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті кең. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың бірегей үлгісі Ресей, Түркия және Беларустық сапа мен дизайны бойынша жасалынуда. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие болып, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.

«Жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңейуіне жол ашылуда», – дейді жиһаз цехының басшысы Мақсут Сайдуллаұлы.

x

Check Also

Шымкенттің халықаралық инвестициялық және іскерлік байланыстары кеңейіп келеді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының (ACIK) президенті Марко Береттамен кездесті. Кездесу барысында тараптар экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ...

«Startup Orda»: Идеяны жобаға айналдыратын мүмкіндік

Қаламызда идеяны шындыққа айналдыруға мүмкіндік беретін жоба басталды. Shymkent Hub ұйымдастырып отырған «Startup Orda» бағдарламасы биыл екінші рет өткізіліп отыр. ...