Түркістан облысы

Түркістан қаласына ҚР Президентінің кеңесшісі іссапармен келді

Облыс орталығына ҚР Президентінің кеңесшісі Зүлфия Сүлейменова арнайы жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Зүлфия Сүлейменованы қарсы алып, өңірдегі экологиялық бастамалар мен ғылыми жобаларға қолдау білдіретінін жеткізді. Алдымен Президент кеңесшісі университет жанындағы Ботаникалық бақты аралап, ғылыми құрылым жетекшілері мен бақ қызметкерлерімен пікір алмасты. Университеттің ректор өкілі міндетін атқарушы Нажи Генч ...

Читать далее »

Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ұқсас Қытай Халық Республикасының қалаларына арнайы іссапар ұйымдастырылды. Іссапар барысында қаланың көгалдандыруына жауапты мамандар Үрімші, Тұрпан, Қорла және Ақсу қалаларында жерсіндірілген ағаш және өсімдік түрлерін зерттеді. Нәтижесінде Түркістан қаласына бейімделген ағаш көшеттерін жеткізу бойынша алдын ала келісімшарт жасалды. Сонымен қатар ...

Читать далее »

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – Түркістан облысы, Шардара индустриалды аймағындағы құрылысы жүріп жатқан «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу кәсіпорны. Мұнда жылына 150 мың тонна жүгері дақылы терең өңделеді деп жоспарланған. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шардара ауданына іссапары барысында зауытты аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыған ...

Читать далее »

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее выявленные недостатки и создали комфортные условия для отдыхающих. Сегодня аким области Нуралхан Кушеров посетил ряд мест отдыха, расположенных на берегу водохранилища «Шардара», где проинспектировал чистоту и безопасность. Глава области встретился с ответственными за пляжи лицами и предпринимателями и поручил ежедневно ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: Шардарадағы жағажай ретке келтіріліп, саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетілуде

Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысына қарасты жағажай аумақтарында қауіпсіздік және тазалық шаралары күшейген. Шардарадағы жағажайда осыған дейін анықталған кемшіліктер бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Шардара» су қоймасының жағалауында орналасқан бірқатар демалыс орындарын кезекті рет аралап, тазалығы пен қауіпсіздігін, өткен сапарда берілген тапсырмаларының орындалу барысын бақылады. Облыс басшысы жағажайларға жауапты тұлғалармен, кәсіпкерлермен жүздесіп, ...

Читать далее »

Созақ ауданында 100-ге жуық пәтердің құрылысы жүргізіліп жатыр

Бүгін Созақ ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер алдымен аудан орталығы Шолаққорған ауылында салынып жатқан 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенімен танысты. Екі қабатты ғимаратта волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен бокс залдары, бассейн және футбол алаңы орналаспақ. Сондай-ақ, Созақ ауылындағы заман талабына сай жабдықталған спорт алаңшасының жұмысымен танысты. Онда жастар мен жасөспірімдер футбол ойнап, спортпен шұғылдана алады. Жалпы ...

Читать далее »

Созақта биыл алты айда жалпы өңірлік өнім көлемі 380 млрд теңгеден асқан

2025 жылдың алғашқы 5 айында Созақ ауданында 81,5 млрд теңгеден астам тікелей инвестиция тартылды. Ал, жалпы өңірлік өнімінің көлемі 380 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков журналистермен өткен баспасөз жиынында баяндады. «Ауылшаруашылық саласында осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 138,7 млн теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда өңірде 9 мың тоннаға жуық ет және сүт өнімдері, 750 мың дана ...

Читать далее »

ПЖКР: Үміткерлерден құжат қабылдау аяқталды

2025 жылғы 1 маусымында басталған Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеуге еліміздің жас мамандары жоғары қызығушылық танытты. Бір айда жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында 31 859 адам тіркеліп, оның ішінде 7 436 кандидат іріктеудің келесі кезеңіне жолданды. Кандидаттардың орташа жасы 31-де, ал орташа еңбек өтілі 8,9 жасты құрады. Бұл ретте кандидаттардың 34,2%-ында басқару тәжірибесі бар. Қатысушылардың географиясы елдің барлық аймақтарын қамтыған. Өтінімдердің ...

Читать далее »

Түркістанда жылу жүйелерінің қысқа дайындығы — қатаң бақылауда

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы орталықтандырылған жылу жүйелерімен қамтамасыз етілген көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтады. ⠀ Осыған дейін, 1-2 мөлтек аудандарында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі жылу жүйесінің жай-күйі зерделеніп, ретке келтіру бойынша тапсырма берілген болатын. Сонымен қатар, су, кәріз және жылу желілерін жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінде мөлтек ауданда жылу жүйесіне қосылған ...

Читать далее »

Төлебиде үкіметтік емес ұйымдардың «Теаm Building» атты шарасы өтті

Төлебиде үкіметтік емес ұйымдардың «ТЕАМ ВUILDING» атты шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты — облыстағы ҮЕҰ арасында әріптестік пен өзара әрекеттестікті нығайту, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Шараға қатысушылар — Түркістан облысындағы белсенді үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері. Сондай-ақ, бағдарлама аясында арнайы спикерлер қатысушыларға шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Бағдарлама аясында 4 бағытта мастер-кластар мен панелдік сессиялар ұйымдастырылды. Бұл шараны Түркістан облысының ...

Читать далее »

Түркістан: Төлебидің экономикалық және туристік әлеуетін көтеру жолдары қаралды

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады. Одан кейін аудан активімен кездесіп, Төлебиді дамыту жолдарын талқылады. – 2025 жылдың 6 айында ауданға негізгі капиталға 20,3 млрд. теңге инвестиция тартылғанымен, бүгінгі таңда бірқатар ауылдық округ әкімдері жоспарды орындамаған. Осы ауыл округтерінің әкімдері мен салаға жауапты орынбасар жұмысты ширатсын. Аудан орталығы Ленгір қаласы қажетті ...

Читать далее »

Түркістан: Төлеби ауданында өндіріс пен кәсіпкерлік саласы дамып келеді

Төлеби ауданында кәсіпкерлік саласы дамып, бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Аймақта шағын және орта бизнес өкілдері өңірдің экономикалық дамуына үлестерін қосып, инвестициялық жобаларға ден қойған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына барып, өндіріс орындарының жұмысын бақылады. Кәсіпкерлермен жүздесіп, өңірде өндіріс саласын дамыту жолында жан-жақты қолдаулар болатынын айтты. Алдымен аймақ басшысы Киелітас ауылындағы битум өнімдерін шығаратын «QazaqBitum Processing» ЖШС нысанын аралап ...

Читать далее »

Ордабасы ауданы әкімі өндіріс пен егін орағы науқанына баса назар аударды

Аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы жұмыс сапарымен Бадам индустриалды аймағындағы және ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар нысандарды аралап, өндіріс орындарының жұмыс барысымен және егін ору науқанының жағдайымен танысты. Сапар барысында аудан басшысы алдымен Бадам индустриалды аймағын таза сумен қамтамасыз ету жағдайын зерделеді. Бұл ретте сусорғы ауыстыру, трансформатор құру, қажетті жұмыс күшін қабылдау мәселелері назарға алынды. Аудан әкімі алюминий профильдерін өндіретін зауыттың, ...

Читать далее »

Түркістанда «Серпін» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

Түркістан облысының жастарына «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар облыс орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да 13-20 шілде күндері аралығында өтеді. Бұл жайында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің PhD докторы Айдос Абаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті — «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университетте оңтүстік өңірлерден келген 3000-нан ...

Читать далее »

Түркістан облысында конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына қарсы жұмыстар жүргізілуде

Өткен жылы облыстық зоопаразитологиялық топ құрамдарымен барлығы 781 елді мекенде барлау жұмыстары жүргізілген. Сынама нәтижелері көрсеткендей жиналған 62 918 дана кененің 136-нан Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруының қоздырғышы анықталған. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова мәлімдеді. «Облыста 2024 жылы Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына 11 адам шалдыққан. Науқастардың 4-н кене шаққан, 6-ы мал күтімімен айналысқан, ал 1-і ...

Читать далее »

Түркістан: Кентауда өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамыту ісі жанданады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қалаларға жұмыс сапары жалғасуда. Бұл жолы Кентаудағы құрылыс алаңдары мен индустриалды аймақтарды аралады. Одан кейін қала әкімдігінің ғимаратында актив отырысын өткізіп, Кентауды дамыту жолдарын талқылады. Өңір басшысы бірқатар саладағы кемшіліктерге тоқталып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді. – Қаладағы индустриалды аймақтың әлеуеті жоғары болғанымен, қазіргі таңда инвестор тарту жұмыстары баяу жүріп жатыр. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруды ...

Читать далее »

Нұралхан Көшеров Кентаудағы индустриалды аймақтың жай-күйімен танысты

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі дамып келеді. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров Кентаудағы индустриалды аймақты аралап, мұндағы өндірістік жобалармен танысты. Кәсіпкерлермен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сала мамандарына өндірісті дамыту бағытында тапсырмалар жүктеді. Бұл салаға басымдық беріліп, қолдау көрсетілетінін жеткізді. Қалада 43 га жерде индустриялық аймақ орналасқан. Бүгінгі таңға 7 жоба іске асырылған. Биыл үш жоба іске қосылмақ. Өңір басшысы Кентау ...

Читать далее »

Түркістан: Кентауда мәдениет үйі мен ірі кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Соның бірі – Кентау қаласы, Қарнақ ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласына арнайы іссапармен барып, мәдениет үйінің құрылысымен танысты, мердігерлермен жүздесті. Нысан 300 көрерменге шақталған. Жалпы алаңы 0,7 гектар аумақты құрайды. Бүгінде 2 қабаттан тұратын ғимараттың жарықтандыру жұмыстары қолға алынған. Құрылыс жұмыстарына «РСУ-1» ЖШС ...

Читать далее »

Қала әкімі күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ордаларын аралады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар білім беру мекемелерін аралап, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Нысандарды аралау барысында әр білім ордасының жөндеу жұмыстарының сапасына, белгіленген мерзімде аяқталуына және оқу процесіне кедергі келтірмеу шараларына баса назар аударды. Қала басшысы алдымен биылғы жылы күрделі жөндеуге жоспарланған №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясы, №7 С.Ерубаев атындағы мектеп-интернатына ...

Читать далее »

Ордабасы ауданы әкімінің төрағалығымен инвест штаб отырысы өтті

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен «Инвест штаб» отырысы өтті. Инвест штабта аудан аумағында іске асырылып жатқан инвестициялық жоба иелерін және жобаларын іске асыруға ниетті инвесторлардың ұсыныс-пікірлері зерделенді. Мәжіліс барысында аудан басшысы тиісті сала орынбасары мен қызметкерлеріне әкімшілік кедергілердің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктері жайлы дер ...

Читать далее »