Қала әкімі күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ордаларын аралады — Xnews — ақпарат агенттігі

Қала әкімі күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ордаларын аралады

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар білім беру мекемелерін аралап, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Нысандарды аралау барысында әр білім ордасының жөндеу жұмыстарының сапасына, белгіленген мерзімде аяқталуына және оқу процесіне кедергі келтірмеу шараларына баса назар аударды.

Қала басшысы алдымен биылғы жылы күрделі жөндеуге жоспарланған №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясы, №7 С.Ерубаев атындағы мектеп-интернатына барды.

Аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекемелер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың мамыр айының соңында басталған болатын. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынды жүргізілуде.

Алдымен Әзімбек Пазылбекұлы 1989 жылы пайдалануға берілген Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясына барды. Мектеп 1266 оқушыға арналған. Алайда қазіргі таңда мектепте 2737 оқушы білім алуда. Аталған мектеп ғимаратын кеңейтіп, оқушыларға қолайлы орта жасау мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде.

Сондай-ақ, қала басшысы С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатындағы құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты.

Әзімбек Пазылбекұлы аралау барысында құрылыс сапасына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және белгіленген мерзімде аяқтау міндетіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, жауапты мердігер мекемелерге тиісті тапсырмалар беріп, білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

«Quiz жас буын. Қаржы. Digital. Құқық» интеллектуалды сайысы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында қаржылық сауатты, құқықтық мәдениетті және цифрлық білімді арттыру мақсатында жаңа форматтағы «Quiz жас буын. Қаржы. Digital. ...