Түркістанға Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж кезекті рет жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі мейманды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қабылдап, келіссөздер жүргізді. Кездесуде АҚШ консулы Түркістан өңірін дамыту бағытындағы жобаларды талқылауға дайын екенін жеткізді. Адам құқығы, адам саудасы, су мәселесі, жаңа қуат көздерін пайдалану, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу бойынша сұрақтарын қойып, тиісті мағлұмат алды. – Жылы ...
Читать далее »Түркістан облысы
Мұғалімдер арасында спартакиада өтті
Түркістан қаласында мұғалімдер арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттың 4 түрі бойынша өрбіген сайысқа өңір бойынша аудан-қалалардан келген 11 команда қатысты. 17-18 қазан аралығында жалғасқан спорттық додада 500-ге жуық ұстаз үстел теннисі, волейбол (ерлер және әйелдер), кіші футболдан өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысында Түркістан қаласының құрама командасы 1-орынға, Сайрам ауданына келген ұстаздар 2-орынға, Сауран ауданының құрамасы 3-орынға тұрақтады. Жеңімпаз атанған жүлдегерлерге ...
Читать далее »ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы Түлкібас ауданында халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан бері бизнес идеяларын жүзеге асыру бойынша 400 АЕК көлемінде 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Оның ішінде, 29 азамат жастар болса, 37 азамат осал топтағы кәсіпкерлер. Қайтарымсыз қаржыға қол жеткізгендердің бірі — бес баланың анасы Камила Қарашаева. Өзінің бизнес идеясын арнайы құрылған комиссияда қорғап шыққан көпбалалы ана ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесіне орай облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы жетекшілік жасап, жүргізіп отырды. Кездесуде ел бірлігін сақтау, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды. – Сіздерді 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани келісім күні өздеріңізбен келелі кеңес құрып, пікір алмасуды жөн ...
Читать далее »Түркістанда Рухани келісім күніне орай спорттың төрт түрінен сайыс өтті
Бүгін Түркістан қаласындағы «Яссы» спорт кешенінде Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар спорттың төрт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, сондай-ақ, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрес (армрестлинг). Оған облыс көлеміндегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ЕУРОПА МЕН АЗИЯ ӘНШІЛЕРІ ҚАЗАҚ ӘНДЕРІН ШЫРҚАМАҚ
Бұл туралы бүгін өңірлік комуникация қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев айтты. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен облыс орталығындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешеніде 19-20 қазан күндері Түркістан облыстық мәдениет басқармасы Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауын өткізеді. Мәдени-музыкалық жаңалық саналатын байқау биыл алғаш рет офлайн түрде өткізіледі. Фестивальге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан, Польша, Черногория, Беларусь, ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАР ЕККЕН АҒАШТАРДЫҢ ЖЕРСІНУІ 80%-ДЫ ҚҰРАДЫ
Түркістанда көгалдандырудың түрлі жобалары жүйелі жүзеге асырылуда. Өткен жылғы он күнге жалғасқан «ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК» отбасылық эко-акциясы аясында түркістандықтар жүз мыңнан аса ағаш көшетін отырғызды. Игі шараға қала тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялылар, ардагерлер және қала тұрғындары атсалысты. Қаланың жасы мен қарты қатысқан шарада егілген көшеттердің сексен пайызы қазірде көгалданды. Көгалданған ағаштарға ерікті тұрғындардың өздері ...
Читать далее »«Е-Асхана» жүйесі арқылы ата-ана баласының не жеп жүргенін бақылай алады
Түркістан қаласының бірнеше мектебінде «Е-Асхана» жүйесі жүзеге асырылуда. Жүйе арқылы ата-ана баласының мектепте қандай ас ішіп жүргенін толық бақылай алады. Сонымен бірге, баланың күнделікті тамақтануына арнап ай сайын немесе күн сайын мүмкіндігіне қарай ақша салып қояды. Ол үшін ата-ана баланы жүйеге тіркегеннен соң, арнайы QR-код алады. Бала QR-код арқылы тамағына төлем жасайды. Тиісінше, ата-аналары баланың қандай тағам мен сусын алғанын, ...
Читать далее »ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ІІ-КЕЗЕҢІ ЖОСПАРЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Биыл Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толды. Осынау қысқа уақыт ішінде киелі шаһар көркейіп, көрсе көз тоятындай үлкен қалаға айналды. Түркістан сыртқы келбетімен ғана сұлуланып жатқан жоқ. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсарып, барлық салада өсім байқалады. Бүгінде қаланы дамытудың ІІ кезеңі жүріп жатыр Түркістан қаласы туризм, мәдениет, медицина, білім мен ғылым, спорттық іс-шаралар жиі ұйымдастырылатын орталыққа айналып келеді. Мұнда тұрғындардың, жастардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай ...
Читать далее »САУРАНДЫҚ ЕКІ ОТБАСЫҒА ДЕМЕУШІЛЕР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Түркістан облысындағы Сауран ауданында қайырымды жандардың қолдауымен екі отбасы қоныс тойын тойлады. Майдантал ауылдық округінде Сауран ауданының Құрметті азаматы Ержан Бексейітовтің бастамасымен баспанаға мұқтаж екі отбасына қуаныш сыйланды. Қайырымды іске ауылдың белсенділері және жеке кәсіпкерлері бірлесе ұйымдасқан. Саурандықтардың қуанышын бөлісу үшін Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, ауданның зиялы қауымы, ақсақалдары мен тұрғындар жиналды. Сауапты іске ұйытқы болған ...
Читать далее »САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Аудан әкімі Мұхит Отаршиев Қызылжар ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Орынғазы Қарабаевтың тұрғын үйі жанынан ашылған мал бордақылау алаңына арнайы барып, жұмысымен танысты. — Ауданда халықтың тығыз орналасуына байланысты, жайылым жер тапшы болғандықтан осылай үй жанынан мал бордақылау алаңын салу өз тиімділігін көрсетуде. Соңғы жылдары тұрғындар қолындағы азын-аулақ малының қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын бірінен соң бірі ашуда. Бұл кәсіптің қиындығына қарамай ...
Читать далее »ЖОЛДАУДА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ДЕ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын талқылау бойынша » Отбасы және балалық шақ институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру» тақырыбында Түркістан қаласы «Балуан шолақ» спорт кешенінде спорт саласының өкілдерімен қала тұрғындарының кездесу шарасы болып өтті. Кез келген ұлт балаларының сымбатты, көрікті, шымыр, денсаулығы мықты болуын қалайды. Мемлекеттің ертеңгі күн ...
Читать далее »ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттердің маңызын түсіндіріп, кеңінен насихаттау мақсатында “Amanat” партиясының мүшесі, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы және Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы» бөлімінің басшысы Ақылбек Айбек Ақылбекұлы қала тұрғындарымен кездесу жиын өткізді. Қ.Р Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық қатысатын Бюджет» тақырыбындағы 1 қыркүйектегі Жолдауын түсіндіру мақсатында бірақатар баяндамалар ...
Читать далее »ЖАСТАР СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында отансүйгіштік, патриоттық сезімді дамыту, спортқа жаны құмар жастарға қолдау көрсету мақсатында республикалық жарыстардан жоғары нәтижелерге жеткен жерлес спортшы – Ауелтай Ержан Бейсенбекұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — үздік спортшының жеткен жетістіктері мен ерен еңбектері туралы етене танысу, қала жастарының спортқа деген ынталарын арттыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ержан ...
Читать далее »РУХАНИ АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ЖАЛҒАСАДЫ
Түркі жұртының рухани астанасы күн өткен сайын көркейе бермек. Жуырда ғана киелі шаһарға іссапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы деп атап өтіп, еліміздің рухани астанасы мәртебесін беру туралы үкіметке арнайы тапсырма беретінін жеткізді. «Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан ...
Читать далее »ШӨЛЕЙТТІ АЙМАҚТА — ЖАСЫЛ ҚАЛА
Бүгінде облыс орталығына сырттан келген қонақтар әр сапарында қаланың сәулетіне көрік қосылып, өзгеріп жатқанын көреді. Көз тартар зәулім-зәулім ғимараттар, тұрғын үйлер қаланың жаңарып жатқанын байқатады. Облыс орталығы мәртебесін алған 4 жылдан бері құрылысы тоқтаған емес. Түркістан – исі қазақтың ғана емес, бүкіл түркі жұртының рухани астанасы. Түркістанға облыс орталығы мәртебесін беру ұтымды шешім болғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Орталық Азиядағы ...
Читать далее »«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНМЕН БІРГЕ БОЛАШАҚҚА БІР ҚАДАМ» АТТЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін, 14 қазан Түркістан қаласындағы «Жоғары медицина» колледжінің ғимаратында қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының кезекті жолдауы «Әділетті мемлекет біртұтас ұлт берекелі қоғам» тақырыбында кездесу болып өтті. Жолдаудың басты мақсаттарының бірі- Әділетті мемлекет қалыптастыру туралы және болашақ жастардың әділетті мемлекет қалыптастыруға үлестерінің өте жоғары екендігін айта кете отырып, болашақ Қазақстанның тізгіні өздеріңізде болатындығын және қазіргі жастардың әр қайыссысы ...
Читать далее »ТУРИЗМІ МЕН КӘСІПКЕРЛІГІ ҚАТАР ДАМЫҒАН ТҮРКІСТАН
Кәсіпкерлік нарық қатынастарын реттеп отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңінде де шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, еліміздің нарықтық тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндеті — халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру. Шағын бизнес кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Өңірде өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша көмек көрсету үшін қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандар медициналық-әлеуметтік есепке алынады. Облыстағы қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға құқықтық-психологиялық көмек көрсететін орталық қызметін бастады. Онда психологиялық және құқықтық қолдау көрсетіледі. Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу мен әйелдердің денсаулығын қорғау ...
Читать далее »БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА 70 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЕСКІ ЖОЛ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен биыл Бәйдібек ауданында облыстық маңызы бар 71,4 шақырымдық 3 бағыттағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Мәдениет-Мыңбұлақ елдімекендерінің арасы, Жамбыл-Шаян және Шалдар-Сарқырама-Кеңсай-Бірлік автомобиль жолдары жөндеуден өтіп, толық пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз асфальт жабындысы алынып, жол негізі құмды шағал-тас қоспасымен нығайтылған. Сондай-ақ, 2 қабат асфальт жабындысы төселіп, қалдықтар жол ...
Читать далее »