4 млн берсең, сені әкім қылам — Xnews — ақпарат агенттігі

4 млн берсең, сені әкім қылам

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алаяқтық жасау фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Xnews.kz соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Д. есімді азамат А-дан Кентау қаласының әкімі лауазымына жұмысқа орналастырам деген уәдемен 4 млн теңге сомасында ақшалай сыйақы сұрап, оның 650 мың теңгесін алдын ала алған. Одан бөлек, аталған азамат М-дан 3,6 млн теңге көлемінде ақша алып, жалпы сомасы 4 млн теңгеге банк директоры лауазымына орналастыруға уәде еткен. Сотталушы өз кінәсін толық мойындамады. Д-ның кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, хат-хабар скриншоттарымен, аудиохабарлама және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді», — делінген сот үкімінде.

Үкімде айтылғандай, айыпталушыға жаза тағайындау барысында келген шығынның жартысын қайтарғаны және 3 кішкентай баласының бары ескерілді.

«Сот үкімімен Д-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1, 4 тармақтарының 3-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды» деп жазылған елорда сотының ресми ресурсында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

x

Check Also

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды

Бүгін Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне арналған мәжіліс ...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты ашылды

Түркістанда балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына және футболдан кәсіби шеберлігін шыңдауына мүмкіндік беретін Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты пайдалануға ...