Заңсыз конкурс тоқтатылды — Xnews — ақпарат агенттігі

Заңсыз конкурс тоқтатылды

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының прокуратурасы 1 млрд.теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

Прокуратура аудан көлемінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, нәтижесінде Ордабасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі жылдық жоспарға енгізілмеген нысандарға мемлекеттік сатып алу конкурсын заңсыз жариялағанын анықтаған.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 1 миллиард теңгеден астам қаржыға заңсыз жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, заң бұзушылыққа жолы кесілді.

Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылып, заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының назарына алынған.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...