Түркістан облысы

Келесте ескі қалашықтың орны табылды

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы аумағынан ежелгі қалашықтың орны табылды. Үлкен аумақты алып жатқан өркениет ордасы бүгінде зерттелуде. Сондай-ақ археологтар сол аймақтағы Мыңтөбе қорымынан табылған дүниелерді құнды жәдігерге балап отыр. – 1800 жылдан астам тарихы бар киелі нысанда жүргізілген жұмыстар барысында сол дәуірдің мәдениетін анықтауға баса мән берілмек. Қазірдің өзінде бұл жерден қыш ыдыстар мен садақ жебесінің басы табылды. Бұл ...

Читать далее »

Қазақ жылқылары әлемдік рекорд орнатпақ

Бүгін 14 қыркүйек «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 9-кезеңі басталды. 12 команда жалпы есеп бойынша 850-інші шақырымды бағындырмақ. Бұдан бөлек Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсеруді мақсат еткен. Бұл төрттікке төрешілер «Рекорд» деген атау беріп, арнайы 13-інші команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр. «Рекорд» командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе, ...

Читать далее »

Сарыағашта жаңа спорт кешені салынып жатыр

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандағы Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінде «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысымен танысып, мердігер мекеме өкілімен кездесті. Бүгінде құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, нысанның қазаншұңқырын қазу жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ, ғимараттың іргетасын құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша аталған спорт кешені 2024 жылы пайдалануға беріледі. Кездесуде аудан әкімі спорт нысанының ауыл тұрғындары ...

Читать далее »

Түркістанда жаңа үлгідегі учаскелік полиция бекеті ашылды

Түркістан қаласында жаңа үлгідегі учаскелік полиция бекеті ашылды. Жаңа полиция пункті Түркістанның тұрғындары қарқындап өсіп келе жатқан Отырар шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Жергілікті полицейлердің жаңа ғимаратқа қоныстануына арнайы келген ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жаңа бекеттің жұмысымен танысып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Учаскелік бекет қажетті ...

Читать далее »

Райымбек Сейтметов театрында жаңа маусым ашылды

Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрында жаңа маусымның шымылдығы түрілді. Маусымашарға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, құттықтады. – Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының мәдениет саласын дамыту жөніндегі тапсырмасымен облыс орталығында игі бастамалар қолға алынып, жаңа мамандар келіп жатыр. Облыстағы 3 театрымызда да оң өзгерістер орын алуда. Міне, соның бірі осы қарашаңырақ ғимаратына былтыр ...

Читать далее »

Республикалық «Түркістан дауысы — 2023» жас орындаушылар байқауы басталды

Бүгін облыс орталығында республикалық «Түркістан дауысы-2023» жас орындаушылар байқауы басталды. Еліміздің әр өңірінен бақ сынауға 16 үміткер бас қосқан ән додасын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Атауы мыңжылдықтарға кеткенмен, облыс орталығы ретінде жаңару мен дамудың жаңа белесіне көтерілді. Мұнда республикалық және халықаралық шаралардың өтуі дәстүрге ...

Читать далее »

Жетісайда «Ауыл аманаты» аясында 102 жоба қаржыландырылған

«Ауыл аманаты» жобасына Жетісай ауданынан Қарақай, Ж.Ералиев, Қазыбек би және Мақталы ауылдық округтерінің тұрғындары қатысуда. Бүгінде жалпы аудан бойынша өткізілген 1 млрд. 301,3 млн. теңгенің 219 құжатынан «Ырыс» МҚҰ арқылы 1 млрд. 21,7 млн. теңгенің 176 жобасы мақұлданған. Оның ішінде 555,4 млн. теңгеге жасалған 102 бизнес-жоба қаржыландырылған. Нақтырақ айтар болсақ, Қарақай ауылдық округі бойынша 281,9 млн. теңгенің 55 жобасы мақұлданып, ...

Читать далее »

Түркістанның туристік әлеуеті халықаралық деңгейде таныстырылуда

Түркістан облысында туризм саласын дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттау, көршілес және шет мемлекеттерден туристер ағымын молайту жолында іс-шаралар қолға алынған. Бүгінде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің кеңейтілген сессиясы басталды. Аталған іс-шарада өңірден аттанған жауапты өкілдер Түркістан облысының туристік әлеуеті бойынша таныстырылым өткізіп, 300 қатысушыға жарнамалық-ақпараттық материалдарын ...

Читать далее »

Түркістан облысының даму стратегиясы дайындалуда

Түркістан облысының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының кешенді жоспары әзірленуде. Өңірдің дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі. Бұл мақсатта ауқымды зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Құжатты дайындау үш кезеңнен тұрады. Жоба жұмысына бір топ сарапшылар атсалысып жатыр. Маңызды құжатты дайындауда өңір дамуындағы проблемаларды ескере отырып, дамыған елдер тәжірибелері де ескерілуде. Аталған құжатта ...

Читать далее »

Түркістан облысының әкімдігінде кітапхана ашылды

Түркістанда «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында жылжымалы кітап пункті ашылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, мемлекеттік қызметшілер мен кітапханашылар қатысты. – «Ашық әкімдікке» көптеген адам келіп, өз мәселесі мен өтінішін айтады. Тек қызметтік емес, мәдени-рухани бағыттағы жұмыстарды жүргізуге де лайықталған орын болады деп ойлаймын. Бастаманы жүзеге асырған «Фараб» кітапханасы ұжымына алғысымды білдіремін. Мұнда мемлекеттік қызметшілер, «Ашық әкімдікке» ...

Читать далее »

Түркістан облысында экотуристер саны 1,5 есеге көбейді

Биыл Түркістан облысына келушілер мен туристердің саны артқан. Оның ішінде биыл 8 айда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 115 мың адам демалған. Ал былтыр 12 айда 74,9 мың адам келген болатын. Сондай-ақ биыл 8 айда Түркістан қаласына біркүндік келушілер саны 519,3 мың адамға жетті. Түркістан өңірінде туризмді дамыту мәселелері талқыланған мәжілісте облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл салада жұмысты күшейтіп, ұзақ жылдарға ...

Читать далее »

«Open library» эстафетасы Келес кітапханасында жалғасты

Келес ауданында Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен«Open Library-2023» эстафетасы өтті. Шараны Келес ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Сариев ашып беріп, кітапханадағы ашық есік күнінің мақсаты мен маңызына тоқталды. – Халықты кітап оқуға шақырудың жаңа әдістерін ұсыну, кітапханаларға оқырман тарту және басқа облыстар мен қалалық, аудандық кітапханашылар арасында әріптестік байланысты нығайтуды, өлкеден шыққан қаламгерлерді көпшілікке таныта отырып жігерлендіруді мақсат еткен ...

Читать далее »

Түркістанда жыл соңына дейін 20 әлеуметтік дүкен ашылады

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған болатын. Осыған орай «Түркістан» ӘКК» АҚ тарапынан көлемі 50 шаршы метрді құрайтын жаңа әлеуметтік дүкендерді салу, олардың санын 50-ге жеткізу бағытында жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні бұрыннан жұмыс атқарып келген көлемі 24 шаршы метрлік 13 әлеуметтік дүкенге қосымша жаңадан әрқайсысының көлемі 50 шаршы метрді құрайтын 17 жаңа әлеуметтік дүкен салынып, ...

Читать далее »

Ең үздік үш өнім анықталды

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір аумағында ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында қаржылай емес қолдау шараларының бірі ретінде «Мен – кәсіпкер» құралын жүзеге асыруда. «Мен – кәсіпкер» құралының қызметтерінің бірі «Бір ауыл – бір өнім» жобасы. Жыл басынан бері жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлерден 60-тан астам өтініш түсті. Солардың ішінен жобаның мақсаты мен талаптарына сәйкес келетін ...

Читать далее »

Владельцы теплиц получат субсидии на расходы на уголь и газ

Об этом сегодня на брифинге в региональной службе коммуникаций сообщил и. о. руководителя Управления сельского хозяйства Туркестанской области Алибек Плалов. — Согласно статистическим данным, 71% теплиц в стране расположены на территории Туркестанской области. В регионе имеется 3 366 теплиц на площади 1 517 га. Более высокие тарифы на энергоносители, чем в соседних странах Центральной Азии, снизили конкурентоспособность местной тепличной продукции. ...

Читать далее »

Жылыжай иелері көмір мен газ шығындары үшін субсидия алады

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы міндетін атқарушы Әлібек Плалов айтты. – Статистикалық мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысының аумағында орналасқан. Өңірде 1 517 га аумақта 3 366 жылыжай бар. Қуат көздері тарифінің көршілес Орталық Азия елдеріне қарағанда жоғары болуы, жергілікті жылыжай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендеткен. Осы мәселелерді шешу мақсатында өнеркәсіптік ...

Читать далее »

В Туркестанской области формируется инфраструктура 63 школ, которые построят в рамках проекта «Комфортная школа»

По поручению Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева в стране реализуется проект «Комфортная школа». В рамках национального проекта в Туркестанской области в 2023-2025 годах будут построены 63 школы. Как проходит подготовка к строительным работам? Какие возникают проблемы? Эти и другие вопросы широко обсуждали на заседании под председательством акима области Дархана Сатыбалды. — Проект «Комфортная школа» — это большая возможность решить проблему ...

Читать далее »

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» аясында салынатын 63 мектептің инфрақұрылымы жасақталуда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асады. Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Мектептердің құрылыс жұмыстарына дайындық қалай? Нендей мәселелер бар? Осы және өзге де сұрақтар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен сөз болды. – «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік. Енді ...

Читать далее »

Қытайлық компания Жетісайға инвестиция салуға ниетті

Жетісай ауданына Қытай Халық Республикасынан кәсіпкерлер келді. Делегация құрамында Шаньдун провинциясының Цзыбо қаласындағы «Noah Ark» Company» сауда компаниясының өкілдері Лю Хайгуа мен Чен Бин, қазақстандық «Sogdians» ЖШС өкілдері Олжас Сүлейменов пен Елдар Төлеш болды. Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов қонақтарды қабылдап, еркін форматта кездесу өткізді. Жиын барысында су шаруашылығы мен көпір, автомобиль және темір жол салу, бидай экспорты мен импорты, ...

Читать далее »

Гір көтеруден әлем чемпионатында Түркістан спортшылары 6 медаль еншіледі

Өзбекстанның Хиуа қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға 50-ге тарта елдің спортшылары қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Тартысқа толы өткен бәсекеде еліміздің намысын қорғаған сайыпқырандар арасында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Олар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді иеленіп, еліміздің мерейін үстем етті. Чемпион атанып, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестеріміздің қатарында Мұхамеджан Жәнәділ, Нұртас Сағынғали, Диас ...

Читать далее »