Келестік оқушылар Италияда өтетін өнер байқауына жолдама жеңіп алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Келестік оқушылар Италияда өтетін өнер байқауына жолдама жеңіп алды

Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында ІІ Халықаралық «Жібек жолы» балалар және жас таланттар өнер байқауы өтті. Өнер додасы Ыстамбұл әкімдігінің қолдауымен, Ыстамбұлдағы қазақ диаспорасының және Йөрүк Түркмен қауымдастығының ұйымдастыруымен биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы «Балалар саз мектебінің» домбыра сыныбының оқушылары Диас Жарқымбек пен Нұрғиса Жарқымбек қатысып, бас жүлде иегері атанды. Жас дарындарды дайындаған мұғалімі Жадыра Полатованың айтуынша топ жарған дарындар Италияда өтетін өнер додасына жолдама жеңіп алған.

— Диас пен Нұрғиса 5 жылдан бері домбыра және баян аспабын меңгеріп келеді. Байқауда «Науайшарк» күйі мен халық арасында кең танымал Молдабайдың әнін орындады. Шәкірттерім өнер жолына алғаш қадам басқалы олардың биік белесті бағындыратынына көзім жеткен. Балаларына ата-аналары да зор қолдау көрсетіп келеді, – дейді өнердегі ұстазы.

Айта кету керек, 26 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз Жадыра Жарқымбекқызы көптеген оқушыларды өнер додасына дайындап келеді. Қазіргі таңда шәкірттері үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүр.

x

Check Also

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...