Сауран: Санаторлық емдеу орталықтарымен жұмыс жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Сауран: Санаторлық емдеу орталықтарымен жұмыс жүргізілуде

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының 2023 жылғы 25 желтоқсанындағы 327-Ө бұйрығына сәйкес, 2024 жылға Сауран ауданына «Ардагерлер үйі» және «Мейір» ардагерлер үйі демалыс орындарына 320 жолдама бөлінген,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың наурыз айынан бастап «Ардагерлер үйі» демалыс орны уақытша жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда, зейнеткерлер «Мейір» ардагерлер үйіне жолдануда. Алдағы уақытта, зейнеткерлер «Ардагерлер үйі» демалыс орны жұмысын жалғастырғаннан соң бекітілген жоспарға сәйкес жолдамамен қамтылады.

Аудан көлемінде жалпы 7990 ардагерлер мен зейнеткерлер бар. 2021-2024 жылдар аралығында 2771 өтініш қабылданып, 1001 зейнеткерге санаторлық емдеу курорттарына жолдама берілді. Қалған 1770 зейнеткерлер кезек реттілігі бойынша жолдантын болады.

Санаторлық — курорттық емделуге жолдама алу өз кезегі бойынша жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз. Кезекке тұру үшін Сауран ауданы әкімдігі ғимаратында орналасқан, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келіп, жеке куәлік пен зейнетақы кітапшасы көшірмелерін тапсырады.

Толық мәлімет алу үшін төменде көрсетілген байланыс нөміріне хабарласа аласыз.
☎️ 8-775-931-6292

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...