Шымкент қаласының басты көшелерінің бірі болған Республика даңғылының кешкі шамдары жарықдиодты ЛЭД шамдарға ауыстырылды. Бұған дейінгі жарықшамның қуаттылығы 15 люкс еді. Қазіргі орнатылған жаңа шамдардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді. Даңғыл бойындағы бағаналарға 296 кешкі шам орнатылса, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілер жолына 148 жаңа жарықшам қойылды. Қалада жыл соңына дейін 30 көшенің жарықшамы реконструкциядан өтіп, 104 көшеге жаңасын орнату жоспарланған. ...
Читать далее »Шымкент
Құдірет Досымов – самбодан жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері
Шымкент қаласының спортшысы Құдірет Досымов самбодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жастар арасында әлем чемпионаты 15-17 қазан аралығында Грекияның Салоники қаласында өткен болатын. ҚР жастар құрамасы командалық есепте 3 орынға жайғасты. Отандық балуандар 2 алтын, 3 күміс және 11 қола жүлдеге ие болды. Команда сапында 88 келіде бақ сынаған Құдірет Досымов күміс жүлдеге қол жеткізді. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Читать далее »215 шақырым жол таңбалары сызылды
Шымкент қаласында асфальт жолдың жалпы ұзындығы 2029,2 шақырымды құрайды. Жыл басынан бері шаһарда көліктердің жол қозғалысын реттеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 215 шақырым жол таңбалары сызылды. Нақтырақ айтқанда, 150 шақырымды термопластикпен, қалған 65 шақырымды акрильді краскамен сызу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, қыркүйек, қазан айларында жөндеу жұмыстары аяқталған Б.Момышұлы көшесі, Республика, Қонаев даңғылы, жаңа әуежай терминалына кіре беріс жолдардың және ...
Читать далее »22 елдімекенді сапалы интернетпен қамту үшін жол картасы әзірленді
Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдіраханов қала әкімдігінің «Инстаграм» парақшасында өткен тікелей эфирде қала аумағын мобильді байланыс және талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жұмыстарының барысын айтып өтті. Қала аумағын және қаладан шалғай орналасқан елдімекендер мен тұрғын алаптарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 3 кезеңге бөлінген болатын. Биыл интернетпен қамтамасыз етудің 2-кезеңіне сәйкес, 14 жер анықталып, 8 аумаққа жеке инвестор есебінен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ «МЕЙІРІМ МЕКЕНІНДЕ» КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Өнер кеші Қазақстан бойынша алғаш рет үшінші мегаполисте өтіп отыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараны «Fatyma» қайырымдылық қоры Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған. Бұл кештің ерекшелігі сол — балалар үйлерінің тәрбиеленушілері белгілі сахна жұлдыздарымен бірге өнер көрсетті. Концертті тамашалауға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың депутаттары мен басқарма басшылары, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары жиналды. – Бүгінгі кешті ерекше кеш ...
Читать далее »ТҰРАНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МӘСЕЛЕСІ ОҢ ШЕШІЛЕДІ
Шымкент қаласындағы Тұран шағынауданының 192-орамында орналасқан бес қабатты 12 тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы аяқталған. 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында бұл үйлерге тұрғындар қоныстанып, тұрақты ауызсу, кәріз, электр қуаты, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілген болатын. Алайда, қала бойынша газ көлемінің тапшылығына байланысты тұрақты газ жүйесімен қамтамасыз етілген жоқ. Өйткені, тұрғын үйлердегі жобаға сәйкес автономдық жылу жүйесі жүргізілуіне байланысты жылу қосылмаған. Осы себепті, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МЕЙІРІМ ШУАҒЫ ШАШЫЛДЫ
Шымкентте алғаш рет еліміздегі балалар үйінің тәрбиеленушілерінің «МЕЙІРІМ МЕКЕНІНДЕ» атты өнер кеші өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға еліміздегі балалар үйінің 84 тәрбиеленушісі өнер көрсетті. Әуенді кешке Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және қала мәслихатының депутаттары қатысты. – Бүгінгі игі шара тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Елімізде балалар үйлері болмасын. Бұл бағытта ел ...
Читать далее »ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ — БАСТЫ НАЗАРДА
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң талаптарының сақталуы бойынша құрылған мониторингтік топ жоспарға сәйкес нысандарды аралады. Аталмыш топ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі мен сапасына мониторинг жүргізді. Олар аудан аумағындағы «Нұрсәт» тұрғын алабында ...
Читать далее »ҚҰТЫРУ АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!
Құтыру ауруы — жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру. Бұл ауру адамдарға құтырған жан-жануарлар тістеген кезде, терісінің зақымданған жеріне сілекей жұққанда пайда болуы мүмкін. Егерде, иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз оны өлтіруге асықпай ветеринар маманына көрсетуіңіз қажет. Ветеринар маманы жануарды 10 күндік бақылауда ұстай отыра, 3 рет егу тағайындалады. Ал, егер жарақаттаған қандай жануар екені белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда ...
Читать далее »Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Төлем компаниясынан жеңілдік ретінде тұрмысы төмен отбасылардың балаларына Төлемнің оқушы картасын жасату тегін. Толық мәліметті өз мектебіңіздің социолыгынан ала аласыз. Жол жүру ақысы: 35 тенге (7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша) 50 тенге (15-тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп картасы бойынша)
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 3 МЫҢДАЙ ОТБАСЫНА ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Шымкент қаласында жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылған. — Жыл сайын кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер белгіленген тәртіппен үлестіріліп келеді. Осы жылдың басынан тұрғын үй кезегінде тұрған 682 отбасы арендалық пәтермен қамтылған болса, жыл соңына дейін осы бағытта 294 отбасыға баспана беріледі, — деді тұрғын үй басқармасының басшысы А.Рысжанов өзінің әкімге берген 9 ...
Читать далее »Ақысыз заңгерлік көмекке кімдер жүгіне алады?
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңымен жекелеген халық санаттары заңгерлік көмекті тегін алуға құқылы тұлғалар ретінде білгіленген. Ақысыз құқықтық қызметтер кешенді әлеуметтік заң көмегі түрінде немесе мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында көрсетілуі мүмкін. Кешенді әлеуметтік заң көмегі ерікті түрде өтеусіз заң көмегін көрсету шартына сәйкес: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда ...
Читать далее »РЕСПУБЛИКА КӨШЕСІНДЕГІ ТҮНГІ ЖАРЫҚШАМДАР ЖАҢАРТЫЛДЫ
Шымкент қаласының орталық көшелерінің бірі Республика даңғылында түнгі жарықшамдар жаңартылды. Даңғыл бойындағы ескі жарықшамдар екі деңгейлі жарықшамдарға ауыстырылып, жаяу жүргіншілер жолына қарай қосымша жарықшамдар орнатылды. Жарықтандыру жұмыстарының нәтижесінде көше бойындағы бағаналарға 296, ал жаяу жүргіншілер жолына 148 жаңа шамдар қойылды. Республика даңғылында орнатылған жарықшамның бұған дейін қуаттылығы 15 люкс құраған болса, бүгінде олардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді. Осы жылы тұрғындардың ...
Читать далее »ЖАС СПОРТШЫ СЕРБИЯДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Бүгінде Шымкентте Халықаралық спорт додаларында жетістіктерге жетіп, еліміздің мақтанышына айналып жүрген оқушылар көп. Солардың бірі — Ерзат Каналбаев. Ол бүгінде қаламыздағы № 23 мектеплицейінің 9 сыныбында оқиды. Жастайынан спортты жанына серік еткен Ерзат қалалық, республикалық ойындардың жеңімпазы. Атап айтар болсақ, 2018 жылғы Шымкентте өткен мектеп-интернат арасындағы таеквондодан республикалык турнирде 3-орын алса, 2019 жыл республикалык Астана ашық турнирінде 1-орын иеленді. Ал ...
Читать далее »«AZALA Cotton» кәсіпорны тоқтап қалуы мүмкін
Оңтүстікте мақта талшығын өңдеп, одан дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын «AZALA Cotton» фабрикасының өндірісі тоқтап қалудың аз-ақ алдында тұр. Кәсіпорынның 350 жұмысшысы екі айдан бері жалақы алмаған. Олар енді әрі қарай не істерін білмей дал. Өзге жұмысқа ауысайын десе, 2 ай еңбектеніп тапқан табысын бермей қоя ма деп қорқады. Ал фабрикада әрі қарай ақысыз жұмыс істегілері келмейді. Өндірістің тежелуіне салық органының ...
Читать далее »Тозығы жеткен үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмайды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков бүгін қаладағы тозығы жеткен бірқатар үйлерді аралап, тұрғындардың жай-күйімен танысты. Бүгінде қаланың техникалық зерттеу қорытындысы негізінде 107 көппәтерлі тұрғын үй тозығы жетіп, бұзуға ұсынылған. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары соғылған үйлер бүгінде апатты жағдай алдында. Әкім орынбасары ең алдымен 1-Мамыр көшесі бойында орналасқан 14 А,Б, 16 А және 20-шы үйлерде болды. Тозығы жеткен үйлердің шатыры ...
Читать далее »Шымкентте цирк пен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді
Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді. Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды. Қойылымдардың күні мен уақыты: 26 қазан күні, сағат 15:00-де ...
Читать далее »Шымкентте бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетілді
Шымкентте Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Биыл елімізде азаматтық қорғаныс қызметінің құрылғанына 26 жыл толып отыр. Мерекелік іс-шарада азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Мерекелік жиынға қала мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов, азаматтық қорғаныс органдарының ардагерлері, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Салтанатты іс-шара өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбегін баяндайтын сахналық қойылымды ...
Читать далее »«Dala kilemderi» көрме жәрмеңкесі өтуде
Шымкент қаласында «Dala kilemderi» көрме жәрмеңкесі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл да «Bal Tekstil» компаниясының ұйымдастыруымен» 16 — 25 қазан аралығында көрме орталығында өтуде. Жәрмеңке отандық кілем сапасы шетелдік өнімдерден кем түспейтіндігін дәлелдеп, халық арасында танымалдығын арттыруды мақсат еткен. Отандық өнімдермен қатар, Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан және Молдова елдерінің өнімдері де ұсынылуда. Bal Tekstil 2011 жылдың аяғында «Оңтүстік» ...
Читать далее »АЗАМАТТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкенттегі жастарға вакциналаудың маңыздылығы насихатталды. Мегаполисте іс-сапарда жүрген «Елім үшін егілемін» атты азаматтық штабтың өкілдері Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығында қаладағы белсенді жастармен кездесті. Еркін форматта өткен жиында Қазақстан заңгерлер одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев вакцина қабылдау шарасының мән-маңызын түсіндірді. Ал кездесуді қалалық ішкі саясат және жастар ...
Читать далее »