Шымкент

Шымкентте Тазару күнінде 1 мыңнан астам түп ағаш егілді

Биыл Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін еліміз 10 күн бойына тойлағаны белгілі. Наурызнаманың қорытынды күні, яғни, 23 наурыз — Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтіп жатыр. Тазару күніне орай өткен жалпыұлттық экологиялық акциядан Шымкент қаласы да тыс қалған жоқ. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан Шымкент-Сити шағынауданында «Бір тал кессең, он тал ек» деген ...

Читать далее »

Шымкентте сакура ағашы гүлдеді

Шырайлы Шымкенттің көшелерін көктем шуағына бөлеген сакура ағаштарын өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков отырғызған болатын. Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарып, қаланың көркін аша түсті. Жапон мәдениетінің символына айналған бұл ағаштар «Журналистер» аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған еді. Биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың табиғи сәнін ...

Читать далее »

Шымкентте «Төлем» жүйесінен Avtobys жүйесіне көшу ресми түрде қабылданды

2025 жылдың 1 мамырынан бастап Шымкент қаласында «Төлем» жүйесінің валидаторлары ажыратылады. Осыған орай, тұрғындардан стандартты Төлем карталарының балансын толықтырмау сұралады. Қаражатты көрсетілген мерзімге дейін пайдалануға кеңес беріледі, ал 1 мамырдан кейін картада қалған қаражатты қайтару үшін Төлем кеңсесіне өтініш беру қажет болады. Сонымен қатар, Төлем жобасы Шымкент қаласындағы жұмысын аяқтайды, ал тұрғындар мен Төлем карталарының иелері үшін 2025 жылдың 10 ...

Читать далее »

Шымкентте 120 оқушы домбырашылар челленджіне қатысты

Наурыз мерекесінде елімізде оқушылар бір мезгілде күй тартты. “Наурызнама” онкүндігі аясында барлық мектептерде республикалық челлендж өтті. “КҮЙ КҮМБІРІ” республикалық домбырашылар челленджіне Шымкент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы қатысты. Білім ордасының “Мұрагер” ансамбліндегі 120 оқушы бір мезетте Құрманғазының “Балбырауын”, “Адай” күйлерін, Ә.Желдібаевтың “Ерке сылқым”, Н.Тілендиевтің “Әл қисса” күйлерін орындады. Шараның мақсаты — білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, ...

Читать далее »

5 сәуірден бастап мопедтерді тіркеусіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынады

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Заң талаптарына сәйкес, тіркелмеген мопедтерді басқару және жүргізуші куәлігінсіз мопедті пайдалану тыйым салынады. Аталған күннен бастап мопед иелері келесі талаптарды орындауы тиіс: — көлік құралын полицияда тіркеуден өткізу; — A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігін алу; — техникалық тексеруден өту; — азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды рәсімдеу. 5 сәуірге ...

Читать далее »

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына

Қазіргі таңда қала аумағында түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты бұзу фактілері жиілеп тұр. Бұл әсіресе тойханалар мен мейрамханалар, елді-мекендер мен шағын аудандарда пиротехникалық бұйымдарды пайдаланумен байланысты болып жатады. Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану ережелерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабына сәйкес тәртіптік жауаптылық қарастырылғанын естеріңізге саламыз. Атап айтсақ: Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық ...

Читать далее »

Ұлттық спорт — ұлықталатын күн

20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Әр ұлттың өз ұлттық ерекшелігін айқындайтын дүниелер бар. Тілі, ділі, діні, дәстүрі мен мәдениетінің қатарында халықтың сипатын айқындап, болмысын танытатын тағы бір құндылығы ол – ұлттық спорты. Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді. Ұлттық спортпен шұғылданатын спортшылардың бітім-болмысының өзгеден бөлектеніп тұратыны да осыдан болса керек. Ұлттық ...

Читать далее »

Шымкентте Наурызнама аясында ұлттық киімдер көрсетілімі ұйымдастырылды

Наурыз тойы – ата-бабамыздың бай дәстүрі мен ұлттық мәдениетінің жаңғырып, бірлік пен берекенің жарқырай көрінетін мерейлі кезі. Бұл күндері ақ түйенің қарны жарылып, қала тұрғындары үшін ерекше сезім, ұлттық рух оянып, мәре-сәре күй кешеді. Бүгін Шымкенттегі “Көрме орталығында” Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған ұлттық киімдер көрсетілімі де нағыз өнер мен мәдениеттің мерекесі болды. Іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген дизайнерлер қатысып, қазақтың ...

Читать далее »

Туылған сәтте жүрегі тоқтап қалған: Дәрігерлер ауыр жағдайдағы сәбиді аман алып қалды

Шымкент қалалық перинаталды орталықтың тәжірибелі дәрігерлері ауыр жағдайда өмірге келген сәбиді аман сақтап қалды. Нәрестенің анасы, Шымкент қаласының тұрғыны Айман Сарыбаева «Плацентаның мерзімінен бұрын ажырап кетуі» диагнозымен орталыққа ауыр жағдайда жеткізілген. Шұғыл түрде әрекет еткен дәрігерлер, әйелді кесарь тілігі жолымен босандырып алды. Бірақ туылған кезде нәрестенің жағдайы қиындап, жүрегі соқпай қалған. Дер кезінде әрекетке көшкен неонатолог — дәрігерлер жедел түрде ...

Читать далее »

«30 қайырымды іс» акциясы аясында көмек көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қолға алынған «30 қайырымды іс» акциясы аясында Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығының белсенділері 50-ге жуық әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін таратты. Игі шара барысында көпбалалы және материалдық көмекке мұқтаж отбасыларға күнделікті қажетті азық-түлік өнімдері таратылды. Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 қайырымды іс» акциясы Шымкенттік этномәдени бірлестіктердің бастамасымекн іске ...

Читать далее »

Шымкент: Абай ауданында көшелерді жарықтандыру көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда

Инфрақұрылымдық жобалар ауданның даму қарқынын арттырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуде маңызды рөл атқарады. Абай ауданында биыл 50 көшеге 45 шақырым аяқжол салынады. Қазір 268 көшеге жарық жүйесін орнатудың бірінші кезеңі басталды. Биыл аудан көшелерін 100 пайыз жарықтандыру жоспарлануда. Бұл жобалар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өткен жылы 254 көше жарықтандырылып, 23 көшенің бойына 10 шақырым аяқжол салынған ...

Читать далее »

Шымкент дәрігерлері кезекті трансплантацияны сәтті жүзеге асырды

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231-рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. 1984 жылы туылған ана 2004 жылғы ұлына бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулығында ақау жоқ. Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта ...

Читать далее »

Шымкент дендросаябағы жаңа өсімдіктермен толығады

Жуырда А. Асқаров атындағы “Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының” мамандары меморандум аясында «Академик Ф.Н. Русанов атындағы Ташкент ботаникалық бағына» кезекті рет іс-сапармен барып қайтты. Қызметкерлер әйгілі саябақтың ғылыми жұмыстарымен танысып, гендік қорды көбейту бойынша тәжірибе алмасты. Бізде кездеспейтін интродукциялық 84 түрлі ағаш-бұталардың жасыл қаламшалары мен 7 ағаш-бұта тұқымдары әкелінді. Сонымен қатар, оранжерияда өсетін 6 түрлі субтропикалық өсімдіктің — пальма, фикус, фикус ...

Читать далее »

2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына ресми түрде теңестіріледі

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.Бұл көліктің осы түрінің иелері үшін жаңа ережелерді талап етеді. Негізгі өзгерістер міндетті тіркеуді қамтиды,көрсетілген күннен бастап мопедтерді пайдалану оларды полиция органдарында тіркегеннен кейін ғана мүмкін болады.Сонымен қатар мопедті басқару үшін А1,А немесе В санаттарындағы жүргізуші куәлігінің болуы қажет,сонымен қатар көлік құралы ...

Читать далее »

Тұрғын үй сертификаттары және «Қамқор» өңірлік бағдарламасы

2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталғаны хабарланды. 500 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда. Тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде беріліп, қарыз сомасының 10%-ын, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде ұсынылады. Бұл сертификаттар бірінші және екінші топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс ...

Читать далее »

Шымкент әкімі ғасыр жасаған аналарды құттықтады

Бүгін қала әкімі ғасыр жасаған ардақты аналарымызды туған күндерімен және Халықаралық әйелдер күнімен арнайы құттықтады. Бұл жандар – тарихтың тірі куәгерлері, төзімділік пен даналықтың, отбасыға деген адалдықтың символы. Қала әкімі Ұлы Отан соғысының ардагері, ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен Нина Егоровна Мосунованы арнайы құттықтады. Ертең ол 101 жасқа толады. Әкім оған Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді. Әкім ...

Читать далее »

Жаңа өмірдің жарқын бастамасы

Бүгін Шымкент қаласындағы №2 Қалалық перинаталдық орталығында ерекше қуаныш пен жылулыққа толы бір сәт болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында қалалық ҚХА мүшелері жаңа туған сәбилерді перзентханадан салтанатты түрде шығарып, жас аналарға естелік сыйлықтарын табыстады. Қазақстан халқы Ассамблеясы әрқашан этносаралық келісім мен достықты нығайту үшін өз қызметін жалғастырып келеді. Бүгінгі шара да осы ұлы мақсатқа қосылған ...

Читать далее »

Жылулық сыйлау – жанашырлықтың белгісі!

Тазалық қызметкерлері күн сайын қаланың тазалығын қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етеді. Олардың еңбегінің маңыздылығын атап өту – қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, адамдардың бір-біріне деген құрметін күшейтеді. Осыған орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала тазалығын сақтауға үлес қосып жүрген тазалық қызметкерлеріне алғыс білдіру және қолдау көрсету мақсатында «Қайырымдылық – жылы жүректен» акциясы өтті. Ауа райының суықтығына қарамастан, күнделікті көшелерді қардан ...

Читать далее »

Шымкентте этномәдени танымды арттыруға арналған зияткерлік сайыс өтті

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «ЭтноQuiz: Қазақстанның мәдени әртүрлілігіне саяхат» тақырыбында интеллектуалды іс-шара өтті. Жиынның негізгі мақсаты — қатысушыларды Қазақстан халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру, командалық рухты дамыту және достық пен өзара түсіністік атмосферасын нығайту. Іс-шараға Мирас университеті, Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Мардан Сапарбаев университеті, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті жастары қатысты. Спикерлер командамен ...

Читать далее »

Шымкент: Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 40 нысан пайдалануға беріледі

Биыл Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жобалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 35 балалар ойын, спорт алаңы, сондай-ақ 5 қоғамдық орын пайдалануға беріледі. Жергілікті азаматтардың ұсыныстары бойынша Еламан, Оңтүстік, Цементшілер, Жұлдыз, Бадам-1, Базарқақпа, Ұлағат шағынаудандары мен елді мекендерінде балалар және спорт алаңшалары бой көтереді. Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау ...

Читать далее »