Шымкент

Ардагерлер дәрігерлердің қамқорлығында

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент Қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері соғыс және тыл ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, құрмет көрсетті. Аурухананың бас дәрігері Динара Ақәділқызы бастаған ақ желеңділер Ұлы Отан соғысының ардагері Мосунова Нина Егоровна мен тыл еңбеккері Дуликова Нина Степановнаны мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Шара аясында ардагерлердің денсаулық жағдайы тексеріліп, медициналық кеңестер берілді. – Қарт майдангерлер сұрапыл соғысты ...

Читать далее »

Бірлік пен татулық – ел тұтастығының тірегі

Шымкент қаласы Қаратау ауданының «Сайрам» тұрғын алабындағы «Наурыз» саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік пен татулық – ел тұтастығының негізі» атты аудандық мерекелік іс-шара салтанатты түрде өтті. Көктемнің шуақты күнінде ұйымдастырылған бұл игі шарада тұрғындарға ұлттық рух пен салт-дәстүрдің айшықты көріністері ұсынылды. Қолөнер шеберлерінің туындылары мен ұлттық тағамдар көрмесі, сондай-ақ сауда-саттық жәрмеңкесі мерекеге келген қонақтардың көңілінен шықты. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

Тазалықты бірге жасайық

Шымкенттегі денросябақ еліміздегі ең алғашқы болып табылады. Бастапқыда қоқыс тастайтын орын болған бұл аймақ белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың бастамасымен 1979 жылы бой көтерген. Денросаябақ әлемнің түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын, магнолия және тағы басқа көптеген ағаштардың көшеттері егіліп, 500-ден астам өсімдік өсірілген. Сонымен қатар, денросаябақтың аумағы фаунамен де байытылған. Онда тиін, елік пен теңбіл бұғы, ...

Читать далее »

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қалдықараев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагері Маржанкүл Қуанышбаеваның шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді. 1936 жылы дүниеге келген Маржанкүл Қуанышбаева – бес перзентті тәрбиелеп, ұрпақ өсіруге бар ғұмырын арнаған ардақты ана. Ісмерлікті өміріне серік еткен тыл ардагері бүгінде 89 жаста. Соған қарамастан құрақ құрап, ұлттық ...

Читать далее »

Кітап ақыл нұры.

Рухани, мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі де берік, сапасы да жақсы болары сөзсіз. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген сөзі ұлттық руханиятты көтеруде маңызы зор деп білеміз. Осыған орай 23 сәуір – Ұлттық кітап күні деп белгіленіп, биыл тұңғыш рет рухани мерекенің республика көлемінде тойланып жатқаны қуантады. Аталмыш мерекеге Шымкент қалалық жас өспірімдер кітапханасының ұжымы ...

Читать далее »

Шымкентте тыл ардагері шипажайға жолдама алды

Шымкентте Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына орай тыл еңбеккерлеріне арналған әлеуметтік қолдау шаралары жалғасуда. Қаладағы құрметті ардагерлердің бірі — Сағындық Мустафин “Ақсу демі” шипажайына жолдама алды. Сағындық Мустафин 1936 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Әкесі майданға аттанғаннан кейін, анасы екеуі шаруашылық жұмыстарға араласып, ел ішіндегі еңбек майданына ерте кіріскен. Кейін 19 жасында шахтада жұмыс істей жүріп, Қарағанды ...

Читать далее »

Ардагерлер шахматтан шеберліктерін байқатты

Биыл Ұлы жеңіске 80 жыл толады. Бұл – уақыттың жай ғана межесі емес, бұл – ерлікке толы өткеннің, бейбіт болашақтың, халықтың жігері мен рухының символы. Осыған байланысты жеңістің 80 жылдығына арналған еліміздің түкпір-түкпірінде кең ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Әр бастамада қатарлары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше сезіледі. Республика көлемінде еске алулар, ардагерлермен кездесулер, жас ұрпаққа арналған патриоттық акциялар мен танымдық ...

Читать далее »

Талдықорған театрының рухани керуені: 50 жылдық мерейтойлық гастроль Шымкентте жалғасады

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры өзінің 50 жылдық мерейтойы аясында республика өңірлеріне гастрольдік сапарлар ұйымдастырып, театр өнерін кеңінен насихаттауда. Осы мерекелік шара аясында театр ұжымы 2025 жылдың 27–30 сәуірі аралығында Шымкент қаласының өнерсүйер қауымына өз репертуарындағы үздік қойылымдарын ұсынбақ. Гастрольдік бағдарламада Б. Римованың «Қос мұңлық» драмасы, Ж. Әлікеннің «Қазақтың тойы бітпесін» драмасы, А. Володиннің «Кездесу мен қоштасу» психологиялық драмасы, ...

Читать далее »

Жастармен бірге таза Шымкент

Таза Қазастан акциясы Шымкент қаласында үздіксіз әрі қарқынды жүргізілуде. Оның бірден бір себебі, жастардың Таза Қазақстан акциясының мәнін жетік түсінуінде. Қаланың, өзіңнің ортаңның және қоғамның тазалығы — ол халқының сауаттылығының көрсеткіші екендігімен толықтай келісуінде. Осы бағытта жастарға алдымен акцияның бағыты мен маңызын түсіндіру мақсатында арнайы волонтерлік ұйымдарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сананы өзгерту мақсатында кездесулер өтті. Волонтерлік күштің көмегімен ең лас ...

Читать далее »

Кітап – ұлттық құндылық

Қазақ халқы ежелден-ақ сөзге тоқтаған, сөзге жүгінген, жыр мен әңгіме арқылы өзіндік болмысын сақтаған халық. Кітап – сол ұлттың сан ғасырлық жады, рухани мұрасы, мәдени кодын келер ұрпаққа аман жеткізер сенімді көпір. «Халықты кітаппен тәрбиелеу – ұлттың болашағын тәрбиелеу» деп ой түйген көрнекті ғалым Мұхтар Әуезовтің пайымымен қарасақ, кітап – ұлттық құндылықтардың қайнар көзі. Ұлы даланың ұлы есімдері – Абай, ...

Читать далее »

Шымкент: Әл-Фараби ауданында «Таза Өлке» ЖШС-нің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді

Әл-Фараби ауданы әкімдігі «Таза Өлке» ЖШС-і аудан аумағында ауқымды тазалық жұмыстарын өткізді. Акция аясында мекеме қызметкерлері Республика даңғылы бойындағы бірқатар көшелерді және көше бойындағы аялдамаларды тазартты. Бұл іс-шараның мақсаты – қаланың көркін сақтау, экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындар арасында таза ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Қаламыздың тазалығына үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Әрбір сенбілік – бұл біздің қалаға деген сүйіспеншілігіміз ...

Читать далее »

Шымкентте кең ауқымды тазалық шарасы өтті

Бүгін Шымкент қаласында ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі мен қалалық әкімдіктің қолдауымен «Зират және зиярат ету мәдениеті» атты ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Бұл игі бастама халықтың рухани мәдениетін көтеру және зираттарды таза ұстаудың маңыздылығын насихаттауды мақсат етті. Шара барысында санитарлық талаптар қатаң сақталып, жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде атқарылды. Әрбір мазарат аумағына жаңартылған «Зират ету ережесі» тақтайшалары орнатылып, зиярат етушілерге арналған арнайы ...

Читать далее »

Шымкент: “Таза Қазақстан” акциясы аясында асар шағынауданында сенбілік өтті

Бүгін Абай ауданы, Асар шағынауданына ерекше серпін берген жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, аудан тұрғындары мен белсенділер белсене атсалысып, туған өлкеміздің тазалығы үшін жұмыла еңбек етті. Сенбілік аясында: -аумақ қоқыстан тазартылып, -шөптер шабылды, -арық жағалары мен жол жиектері күл-қоқыстан аршылды. Бұл тек бір күндік жұмыс емес — бұл елге, табиғатқа, келер ұрпаққа деген жауапкершіліктің ...

Читать далее »

«Табиғатты аялау – ұрпаққа үлгі»: Таза қала – мәдениетті қоғамның айнасы

«Таза Қазақстан» акциясы елімізді экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған ауқымды бастама. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынып, ел тұрғындарын табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға және таза ұстауға шақыруда. Шымкент қаласында жыл басынан бері аталмыш акция аясында 25 іс-шара өткізіліп, оған 3000 мыңнан астам жұмысша тартылды. Сонымен қатар, 4200 арнайы техника жұмылдырылып, 26 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар шығарылды. 10 ...

Читать далее »

Ұлы Жеңіске 80 жыл: жеңіс үшін жанын қиғандардың ерлігі дәріптелді

Шымкент қалалық музейлер бірлестігі «Ерлік музейі» бөлімінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Бейбіт күн жасасын әлемде!» тақырыбында іс-шара өтті. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігін қастерлеу – кейінгі буынның парызы. Шымкенттің өзінде 23 мыңнан астам адам майданға аттанған. Олардың көбі майдан даласынан оралмады. Ал, боздақтардың пайдалаған заттары мен құралдары музейдің «Ерлік» бөлімінде сақтаулы. Жалпы жәдігерлер ...

Читать далее »

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай республикалық спартакиада өтуде

Шымкентте еліміздің әр өңірінен жиналған прокуратура органдарының қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық спартакиадада басқосты. Іс-шарада Бас прокурор Берік Асыловтың арнайы құттықтауы оқылды. «Бұл дода прокуратура жүйесінің әрбір қызметкері үшін өте маңызды. Жеңіс – халқымыздың қайтпас қайсарлығы мен бірлігінің, Отанға деген өлшеусіз сүйіспеншілігінің белгісі. Ұлы Отан соғысы жылдары ішінде фашизмді талқандауға прокуратура органдары да айтарлықтай үлес қосты. Соғыстың алғашқы жылында ...

Читать далее »

Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәрбиені күшейту шаралары жүргізілуде

Шымкент қаласында өтіп жатқан «жасөспірім» атты профилактикалық іс-шара жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды бастамаға айналды. Бұл шара қазақстан республикасы ішкі істер министрлігінің 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялауымен тікелей байланысты. мақсат – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру және құқық бұзушылықтың кез келген түрін болдырмау. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері білім беру мекемелеріне арнайы ...

Читать далее »

Шымкентте балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2025 жылды Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялап, ел көлемінде кешенді шараларды қолға алды. Осы бастаманың аясында Шымкент қаласында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл іс-шараға қаладағы құқық ...

Читать далее »

Құрақ құрау — бірігудің белгісі

Талайды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыннан қиыстырып құрақ құрау. Өнердің сарқылмас қайнар көзіне айналған бұл қолөнер бұйымы әр қазақ шаңырағының төрінен көрінуі тиіс. Төрдің төріне төселген құрақ қазақ өнерін менмұндалатып тұратындай. Осы асыл мұраны ұрпақ санасына сіңіру, жаңғырту және насихаттау мақсатында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Құрақ құрау – өнердің сарқылмас қайнар көзі» атты тағылымы мол шеберлік сағаты ...

Читать далее »

“Кітап оқымай өмірді білу мүмкін емес”

Стористі емес, кітапты аш! Осыдан он шақты күн бұрын Лаура Тастанбек әріптесімнің кішкентай оқушы қызын кітап оқуға үйреткенін көріп, балалық шағым есіме түсті. Менің анам мен апам(нағашы әжем бізбен тұратын) да кітапты дауыстап оқығанымды қалайтын. «Біз де тыңдаймыз, сенің де есіңде қалады», дейтін. Рас. Күрделілеу сөйлемдерді қайта оқимын, мамам мен апам жарыса түсіндіреді. Апам ғой, өміріндегі ұқсас сәттер есіне түсіп ...

Читать далее »