Шымкент: “Таза Қазақстан” акциясы аясында асар шағынауданында сенбілік өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: “Таза Қазақстан” акциясы аясында асар шағынауданында сенбілік өтті

Бүгін Абай ауданы, Асар шағынауданына ерекше серпін берген жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, аудан тұрғындары мен белсенділер белсене атсалысып, туған өлкеміздің тазалығы үшін жұмыла еңбек етті.

Сенбілік аясында:
-аумақ қоқыстан тазартылып,
-шөптер шабылды,
-арық жағалары мен жол жиектері күл-қоқыстан аршылды.

Бұл тек бір күндік жұмыс емес — бұл елге, табиғатқа, келер ұрпаққа деген жауапкершіліктің көрінісі. “Таза Қазақстан” – әр азаматтың ортақ міндеті мен үлесі. Көрікті қала, таза орта – өз қолымызда!

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...