Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәрбиені күшейту шаралары жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәрбиені күшейту шаралары жүргізілуде

Шымкент қаласында өтіп жатқан «жасөспірім» атты профилактикалық іс-шара жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды бастамаға айналды.

Бұл шара қазақстан республикасы ішкі істер министрлігінің 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялауымен тікелей байланысты. мақсат – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру және құқық бұзушылықтың кез келген түрін болдырмау. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері білім беру мекемелеріне арнайы барып, оқушылармен кездесу өткізуде. Олар жастармен ашық әңгімелесу арқылы заң нормаларын түсіндіріп, құқықтық жауапкершілік туралы мағлұмат беріп жатыр

Бұл – жастардың құқықтық санасын көтеруге бағытталған тиімді әдіс. шара барысында түнгі уақыттағы бақылау да күшейтілді. полицейлер түнгі уақытта ойын-сауық орындары мен көшелерді тексеріп, бақылаусыз жүрген балаларды анықтауда. Бұл жұмыс балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. 14 күн ішінде тіркелген 776 құқық бұзушылық – мәселенің өзектілігін көрсетеді. соның ішінде алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату, түнгі уақытта үйден тыс жүру, қоғамдық орында мас күйде болу сияқты жағдайлар көптеп тіркелді. Бұған қоса, тәрбиелеу міндеттерін орындамаған ата-аналарға қатысты да шаралар қолданылды. Мұндай кешенді іс-шаралар қоғамды серпілтіп, ата-аналарды балаларымен тығыз жұмыс істеуге ынталандырады. Қоғам болып бірігіп, бала тәрбиесіне бей-жай қарамай, саналы ұрпақ өсіруге бар күшімізді салуымыз қажет. Себебі бүгінгі жас – ертеңгі ел болашағы.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/9V9f_v8TrYo

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...