Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған. Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде сауда жасайтынын ашық жеткізді. Айтуынша, тауарларға өзі тапсырыс беріп, сауда орнында басы-қасында жүріп, ісін өзі қадағалайды. Базарда сауда жасаймын. Ол жерде өзімнің адамдарым тұрады. Арасында өзім де барамын. Ашып алып, кетіп қалу деген жоқ қой. Басы-қасында жүріп, ...
Читать далее »Шымкент
Шымкентте 134 азамат қайтарымсыз грантқа ие болды
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады. Шымкент қаласында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік гранттар берудің алғашқы кезеңі сәтті аяқталды. Қаржылай қолдау алуға ниет білдірген 934 адамның ішінен арнайы комиссияның шешімімен 134 үміткердің жобасы мақұлданып, әрқайсысына 400 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни ...
Читать далее »Шымкентте құтыруға қарсы екпе тегін жасалады
Құтыру – жануардан адамға жұғатын және орталық нерв жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Құтыруға шалдыққан жағдайда аурудың соңы өлімге әкеледі. Аурудың қоздырғышы ит, қасқыр, түлкі, қарсақ сияқты аңдар арқылы таралады. 2025 жылы Шымкентте жануарлардан жарақат алған 1294 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 жағдайға көп. Қалада иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстары жалғасуда — биыл 20127 ит пен ...
Читать далее »Мюнхенде шетелдік мамандар Шымкенттің туризм саласы туралы ақпарат алды
27 маусымда Германияның Мюнхен қаласында Шымкенттің туристік әлеуетін таныстыруға арналған іс-шара өтті. Оған Қазақстан Республикасының Германиядағы Бас консулдығының өкілдері, неміс туроператорлары мен туристік сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында Шымкент қаласының туристерге арналған қызметтері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға қала туралы бейнеролик көрсетіліп, туристерді қабылдауға арналған жағдайлар мен қызметтер жөніндегі материалдар ұсынылды. Бұл кездесу шетелдік туризм мамандарына Шымкентті жаңа бағыт ...
Читать далее »Венгрияда Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды
28 маусымда Венгрияның Карцаг қаласында дәстүрлі «Karcagi Birkafőző» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі мен Карцаг қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестиваль аясында Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, қала тарихы, мәдениеті және табиғи көрікті жерлері туралы ақпараттық материалдар ұсынылды. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен дәстүрлі мәдениеті дәріптелді. Аталған шара Шымкент қаласы мен Еуропа ...
Читать далее »Еңбегімен елге үлгі азамат
Нарманов Мейірбек Арынұлы – темір-бетон цехының басшысы, өндіріс саласында 47 жылдық еңбек өтілі бар, өз ісінің шебері. Жоғары кәсіби біліктілігі мен мамандығына деген адалдығының нәтижесінде әріптестері арасында зор құрмет пен беделге ие. Еңбек жолын 1979 жылы «Чимкент резина-асбест комбинатында» (қазіргі «Чимкентшина») каландр цехының мастері қызметінен бастаған. Өзінің табандылығы мен жоғары іскерлік қабілетінің арқасында өндірістің түрлі сатыларында қызмет атқарып, 6-разрядты слесарь, ...
Читать далее »Шымкентте этномедиация апталығы қорытындыланды
Шымкент қалалық Достық үйінің ғимаратында «Этномедиация: Этносаралық келісім мен татулықтың жолы» тақырыбында мастер класс өтті. Медиация апталығы – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған, ел ішінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды жоба. Аталған апталық қалалық ҚХА жанындағы этномедиация кеңесі мен қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бірлесіп, ұйытқы болуымен қолға алында. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Қазақстан ...
Читать далее »Сапалы білім мен медициналық кадрларды даярдаудағы үлесі зор тәжірибелі маман
Серікова Ләйла Ергешқызы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2004 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Анатомия-физиология пәндері бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Педагог-зерттеуші» кәсіби санатына ие,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Білімі: — 1997 ж. – Шымкент медицина колледжі, «Мейірбике ісі» мамандығы; — 2003 ж. – Оңтүстік Қазақстан ...
Читать далее »Неделя «Закон и порядок»: Антикор провел день открытых дверей
24 июня 2025 года в Агентстве по противодействию коррупции и его территориальных департаментах прошел день открытых дверей. В рамках продвижения идеологий «Закон и порядок» были организованы юридические консультации, прием граждан, презентации о деятельности Антикоррупционной службы и принятых мерах по противодействию коррупции. Сотрудники Антикоррупционной службы провели прием граждан по различным обращениям, в ходе которого посетителям была предоставлена квалифицированная правовая помощь и ...
Читать далее »«Заң және тәртіп» апталығы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ашық есік күнін өткізді
2025 жылдың 24 маусымында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен аумақтық департаментатерінде Ашық есік күні өтті. «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде құқықтық кеңес беру, азаматтарды қабылдау, Агенттіктің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы презентациялар ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тарапынан азаматтарға түрлі құқықтық көмек көрсетілді және қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Сондай-ақ агенттікке ...
Читать далее »Денсаулық сақтау саласының тәжірибелі ұйымдастырушысы және білікті нейрохирург
Тоқбергенов Нұраш Менлітайұлы – тәжірибелі денсаулық сақтау ұйымдастырушысы, жоғары санатты дәрігер-нейрохирург. 1984–1992 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік медицина институтында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алған, 1993 жылы интернатураны «Хирург» мамандығы бойынша тәмамдаған,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Кәсіби еңбек жолын 1992 жылы Шымкент қалалық медициналық жедел-жәрдем ауруханасында нейрохирург дәрігер ретінде бастап, 2000 жылдан бастап басшылық қызметтер атқарып келеді. Әр ...
Читать далее »В Шымкенте прошла масштабная уборка в рамках программы «Таза Қазақстан»
В Шымкенте прошли масштабные мероприятия по уборке городских территорий в рамках республиканской программы «Таза Қазақстан». Жители города активно участвовали, демонстрируя свою заботу о природе и любовь к родной земле. В целом, экологическая программа «Таза Қазақстан» в Шымкенте приобретает общенародный характер. В этот раз все районы, учреждения и организации приняли активное участие, и мероприятия по уборке прошли на высоком уровне. В ...
Читать далее »Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды тазалық шарасы өтті
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды тазалық шаралары өтті. Оған қала тұрғындары белсенді түрде қатысып, табиғатқа деген жанашырлығын, туған жерге деген сүйіспеншілігін паш етті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жалпы, Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалпыхалықтық сипат алып келеді. Бұл жолы да барлық аудандар, мекемелер мен ұйымдар белсене қатысып, тазалық шаралар жоғары деңгейде өтті. Атап ...
Читать далее »«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша хабарландыру
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды. Биыл республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант беру көзделуде. Грантқа 6 бағыт бойынша («Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа», «Волонтерлік») 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына сәйкес ...
Читать далее »Шымкентте «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бұқаралық жүгіру өтті
26 маусымда бүкіл әлем жұртшылығы Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күнін атап өтеді. Осыған орай, Шымкент қаласындағы дендросаябақта «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен бұқаралық жүгіру өтті,—деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген іс-шараға қала тұрғындары, спортшылар, полиция қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысты. Шындығында, есірткі пайдалану және оның заңсыз айналымы бүкіл әлем ...
Читать далее »Жас киногерлерге жол ашқан “Samgau” фестивалі Шымкентте өтті
Шымкент қаласында “Samgau” республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мақсаты – ұлттық киноөндірістің дамуына серпін беру, шығармашыл жастарды қолдау және жаңа есімдерді кино кеңістігіне таныту,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18 бен 35 жас аралығындағы жас режиссерлер мен продюсерлер қатысып, түрлі жанр мен тақырыптағы туындыларын ұсынды. Ұйымдастырушыларға 30-дан астам қысқаметражды ...
Читать далее »Шымкентте «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтті
Бүгін «Түркістан» сарайында Қала күні мерекесіне орай «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 12 ақын қатысты. Айтыс тізгінін ақын, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев ұстады. Аламанда бақ сынаған ақындар Шымкент тұрғындарының еңбекқорлығы мен қаланың жеткен жетістіктерін шешен сөзбен жеткізді. Төл өнерге сусап жүрген қала халқы ақындардың терең мағыналы, әсерлі айтысына дән ...
Читать далее »Жоғары білікті тәжірибелі аға мейірбике
Қуанышбекова Нұржамал Нұржігітқызы – тәжірибелі жоғары санатты аға мейірбике, өз ісінің нағыз шебері,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 1997 жылы Шымкент медицина колледжін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын облыстық эндокринологиялық диспансерде мейірбике ретінде бастады. 2000 жылы жаңадан ашылған облыстық кардиологиялық орталыққа ауысып, №3 кардиология бөлімшесінің аға медбикесі болып тағайындалды. 2009 жылы кардиохирургия бөлімінің ашылуына байланысты анестезиология, ...
Читать далее »Ұлттық қолөнер мұрасы насихатталған “Shymkent Usta Fest” фестивалі өз мәресіне жетті
Шымкент қаласының «Арбат» алаңында Қала күні мерекесі аясында елімізде алғаш рет өткізілген Shymkent Usta Fest – тұтас ағаштан жасалатын қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Ауқымды мәдени іс-шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек сөз сөйлеп, фестивальдің ұлттық мәдениетті сақтау мен дамытудағы рөліне тоқталды: – Фестивальдің мақсаты – тұтас ...
Читать далее »«Шымкент – қызғалдақтар қаласы» халықаралық суретшілер симпозиумы салтанатты түрде жабылды
2025 жылғы 22 маусым күні Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханада «Шымкент – қызғалдақтар қаласы» атты халықаралық суретшілер симпозиумының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шара аясында көрме ұйымдастырылып, симпозиумға қатысқан суретшілер марапатталды. Аталған халықаралық шығармашылық жиын 18–22 маусым аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Симпозиумға Қазақстаннан бөлек, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен келген 16 кәсіби суретші қатысты. Сонымен қатар, ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
