Жас киногерлерге жол ашқан “Samgau” фестивалі Шымкентте өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Жас киногерлерге жол ашқан “Samgau” фестивалі Шымкентте өтті

Шымкент қаласында “Samgau” республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мақсаты – ұлттық киноөндірістің дамуына серпін беру, шығармашыл жастарды қолдау және жаңа есімдерді кино кеңістігіне таныту,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18 бен 35 жас аралығындағы жас режиссерлер мен продюсерлер қатысып, түрлі жанр мен тақырыптағы туындыларын ұсынды. Ұйымдастырушыларға 30-дан астам қысқаметражды фильм келіп түсіп, олардың ішінен іріктелген 20 үздік туынды ақтық кезеңге өтті.

Фильмдер келесі тақырыптар бойынша қабылданды: «Шымкент – сүйікті қалам!», «Мен және Әлем», «Ұлттық құндылық – тәрбие негізі», «Жұмысшы мамандықтардың рөлі», «Экология», «Тіліміздің тағдыры – біздің қолымызда». Бұл тақырыптар бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, жастардың көзқарасын, ой-толғауын бейнелеуге жол ашты.

Фестиваль аясында өткен салтанатты ашылу рәсімі Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және еліміздің кино саласындағы белгілі тұлғалар, өнер майталмандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Қазылар алқасы құрамында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі продюсер Қанат Төребай, Канн фестивалінің “Үздік актриса” жүлдегері Самал Еслямова, “Айка” фильмінің режиссері, Канн лауреаты Сергей Дворцевой, «Қошқар мен Теке» анимациялық фильмімен танымал режиссер Батырхан Дәуренбеков және Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы Адай Әбілдинов болды.

“Samgau” фестивалі – бұл жай ғана байқау емес, сонымен қатар жас киногерлер үшін тәжірибе алмасып, шығармашылық байланыс орнататын алаң. Жастардың кино тілі арқылы өз ойын жеткізуі – қазақ киносының жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Фестиваль көрермендерге тың тақырыптар мен жаңа есімдерді таныстырып, ұлттық киноөндірістің болашағына сенім ұялатты.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...