Сапалы білім мен медициналық кадрларды даярдаудағы үлесі зор тәжірибелі маман — Xnews — ақпарат агенттігі

Сапалы білім мен медициналық кадрларды даярдаудағы үлесі зор тәжірибелі маман

Серікова Ләйла Ергешқызы-Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2004 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Анатомия-физиология пәндері бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Педагог-зерттеуші» кәсіби санатына ие,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Білімі:
— 1997 ж. – Шымкент медицина колледжі, «Мейірбике ісі» мамандығы;
— 2003 ж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, «Педиатрия» мамандығы;
— 2004 ж. – Шымкент қаласындағы №6 балалар ауруханасында интернатураны аяқтаған.

Еңбек жолы:
— 2004 ж. – Шымкент медицина колледжіне арнайы пәндер оқытушысы ретінде қабылданды;
— 2005 ж. – Анатомия және физиология пәндері бірлестігінің төрайымы;
— 2017 ж. – «Емдеу ісі» бөлімі меңгерушісі;
— 2019 ж. – Анатомия-физиология пәндері ЦӘК төрайымы қызметін атқаруда;
— 2023 ж. – «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты берілді.

Авторлық жұмысы:
— «Анатомия (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама)» электронды оқу құралының авторы.

Ол – болашақ медицина мамандарын даярлауда сапалы білім беруге, олардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыс атқарып жүрген білікті педагог. Көпжылдық тәжірибесінің нәтижесінде халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын дайындаған.

Жетістіктері:
— 2023 ж. – Жамбыл облысы әкімдігі ұйымдастырған «Анатомия және физиология үздігі – 2023» республикалық байқауында «ATLAS» тобына жетекшілік жасап, бас жүлдеге ие болды;
— 2018 ж. – ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған;
— 2020 ж. – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

Серікова Ләйла Ергешқызы – жаңашыл, ізденімпаз, кәсіби құзыреті жоғары, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып жүрген педагог.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...