Руханият

Қажымұқан балуанның түрлі-түсті видеосы

Даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының түрлі-түсті видеосы жарияланды. Видеода палуан өзге әріптестерімен бірге айналып жүріп, камераға түскен. Бейнежазбаны әлеуметтік желіге Қайсар Жанболат жүктеген. Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы Ақмола уезі, Қараөткел болысына қарасты Қоспа елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан ел арасында қазақша күреске қатысып, «бала палуан» атанған. Омбыдағы цирктің ашылуынан хабардар болған Мұқан 1889 жылы ат басын осы қалаға бұрып, Злобин палуанмен ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Ол — қазақтың ұлы (22.09.2010ж)

Қажымұқан өзінің бір отырысында әндетіп айтқан: Сұрасаң арғы атам ұзын қыпшақ, Тәңірім беріп еді өлшеусіз бақ. Шын бабам қарақыпшақ Қобыланды, Тең келер ондай ерге қандай қазақ. («Күш атасы», 157-бетте). Осы қысқаша ғана берілген шумақта өзінің арғы заты, ата-бабалары қазақ тарихында болған белгілі тұлғалар екені менмұндалап тұр. Оған талас жоқ. Бертін келе кейбір жерде, тіпті қазақтың зиялы азаматтарымен кездесіп қалсақ: «Осы ...

Читать далее »

Қажымұқанның құпиялары

Қажы бабамыз 1983 жылы 100-ге келгенде, бүкіл Қазақстан болып аузымызды ләм деп ашпаппыз. Тәуелсіз Қазақстан 1993 жылы да 110 жылдығы тұсында үн-түнсіз қалғаны белгілі. Осыған орай қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасовты өз көзімен көрген, қажымұқантанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, дербес зейнеткер Қалиәкпар Әміржановты әңгімеге тартқан едік. – Мен Қажекеңді 8-11 жасымда көргенмін. Ол кезде Омбы облысындағы ...

Читать далее »

Алып күштің иесі – Қажымұқан

Көп ізденіс жасап, зерттеу жүргізіп, Қажымұқанның күрес жайындағы өмірін тың деректермен толықтырған марқұм Әлімқұл Бүркітбаев еді. Қажекеңнің үш медалін, белдігін, қол сандығын, тағы басқа құнды заттарын іздеп тауып Қазақстанға алып келді. Ресейдегі шаң астында қалған мұрағаттарды қопарып, оны орын-орнына келтіріп, хроникалық ережесін сақтап, Қажекеңді білетін тірі жүрген азаматтармен кездесіп, сол кездегі күрестері қайда, қай жылы болды, неше рет әлем батыры ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Әлі де болса ізденіс керек (06.10.2010ж)

Бұл жазып отырған әңгімеміз, бір жағынан, естелік, екінші жағынан өзгелерге ой салу. Осы сияқты естеліктерден, әрине, шындық туады. Әлі де болса, Қажекеңнің өмірі, қызме­ті жөнінде мағлұматтар сарқылған жоқ. Бір жолы «Алатау» демалыс үйінде жатқанымда «Пионер жазы» киножурналының 4-ші нөмірінен («Пио­нерское лето», киножурнал, №4) И.Поддубныйдың туған еліндегі пионер лагерінде балалардың қалай демалып жатқанын көріп отырсам: бір топ палуандар (Петербургте түсірілген болар), ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Азаматтық ерлігі (06.10.2010ж)

Денешынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Рес­публикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1927 жылы арнайы шешімімен Қажымұқанға «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ берілді. Патриот ағамыз ел басына ауыр күн туған Отан соғысының отты жылдарында жасының егде тартып қалғаны­на қарамастан, тағы бір ерлік іс жаса­ды. Ол белін бекем байлап, ел аралап, өнер көрсетіп, одан жинаған қаржыға ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Мәселе салмақ пен бойда емес (06.10.2010ж)

«Жас Алаш» газетінде 2007 жылғы 23 қаңтарда «Қажымұқанның салмағы қанша болған?» деген мақала жарияланды. Оның қысқаша мазмұны: «Не көп, портрет көп. Бұлардың бір-біріне ұқсастығы. Кейбір басылымдар Райымбек батыр деп Жанғожа батырдың, Жанғожа батыр деп Өтеген батырдың суреттерін береді екен». Қажымұқанның портретін салған Е.Бидахметұлын мақтаған «Аса бір құндысы һәм дәлдісі» деп. Әрі қарай: «Күресіп жүрген кезінде Қажымұқан 190 келі тартады екен. ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Қажымұқан «Алаш» партиясының мүшесі болды ма? (29.09.2010ж)

1937 жылдары Қа­же­­кеңнің Омбы жағынан Оң­түс­тік Қазақстанға келген кезі. Баршаға бел­гілі, кешегі актив болып жүргендері бар, жай ғана шаруасы әлділе­рі бар, бұрынғы байлардың, төрелердің ұрпақтарын үйлерінен ұстап, алып кетіп жатты. Қажекеңнің Арқадан оңтүстікке қа­лай кеткенін Есенгелді төренің (Төре ауылының жігіті) біздің үйде қонақтап оты­рып айтқаны: «Бес жігіт Омбыға, Омбыдан Қызылжарға (Петропавловск) қарай шығарып салдық. «Әрмен қарай өзім барам, сендерге көп ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Қажылығы туралы (29.09.2010ж)

«Күш атасы» кітабында: «Таяу және Орта Шығыс елдерін аралады. Түріктің жауырыны жерге тимеген атышулы палуандарын жыққаннан кейін оған қажы атағы беріліп, Қажымұқан аталды» делінеді. Бұған сену қиын. Бірінші, дәлел ретінде құжат жоқ, екіншіден, ол елдің жеңіске жеткен палуанға қажы атағын беру салты болса баяғыда естілер еді. Тағы бірі, түрік халқы Ислам дінінің ережесін мықты ұстаған. Қажылық дінмен байланысты десек, ол ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Жұбайлары жөнінде (29.09.2010ж)

Атышулы адамдар жөнінде аңыз-әңгімелер көп болады ғой. Менің есімде қалғаны, Қажымұқан атамыздың бүкіл Ресейді, Қазақстанды аралап жүріп негізгі қоныстанған жерлері – «Сибкрайда» (Омбы маңайы) және «Киркрайда» (Оңтүстік Қазақстан облысы). «Енді ол неге Омбы жерінде қоныстанды?» деген сұрақ тууы мүмкін. 1910-37 ж.ж. дейінгі келіп, кетіп тұрған елі – төре ауылы, «Жаңа жол» колхозы, Шарлақ ауданы, Омбы облысы. Менің әкем Көшкімбай 1939 ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Алғаш көргенім (22.09.2010ж)

Мен Қажекеңді 8-11 жасымда көргенмін. Ол кезде Омбы облысындағы Шарлақ (бертін Дробышев, Нововоршавка) ауданындағы Қаратомар ауылында тұратынбыз. Қажекең әр уақытта сондағы Г.Дмитров атындағы колхозда орналасқан ауылдық кеңестің сессиясына бір топ белсенділермен бірге келіп жүретін. Еліне бара-келе жатқанда жолшыбай түсетін жері – менің әкемнің үлкен ағасы Аманжолдың үйі. Еш уақытта жалғыз жүргенін көрмедім. Бір келгенде қасында басқалармен бірге Құдайберген ақын (Иса ...

Читать далее »

Қ.Әміржанов: Күш атасы — Қажымұқан (22.09.2010ж)

Автор жайлы. Қалиәкпар Көшкімбайұлы Әміржанов 1926 жылы Омбы облысының Шарлақ ауданындағы Киров ауылдық кеңесіне қарасты Қаратомар ауылында туған. Балалық шағында құрбы-құрдастары қатарлы мектепте оқып, білім алды. Есейген кезінде туған ауданында әртүрлі жұмыстарда істеді. 1949 жылдан бастап Қ.Әміржановтың қызметі Қазақстанмен, оның ішінде Ертістің Павлодарға қарайтын өңірімен тығыз байланысты болды. Мұнда ол он жылдан аса мәдениет саласында бел шеше еңбек етті. Әуелі ...

Читать далее »

7 сәуір — Қажымұқанның туылған күні

Алты алашым алыбың бар айбарлы,Бар әлемге атағы паш, кең даңқы.Қазақ атын қалықтатып жер көкке,Теңестірді-ау терезең мен арбаңды. Мың сегіз жүз жетпіс жылдың біріндеЕрек атты таңғы шуақ көгімде.Туылыпты жетісіне Сәуірдің,Текті алыбың Ұлы дала төрінде! Аты аңыз, жөні бөлек, дүр тұлғаЖат көрмеді намыс қып жоқ-барды да.Шағып барлық қара күшті жаңғақша,Бағындырды сансыз атақ даңқты да. Кең жүрекпен тектілігін көрсетті,Отаны үшін намыспенен тер төкті.Болашағы ...

Читать далее »

Шымкентте гид-экскурсоводтарға сұраныс артқан

Шымкент қаласына келуші туристерге қызмет көрсетіп, тарихи, мәдени және басқа да нысандарды таныстыратын гид-экскурсоводтардың саны артуда. Шаһарға келуші қонақтардың ең жиі баратын нысандар қатарына ең алдымен қонақ үйлер, тамақтандыру орындары және демалыс аймақтары кіреді. 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген, көне және қасиетті орындарға бай қала болып саналады. Мәселен, Шымкент қаласында тарихи-мәдени орындар тізіміндегі ...

Читать далее »

Қажымұқанның күміс таяғын сыйға алған «Кавказ алыбы»

1964 жылдың мамыр айы. Шымкент қаласындағы Ленин атындағы №29 орта мектеп мұғалiмдерi мен оқушылары абыр-сабыр. Өйткенi, мектепке қонаққа әйгiлi палуан Қажымұқанның шәкiрттерiнiң бiрi Динавецкий келмек. Қасында бiр топ ақын-жазушылары бар көрiнедi. Қадiрмендi қонақтарды лайықты қарсы алудың қам-қарекетi жасалынып жатты. Акт залына «Хош келдiңiздер, меймандар!» деп көрнекi етiлiп жазылып, iлiнiп қойылды. Әлден соң күткен қонақтар да келiп жеттi. Мектеп басшылары оларды ...

Читать далее »

Қажымұқанның анасы қайда жерленген?

Елорданың солтүстік жағында 30 шақырымдай жерде Төңкеріс деген ауыл бар. Осы ауылдың қорымында даңқты балуан Қажымұқан атамыздың әжесі Ақыш (Айсары) жерленген. Биыл балуан атамыздың туғанына 150 жыл толған даталы мерекесіне байланысты астаналық Мырзабек Күжимов деген азаматтың бастамасымен апамыздың басына белгі тас қоюға бардық. Зират басында бізді байқастап ауыл имамы Кенжебай Садимов жүр екен. Бұл жігіт біздің келген мақсатымызды білген соң: ...

Читать далее »

Алып күштің атасы

Ресей, түрік, француз палуандарын,Бозкілемде бүктірген тарландарын.Жапонның бас терісін сыпырып ап,Тәубеге түсірген-ді қалғандарын.Көп құрмет көрген еді түріктерден,Тым тату тұрып келді түріктермен…Қайратына тәнті боп Қажы деген,Қасиетті атақты түрік берген.Ұлы Отан соғысында көмек берді,Сол кезде қажет етті көмектерді…Бір ұшақ майданға деп жасау үшін,Қалтасынан қаржыны төлеп берді.Белдесу деген «майданнан»,Оралып жаны жайланған.Жеңіліп көрмей жеңіспен,Аты аңызға айналған…Барша ел біліп АЛЫПты,Қайратына қанықты.Мұңайтпастың Мұқаны,Әлемге елін танытты…Алып күш бойын ...

Читать далее »

Күш атасы

Біз күш атасын ғаламат жазушы Қалмақан ӘБДІҚАДЫРОВТЫҢ «Қажымұқан» повесінен танып өстік. Балуанның балалық шағынан бастап, соғысқа ұшақ дайындатқан ірілігіне дейін жата-жастана оқып едік. Әсіресе, алып тұлғаның тышқаннан қорқатын тұстарын оқығанда сықылықтап күлетінбіз. Жазушының бұл деталі хикаяттың тұздығы секілді көрінетін. ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ЫҚПАЛЫ БАР Маңғаздың мәрттігін айтып қалдық қой жоғарыда. Қажымұқан атындағы мұражайдың қызметкері, балуанның немересі Перизат Қажымұқанова өз естелігінде бұл ...

Читать далее »

Қажымұқан жөн білмейтін хатшыны қалай қатырды?

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң үш ай өткенде Абайдың 100 жылдық мерейтойы Қарауылда аталып өтті. Жұрт тойды өткізуге заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің тікелей өзі мұрындық болды деседі. Осыдан 70 жыл бұрын өтсе де, Абайдың 100 жылдық тойының ұмытылмайтын, қатысқан әр адамның өмірінің тәтті күндері саналатын себептері бар. Біріншіден, ол той Ұлы Жеңістен соң іле-шала өтті. Бес жыл бойы қысылып, қиын ...

Читать далее »

Кому проиграл непобедимый Хаджимукан

Забыли… По одной из версий первому казаху — неоднократному чемпиону России и мира по классической и французской борьбе Хаджимукану Мунайтпасову — 7 апреля этого года исполнилось бы 150 лет. Но старейший казахстанский журналист, автор сборника «Казахский батыр Хаджимукан» Газизбек Ташимбаев настаивая на дате — 7 апреля 1883 года, приводя следующий довод: — В марте 2014 года в №21 общественно-политического казахского журнала «Айкап», ...

Читать далее »