Қажымұқан – қазақ балуандарының бренді

Қажымұқан Мұңайтпасұлы – ғаламат күш иесі. Қазақтың атын тұңғыш рет әлем жұртына танытқан осы бір таудай құбылыс баба тарихынан бізге жеткен алып баһадүрлер туралы әңгімені растай түсуі үшін арнайы жіберілгендей көрінеді, кейде. Шындығын да, ежелгі қазақ батырларының тау тұлғалық алып қасиеті туралы кейбір аңыз боп жеткен әңгімеге сеніңкіремей «қазекемнің асырып жіберетіні бар» дейміз. Алайда күні кеше, яғни 1948 жылы ғана өмірден өткен Қажымұқанның алып тұлғасы ондай аңыз әңгіменің ешқайсысы да ақиқаттан алыс еместігін айғақтай түседі.

Өмірдегі Қажымұқан қандай еді?
Жақында Астананың батыс беткейіндегі Қа­жымұқан ауылында даңқты балуанға ар­налып, ас берілген еді. Асқа алыстан ар­найы ат терлетіп, солтүстік өңірден келген, ұлты татар жігіт ағасының әңгімесі Қа­жы­мұ­қанның батырлығы, балуандығынан бөлек, азаматтық игілікті істерін, жо­март­ты­ғын да паш ететін шежіре болып шықты. «Ағайынымыз Сейфулла атты татар осы өңірде кішкене күнінде Қажымұқанмен тел өскен достарының бірі болған екен. Өзі де Қа­жымұқан секілді жастайынан жетім қа­лып, тіпті кейбір шақтарда байға бірге жал­ға жүрген көрінеді. Содан Қажымұқан балуан болып, шетел асып кеткеннен кейін бірер заман өткен соң, қайтадан осы Қы­зыл­жар жәрмеңкесінде көріссе керек-ті. Сон­да атағы дардай Қажымұқан өзінің та­тар досын бірден танып, жөн сұрасыпты. До­сының үй-күйі жоқ, жалшылықпен күн кешіп жүргенін естіген Қажымұқан қалта­сы­нан санап, ақшасын түгел төлеп, қала­ның қақ ортасынан бір үлкен үй сатып әпер­ген екен. Мұндай жомарттықты қалай ұмы­туға болады?» – дейді әңгімешіл аға­мыз. Ол үй әлі де Қызылжарда тұрған бо­луы керек.

Кинодағы Қажымұқан
Кезінде «Қажымұқан» фильмі арқылы жұртшылыққа танымал болған балуанның рөлін сомдаған, бүгінде «Қажымұқан» қо­ғам­дық қорының төрағасы Леухан Бек­бо­лат ағамызды да осы астан кездестірдік. Әң­гімеге де тарттық. «1983 жылы Ле­нин­шіл жас га­зетіне «Қа­жы­мұқан кім болады?» деген мақала шыққан болатын. Сол ма­қа­лада ба­луан баба­мыз­дың рөлін сомдауға қа­тысты конкурс жария­лан­ғаны жазы­лып­ты. Жас шамасы, бойы, түр әлпеті туралы бір­шама талаптар көрсетіліпті. Мен ол кезде Оңтүстік Қазақ­стан об­лы­сының Шар­да­ра ау­да­нындағы Достық сов­хо­зында ме­ха­ни­за­тор бо­лып істейтінмін. Жасым – 30-да. Газеттен кон­курс­ты оқып, соған ниет­тен­дім. Кон­курс талабы бойынша салмағы мен бойы көр­се­тіліпті, сосын күрестен хабары бар жігіт­тер ша­қы­ры­ла­тын­ды­ғы жа­зы­лыпты», – дей­ді «кинодағы Қа­жы­мұ­қан». Сөйтіп, «Қа­жы­мұ­қан кім бола­ды­ның?» арқасында газет­тен жауап алып, ауыл­да жүр­ген ме­ха­низатор Ал­ма­тыда өтетін үлкен кон­курс­тың ортасына топ ете түседі. Республика бойын­ша 210 жігіт қа­тысқан конкурстың іріктеуі 3,5 ай шама­сында өткен екен. «Спорт­шы­лардың ара­сын­да Еуропа чемпиондары, еліміздің біріншіліктерін бермей жүрген жігіттер де баршылық болатын. Әйткенмен, комиссия ойда-жоқта мені таңдады. Сосын 1984 жылы кино толық түсіп бітіп, 1985 жылы бүкіләлемдік студенттердің фес­ти­ва­лінде Мәскеуде алғаш рет тұсауы кесілді. Одан кейінгі жылдары шетелдерде өткен фестивальдардың барлығына қатыстым», – дейді Л. Бекболат. Оның айтуынша, ірік­теу комиссиясы балуанның жас кезіндегі, яғ­ни алғаш чемпион атанған кезіндегі дене бі­тімнің Қажымұқанға ұқсаған сым­бат­ты­лы­ғымен қоса, «күш атасының» бет-әл­пе­тіне көбірек назар аударылған екен. Сөйтіп, конкурсты жариялаушы қазақтың да­­рынды кинорежиссерлерінің бірі Сұл­танахмет Қожықов, өзінің «Қыз Жібек» филь­мінен кейін араға 12 жыл салып, осы «Қажымұқанға» кіріседі. Осы тұста Қажы­мұ­қанның да тұлғалық сипаты есімізге түседі. Кейбір деректерге қарасақ, Қажы­мұ­қанның 75 жасындағы дене бітімі, тұл­ға­сы: таза салмағы – 174 кг, бойы – 195 сан­­тиметр (өз айтуы бойынша күресіп жүр­­гендегі салмағы – 215 кг, бойы 200 сан­тиметр болған). Бұл турасында газе­ті­міздің алдыңғы сандарында толық жа­зыл­ған еді. Осыны ойға алып: «Балуанмен тұл­­ғалық ұқсастығыңыз қаншалықты сәй­кесті?» деп сұраймыз. «Әрине, 30 жас – нағыз орда бұзар кезім. Десе де мен актер емеспін, Қажымұқандай алпауыт тұлғалы да емеспін. Бойым, салмағым өз қатар­лас­та­рымның алдында болғанымен, Қажы­ата­ға жету қайда?! Дегенмен кино түсіруге таңдағанда 85 пайыз портреттік сәйкестікке алдымен көңіл бөлінді. Яғни бет-әлпетімнің 85 пайызы Қажымұқанға ұқсастығына на­зар аударылды. Негізі, ол кезде бойым – 185, салмағым 85 келі болған-ды», – дейді ол. Леухан ағамыз да спорттан алшақ туған жан емес екен. Қазақша күрестен рес­пуб­лика чемпионатын екі дүркін жеңіп алған, еркін күрестен спорт шебері. Бұл ки­ноға түскенге дейінгі дәрежесі. «Қажы­мұ­қан­нан» басқа киноға түскен емеспін. Ше­шем егде тарт­қан еді, бала-шаға да жас болды. Айт­пақшы, сол киноға түскен жылы ұлды болып, атын Қажымұқан қойғанмын. Ал киноға келсем, біршама шақыртулар алға­ным­мен, бас тарттым. Бір жағынан, мал-жан, бала-шағаны бағу міндет болса, екін­ші жағынан, Қажымұқаннан кейін одан тө­мен рөлді ойнауға зауқым болмады», – дейді Л. Бекболат.
Қалай десек те, Қажымұқан – қазақ ба­луан­­дарының рухани бренді. Ендеше ба­­луанның толық тұлғасын, бейнесін, өмірін жете зерттеп білу – ұрпаққа керек өнеге.

Дереккөз: alashainasy.kz (03.06.11)

x

Check Also

Түркістанда теннистен республикалық ашық турнир басталды

Түркістанда теннистен 12 жасқа дейінгі балалар арасында «Turkestan Open 12 & under» республикалық ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бірінші дәрежелі ...

Түркістан: Төрехан Сабырхан – Әлем чемпионы!

Черногория Республикасы, Будва қаласында 21 қазан мен 3 қараша күндері бокстан жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бокс бәсекесіне 73 ...