Қажымұқан мен Қожамқұлдың кездесуі — Xnews — ақпарат агенттігі

Қажымұқан мен Қожамқұлдың кездесуі

Циркте өнер көрсетіп, бетіне жан қаратпай жүрген Қажымүқан бір сапарында Бішкектің мал базарына соқса керек. Ойдан-қырдан жиналған ел-жұрт палуанды орталарына алып, жібермей, серіппедей шиыршық атып тұрған бұлшық еттерін тамашалап, оңаша үй тігіп, бие сойып, қымыз сапырыпты.

Африкада қара зәңгімен белдесіп жыққанын, жапон палуаны Сар-Ки-Киді қалай жеңгенін тындап, айыздары қанып, желпінген топ тыныш тұра
ма, Қажымүқанды Қожамқұлмен күрестіріп, қызыққа батайық деседі. Орталары-нан шығарып, үш тоғыз жүлде де тігеді. Ат шаптырып, аулынан алдырылған Қожамқұл алдымен аға палуанға барып, ізетпен көріседі.

Тамашаға жиналған көпшілік екі жаққа бөлініп, бұрын-соңды көз көрмеген үлкен күрестен дәмелі көңілмен қызыл өңеш боп жатады.

— Қажеке, — дейді осы кезде қырғыз палуаны. — Бір бастың екі көзіндей бауырлас егіз елдің азаматымыз. Сіз — аға, мен — інімін. Біріміз жығып, мақталып, екіншіміз жығылып, тапталып жатқанымыз жараспас. Әрі бізге меймансыз. Беліңізге жармассам, аруақ кешірмес. Жүлде сіздікі болсын!

Осыны айтып, Қожамқұл ұстаспай-ақ, кісілікпен жолын берген екен.

— Қайтер екен деп, сын көзіммен қарап түр едім. Көрген-түйгенің көп, қырғыз елінің абыройына туған ұл екенсің. Жұлдызың жансын! — деп, Қажекең інісін құшақтап, бетінен сүйіпті. Жүлдеге алға үш тоғызын сол маңдағы жетім-жесірге түгелдей таратып беріпті.

x

Check Also

Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды

Түркістан төрінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән әлемінің дара тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды. ...

Домбыра үніне билейтін ортеке

Елімізде биыл 7 шілдеде алғаш рет Қолөнершілер күні аталып өтті. Кәсіби мерекелер күнтізбесіне былтыр енгізілген бұл күн – ұлттық қолөнердің ...