Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы қаралды. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары 22 заң жобасынан тұрды, оның 3-уіне Мемлекет басшысы қол қойды, 5-уін Парламент қабылдады, 14-і Парламенттің қарауына енгізілді. Қазіргі уақытта жоспар толық көлемде орындалды. Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылы маңызды ...
Читать далее »Қоғам
Сауранда «Amanat» партиясы филиалының 2025 жылғы есеп беру жиыны өтті
Бүгін Сауран ауданында аудан активінің қатысуымен «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының 2025 жылы атқарған жұмыстары бойынша есеп беру жиыны өтті. Жиын аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ұйымдастырылып, аудандық филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков партия бастамаларының орындалуы және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жұмыстар туралы кеңінен баяндады. Есепті кездесуде филиал төрағасы Сағынбек Асылбеков партиялық жобалардың жүзеге асырылуы, қоғамдық қабылдаулар қорытындысы, тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысы ...
Читать далее »Шымкентте Тассай елді мекенін газдандыру жұмыстары аяқталды
Шымкент қаласының Тассай елді мекенінде табиғи газбен қамту жұмыстары толық аяқталды. Бұған дейін жекеменшік газ желілерін пайдаланған тұрғындар қысымның төмендігі және газ жетіспеушігі қолайсыздық тудырып келген. Ал бүгінде әкімдік тарапынан тартылған жаңа газ желісі тұрғындардың тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсартты. Бүгінгі жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты. Тұрғын Әбдіжаппар Майлыбайұлының айтуынша, бұрынғы газ жүйесінің қысымы жеткіліксіз болып, әсіресе қыс мезгілінде ...
Читать далее »Еңбек адамдары – қаланың тірегі
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде жұмысшы мамандық иелерін марапаттауға арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков қатысып, шаһардың дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдеріне алғыс білдірді. Күнделікті көзге көп көріне бермегенімен, қаланың тыныс-тіршілігіне тікелей ықпал ететін жұмысшы мамандық иелерінің еңбегі орасан. Қала тазалығы, көркейту-көгалдандыру, коммуналдық қызмет, жол, жарық және абаттандыру салаларында табанды еңбек етіп жүрген азаматтар ...
Читать далее »Цифрландыру мен жасанды интеллект: мемлекеттік қызметтердің жаңа кезеңі
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуда цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу негізгі басым бағыттардың біріне айналды. Бүгінде бұл салада атқарылған жұмыстар халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 91 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Сондай-ақ қызметтердің дәл осындай үлесін азаматтар смартфон арқылы алу мүмкіндігіне ие. Жалпы саны 1 448 мемлекеттік қызметтің басым бөлігі онлайн түрде ...
Читать далее »«Таза Қазақстан»: Биыл Түркістан облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызылып, 17 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Биыл Түркістан облысының аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда толық орындалды. Жыл басынан бері тазалық шараларына 1 млн-нан астам тұрғын қатысып, 6 998 арнайы техника жұмылдырылды. Көшелерде, қоғамдық орындарда, аулалар мен саябақтарда тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілді. Нәтижесінде, 1 милионнан астам көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан ...
Читать далее »Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды: Президент тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғаудың жаңа стандарттары енгізілуде
Қазақстанның білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға және оқушыларды психологиялық қолдауға қойылатын жаңартылған талаптар енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова хабарлады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әр мектепте қауіпсіз орта құруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізілді. Мектептерде 1,7 млн бала тегін тамақтанумен қамтылды. ...
Читать далее »Ысырапшылдық – қоғам дерті
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мүшелерінің ысыраптың алдын алу бойынша қоғамға ҮНДЕУІ: Ысырапшылдыққа қарсы тұру – тек экологиялық таңдау емес, мәдениет пен сана деңгейінің көрсеткіші. Әр затқа тиянақты қарап, қажеттілікті қанағаттандырып, артықтан бас тарту – дамитын қоғамның белгісі. Бүгінгі таңда ең қажетті құндылықтың бірі – саналы өмір сүру мәдениеті. Ысырапшылдық – уақытты босқа өткізу, энергия мен суды ...
Читать далее »Инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды тұрақты бақылауда
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесі мүшелері мен мәслихат депутаттары бірлесе қала аумағында жүргізіліп жатқан бірқатар инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды кезекті рет аралады. Қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қоғамдық кеңес төрағасы Бұхарбай Парманов бастаған депутаттар мен кеңес мүшелері медициналық ұйым, бірқатар кәсіпорындар, сауда кешеніндегі жұмыстарды аралап көрді. Жиналған көпшілік алдымен № 1 қалалық клиникалық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарынан кейінгі жағдайымен танысты. Онда мекеменің ...
Читать далее »Шымкент: Еңбекші ауданында 2025 жылы 25 көшеде аяқ жол салу жұмыстары жүзеге асырылды
Еңбекші ауданы аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін және ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды инфрақұрылым жұмысы жүргізілуде. 2025 жылы аудан аумағында жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын 25 көшеге жаңа аяқ жол төселді. Сайрам көшесінің екі қапталындағы 2,8 шақырым бүлінген аяқ жол қалпына келтіріліп, ескі 162 бағананың орнына жаңа жарықшам бағаналары орнатылды. Айта кету керек, 2024 жылы ауданда 23 көшеге 10,3 шақырым жүргіншілер ...
Читать далее »Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қағаздағы есеп емес, нақты нәтиже
Қоғамды алаңдататын ең өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, тұтас қоғамның дамуына тұсау болатын құбылыс. Сыбайлас жемқорлықпен күрес ең алдымен ашықтықтан басталады. Осы мақсатта биыл Түркістан қаласы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бұл – кемшілікті жасыру үшін емес, керісінше оны ашық мойындап, түзетуге бағытталған қадам. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі күшейтіліп, сатып алу ...
Читать далее »Кәсіпорын басшыларына хабарлама (қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы)
Кәсіпорын басшыларына ХАБАРЛАМА (Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы) Құрметті жұмыс берушілер! ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы, 2-тармағы, 15) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші: жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Бұл жөнінде, Сіздерге enbek.kz порталы арқылы хабарламалар жіберілген. Осы орайда, жыл соңына дейін жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасуға шақырамыз! Себебі, 2026 жылдың алғашқы айларында аталған сақтандыру шартын жасамаған ...
Читать далее »Түркістанда Президент атынан балаларға арналған жаңа жылдық шыршатой өтті
Бүгін «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік жиынға әлеуметтік осал топтағы балалар мен республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпазы болған 200-ден астам балаға Мемлекет басшысы атынан естелік хаттар мен түрлі тәттілер үлестірілді. Сондай-ақ әр бүлдіршінге оқу құралдарына арналған сөмке, қазақ ертегі кітаптары берілді. Оқуда озат болып, білім олимпиадаларынан жүлде алған бірнеше оқушыға 100 ...
Читать далее »«Қауіпсіз өңір»: Прокурорлар балаларды қорғаудың жаңа тәсілін енгізді
Жыл қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде облыс прокурорларының баяндамалары тыңдалды. Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық тәуекелдерді анықтауға және азайтуға бағытталған «Қауіпсіз өңір» жобасын ұсынды. Жоба қауіпті учаскелерді абаттандыруды, көшелерді жарықтандыруды, инфрақұрылымды мониторингтеуді, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы деректерді талдау негізінде профилактикалық және патрульдік жұмысты күшейтуді көздейді. Қазіргі таңда әжептеуір нәтижелер бар: бірқатар қауіптер төмендетілді, ...
Читать далее »Ысырапшылдық – қоғамның дәйекті дамуына кедергі
Бүгін Шымкенттегі Достық үйінде қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ұйытқы болуымен «Ысырапшылдық – қоғамның дәйекті дамуына кедергі» тақырыбында өңірлік форум өтті. Қоғамдағы үнемшілдік мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және рухани құндылықтарды нығайту жайы талқыланған форумға Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарындағы Аналар кеңесінің төрайымдары, зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты. Пленарлық ...
Читать далее »Түркістанда «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті
2025 жылғы 23 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғамдағы орны мен мүмкіндіктерінің шексіз екенін көрсету, сондай-ақ инклюзивті мәдениетті дамыту. Мерекелік кешке Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары, ...
Читать далее »Шымкентский молодёжный театр подарил особенным детям тепло и свет нового года
В преддверии Нового года Шымкентский молодёжный театр провёл благотворительный новогодний утренник для детей с аутизмом и особыми образовательными потребностями. На праздничное мероприятие были приглашены около 100 детей, воспитывающихся в КГУ «Реабилитационный центр „Қамқорлық“» управления образования города Шымкента, которые получили незабываемые впечатления и искренние эмоции. Мероприятие состоялось в соответствии с поручением акима города Шымкента Габита Сыздыкбекова и при непосредственной поддержке Акимата ...
Читать далее »Шымкент жастар театры ерекше балаларға жаңа жылдың шуағын сыйлады
Жаңа жыл қарсаңында Шымкент жастар театры аутизммен ауыратын және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жүрекке жылу сыйлайтын қайырымдылық ертеңгілік өткізді. Мерекелік кешке Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Қамқорлық» оңалту орталығында тәрбиеленіп жатқан 100-ге жуық бала арнайы шақырылып, театр төрінде ұмытылмас әсерге бөленді. Іс-шара Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігінің қолдауымен өтті. Кештің негізгі мақсаты – ...
Читать далее »Қазақтың аңыз актері Асанәлі Әшімов өмірден озды
Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткері, халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі растады. Министрлік марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның ұлттық мәдениеттегі орны ерекше екенін атап өтті. Ұлттық театр мен киноның алып тұлғасы Ресми мәлімдемеде Асанәлі Әшімовтің қазақ театр және кино өнерінің кәсіби мектебін қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосқаны айтылды. Оның сахнадағы және ...
Читать далее »Шымкент: Ауыз су, электр қуаты және көше жарықтандыруда айқын ілгерілеу бар
Қалада базалық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Ауыз сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету және көше жарықтандыру салаларында қол жеткізілген нәтижелер тұрғындардың өмір сапасын арттыруға тікелей әсер етуде. Бүгінде қаладағы 81 елді мекеннің 80-і ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған Құрсай елді мекенінде (23 мың тұрғын) су құбыры толық тартылып, қазір абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Соңғы екі ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары