Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қағаздағы есеп емес, нақты нәтиже — Xnews — ақпарат агенттігі

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қағаздағы есеп емес, нақты нәтиже

Қоғамды алаңдататын ең өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, тұтас қоғамның дамуына тұсау болатын құбылыс.

​Сыбайлас жемқорлықпен күрес ең алдымен ашықтықтан басталады. Осы мақсатта биыл Түркістан қаласы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бұл – кемшілікті жасыру үшін емес, керісінше оны ашық мойындап, түзетуге бағытталған қадам. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі күшейтіліп, сатып алу саласындағы мамандарды тұрақты оқыту жұмыстары жүзеге асырылуда.

​Біздің ұстанымымыз — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл формализмге айналмауы керек. Жиналыс өткізіп, есеп бергенмен мәселе шешілмейді. Нәтиже нақты әрекеттен, бақылаудан және жеке жауапкершіліктен басталады. Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру және насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

​Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек бақылаушы органдардың міндеті емес. Бұл – әр азаматтың, әр мемлекеттік қызметшінің ішкі жауапкершілігі. Түркістан қаласында осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да ашықтыққа, әділдікке және халық сеніміне негізделе отырып жалғасын табады. Біз үшін ең басты көрсеткіш – қағаздағы есеп емес, тұрғындардың билікке деген сенімі.

Әзімбек ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ,
Түркістан қаласының әкімі.

x

Check Also

Түркістан: Кентауда шығарылған газ қазандықтары Орталық Азия елдеріне экспортталады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» ...

Түркістан облысы Сауран ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, Шорнақ ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. ...