Қоғам — Страница 58 — Xnews — ақпарат агенттігі

Қоғам

«Ұлт болашағы – еңбек»: Шымкенттегі «Отырар» колледжінде жастар акциясы өтті

Шымкент қаласындағы «Отырар» колледжінде студенттерге арналған «Ұлт болашағы – еңбек» атты тақырыптық кездесу квиз форматында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Жас қайрат» және «Еңбек жастары» командалары өзара сайысқа түсіп, Қазақстан тарихы, логикалық ойлау және заманауи технологиялық үрдістер бойынша білімдерін сынады. Сайыс бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар Қазақстан тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, жылдамдыққа арналған логикалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, цифрлық сауаттылық мәселесіне ...

Читать далее »

Туркестан: Советник Президента Малик Отарбаев встретился с жителями Ордабасинского района

▪️Советник Президента Республики Казахстан Малик Отарбаев посетил Туркестанскую область с рабочим визитом и встретился с жителями Ордабасинского района. В ходе визита он сначала ознакомился с работой Ордабасинской районной школы «Өнер» в селе Темирлан. Во встрече приняли участие представители интеллигенции, общественные активисты, молодежь и работники сферы культуры района. ▪️Открывая совещание, заместитель акима области Ертай Алтаев отметил важность политических реформ, инициированных Главой ...

Читать далее »

Түркістан: Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ордабасы ауданының тұрғындармен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Ордабасы ауданындағы тұрғындармен кездесті. Сапар барысында ол ең алдымен Темірлан ауылындағы Ордабасы аудандық «Өнер» мектебінің жұмысымен танысты. Маңызды басқосуға ауданның зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып, елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформалардың ...

Читать далее »

Тоқаев Жаңа Конституция және мемлекеттік органдардың маңыздылығы туралы айтты

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтты. «Біз бір ел болып жаңа кезеңге қадам бастық. Мемлекеттік мекемелер жекелеген басшылардың қалауына қарай емес, Конституцияға және тиісті заңға сәйкес жұмыс істейді. Саяси жаңғырудың мән-маңызы да – осында. Мемлекеттік биліктің табиғи, яғни эволюциялық жолмен дамуы мызғымас сипатқа ие болды. Бұл маңызды жұмысты тоқтату, тіпті, өткенді кері ...

Читать далее »

Президент: Қазіргі Конституциялық реформа қоғам сұранысына сай келеді

Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында осылай деді. «Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді. Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаев: Барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық сұхбат орната білуі керек

Әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосқан жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында осылай мәлім етті. Президент осылайша, жұмыстың сапасын арттырып, қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауға болатынын, қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажеттігін ескертті. «Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін түрлі дотацияға сеніп отыра бермеуі керек. Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет. ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Халық — биліктің қайнар көзі

Жаңа Конституция жобасында халықтың мемлекет өміріндегі айрықша орны нақты айқындалып, егемендіктің бірден-бір иесі халық екені көрсетіледі. Бұл қағидат мемлекеттің демократиялық негіздерін нығайтып, биліктің бастауы халықтың еркімен тығыз байланысты екенін білдіреді. Құжатта мемлекеттік биліктің халықтың еркінен туындайтыны атап көрсетіліп, азаматтардың ел басқару ісіне қатысуының маңызы ерекше белгіленеді. Бұл өз кезегінде демократиялық құндылықтарды нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталған ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Егемендік пен аумақтық тұтастық

Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау конституциялық құрылыстың негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Құжатта Қазақстанның унитарлық мемлекет ретіндегі сипаты нақты көрсетіліп, елдің біртұтастығын қамтамасыз ету құқықтық тұрғыдан бекітіледі. Бұл норма мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға және елдің саяси тұрақтылығын сақтауға бағытталған маңызды қағидаттардың бірі болып табылады. Конституцияда егемендік мемлекеттің басты құндылықтарының бірі ретінде қарастырылып, оның қорғалуы құқықтық негізде қамтамасыз ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Әділеттілік және заң үстемдігі

Жаңа Конституция жобасында әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету мемлекет дамуының негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Құжатта «Заң және тәртіп» қағидаты қоғамдағы тұрақтылық пен құқықтық мәдениетті нығайтудың басты бағыты ретінде белгіленеді. Бұл ұстаным құқықтық мемлекетті қалыптастыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауға бағытталған. Конституцияда мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қоғам алдындағы есептілігіне ерекше мән берілген. Мемлекеттік басқару жүйесінде жариялылық ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Адам – ең жоғары құндылық

Жаңа Конституция жобасында адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттік саясаттың ең басты құндылығы ретінде айқындалған. Бұл қағидат құжаттың негізгі мазмұнын айқындап, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған маңызды нормалардың бірі болып табылады. Құжатта азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері бір бөлімге топтастырылып, жүйелі түрде көрсетілген. Бұл өз кезегінде әрбір азаматтың құқықтық мәртебесін нақтылап, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындауға мүмкіндік береді. ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Бірлік пен қоғамдық келісім

Жаңа Конституция жобасында қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құндылықтардың бірі ретінде бірлік пен қоғамдық келісім мәселесіне ерекше мән берілген. Құжатта ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың маңызы айқын көрсетіліп, қоғамдағы түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын нығайту мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екені атап өтіледі. Мемлекет әртүрлі ұлт пен дін өкілдерінің бейбіт өмір сүруіне, өзара сыйластық пен құрметке негізделген ...

Читать далее »

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға жолдау басталды

Шымкент қаласында биыл 450 жұмыссыз азамат білім беру ұйымдарында кәсіптік оқудан, ал 160 азамат жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқудан өтеді. Кәсіптік оқуға қатысу үшін тұрғындар алдымен жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Сондай-ақ, жеке куәлік, шәкіртақы алуға жеке есепшот нөмірі, 075 нысандағы медициналық анықтама және білімі туралы құжат (бар болса) қажет. Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқуға жолданған азаматтарға 43 574 теңге шәкіртақы ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: ұлт саулығы – ұлы байлық

Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің жаңа Конституцияның құқықтық нормаларына арналған кезекті түсіндіру кездесуі Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді мекеніндегі «Әл-Каусар» медицина орталығында өтті. Жиынға медицина қызметкерлері, орталықта ем алып жатқан азаматтар және қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, ел дамуының құқықтық негіздерін айқындайтын жаңа конституциялық өзгерістердің мәні кеңінен талқыланды. Санаторлық-курорттық үлгідегі стационарлық медициналық қызметтер көрсететін орталықта өткен кездесуге Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, ...

Читать далее »

Ордабасы ауданында еңбек ұжымымен мазмұнды ақпараттық кездесу өтті

Ордабасы ауданында еңбек ұжымымен маңызды ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Бостандық Жакей мен Есенғали Бөлебай конституциялық өзгерістерді түсіндіру мақсатында «Темірлан абаттандыру» мекемесінің қызметкерлерімен ашық диалог форматында кездесу өткізді. Кездесудің басты ерекшелігі – еңбек ұжымы өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарына басымдық беріліп, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілуі болды. Жиынға аудан аумағында еңбек етіп жүрген жұмысшылар ...

Читать далее »

Ел болашағы үшін маңызды шешім

Шымкент қаласындағы №96 жалпы білім беретін мектепте тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру және азаматтарды алдағы маңызды саяси науқан туралы ақпараттандыру. Кездесу барысында жаңа Конституцияны қабылдауға санаулы күндер қалғаны айтылып, құжаттың тағдырын дауыс беру арқылы ел азаматтарының өздері айқындайтыны атап өтілді. Жиында жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесінде ауқымды өзгерістерді көздейтіні, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ...

Читать далее »

Құрылтай мен халық кеңесі қызметінің ерекшеліктері түсіндірілді

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі Әл-Фараби ауданындағы №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өтті. Іс-шараға мектеп ұжымы мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жиында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Махамбетқали Ахметов және аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Аршын Әлжанова сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасына ұсынылып ...

Читать далее »

Ел болашағы – жастардың қолында: Шымкентте жаңа Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді

Шымкент қаласында алдағы жаңа Конституцияны тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осындай түсіндіру кездесулерінің бірі М. Өтебаев атындағы Жаңа технологиялар жоғары колледжінде өтіп, онда студенттер мен оқытушыларға жаңа Конституцияның негізгі ережелері кеңінен таныстырылды. Кездесуде Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының заңгер-кеңесшісі Ердәулет Тастанбек сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында жаңа Конституция қазақстандықтардың ортақ еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Бұған дейінгі тәжірибеден айырмашылығы – бұл ...

Читать далее »

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда 13–23 наурыз аралығында ауқымды республикалық «Nauryz Sale» акциясы басталады. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы ынталандыруға және ел тұрғындары мен қонақтары үшін бірыңғай мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған. Акция кезеңінде сауда субъектілері халыққа азық-түлік және азық-түлік емес тауар топтарына 10–70 пайыз аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және «Nauryz» фирмалық безендіруі арқылы ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағидаттары

Жаңа Конституцияда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының негізгі қағидаттары айқын көрсетілген. Негізгі заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Бұл қағидаттар елдің мемлекеттік басқару жүйесінің негізін құрайды және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Конституцияда мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылатыны нақты белгіленген. Бұл норма мемлекет саясатының басты бағыты азаматтардың құқықтары ...

Читать далее »

Жаңа Конституция: Адам капиталы мен инновацияны дамыту

Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағыты ретінде адам капиталын нығайту мәселесіне ерекше мән берілген. Негізгі заңда Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде қарастыратыны нақты көрсетілген. Бұл қағида елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға және тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып саналады. Адам капиталын дамыту – мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын ...

Читать далее »