Шымкентте жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға жолдау басталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқуға жолдау басталды

Шымкент қаласында биыл 450 жұмыссыз азамат білім беру ұйымдарында кәсіптік оқудан, ал 160 азамат жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқудан өтеді. Кәсіптік оқуға қатысу үшін тұрғындар алдымен жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Сондай-ақ, жеке куәлік, шәкіртақы алуға жеке есепшот нөмірі, 075 нысандағы медициналық анықтама және білімі туралы құжат (бар болса) қажет.

Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқуға жолданған азаматтарға 43 574 теңге шәкіртақы төленеді. Оқу мерзімі – 3 ай: 1 айы – теориялық сабақтарға, ал 2 айы тәжірибелік оқуға арналған.

Ал жұмыс берушілердің жұмыс орындарында кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысатын тұрғындарға 86 500 теңге (20 АЕК) көлемінде жалақы төленеді.

Оқуды аяқтаған азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар.

Оқыту мынадай мамандықтар бойынша жүргізіледі: тігінші, арнайы тігінші, кестелеуші, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиешінің көмекшісі, визажист, шаштараз-стилист, электронды есептеу машинасының операторы, пішуші, кеңсе менеджері, қолмен тоқу шебері, киім дизайнері және наубайшы.

Оқуға қатысу үшін тұрғындар тіркелген мекенжай бойынша аудандық мансап орталығына барады. Мансап орталықтарының мекенжайы:
• Абай ауданы – Арғынбеков көш., 243/3;
• Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов, көш., 201;
• Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
• Қаратау ауданы – Бәйтереков, көш., 89;
• Тұран ауданы – Қазыбек би, көш., 50.

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...