Көктемнің шуақты күндерімен қатар келетін 14 наурыз – Көрісу күні – татулық пен ізгі ниеттің мерекесі. Ұлттық салт-дәстүрге негізделген бұл игі дәстүрден қала жастары да тыс қалған жоқ. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының қатысуымен «Көрісу эстафетасы» форматындағы іс-шара өтті. Мерекелік шарада ұлттық нақыш ерекше сезілді. Шекелік тағып, әсем нымша киген қыздар мен қазақы қамзол киген жігіттер қазақы көрік ...
Читать далее »Қоғам
Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
Шымкент қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті. Ауқымды іс-шара белсенді азаматтарды, ерекше балалардың ата-аналарын, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерін бір алаңға біріктірді. Жастар ресурстық орталығында өткен форумның басты мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың отбасыларын қолдау, сондай-ақ білім алу, жұмысқа орналасу және әлеуметтік тұрғыдан өзін жүзеге асыру үшін ...
Читать далее »Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкіндік берілді»
Президент Жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе, өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді деп атап өтті. Жаңа Конституция – жастарға өмірде бағыт-бағдар сілтейтін темірқазық іспеттес. Өйткені өзгерістерге толы жаңа дәуірде елдің де, жердің иесі, қорғаны – жастар. Сондықтан бұл құжатты Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы орнықты дамуына негіз қалайтын саяси тұғыры десек, қателеспейміз. Қ.К.Тоқаев: ...
Читать далее »Маңызды тақырып төңірегіндегі диалог: Шымкенттегі еңбек ұжымдарына жаңартылған Конституция түсіндірілуде
Шымкент қаласындағы «ЮНИКС» ЖШС-інде еңбек ұжымымен кездесу өтіп, онда жаңартылған Конституцияның негізгі ережелері түсіндірілді. Кәсіпорын басшысы Эдуард Зайцев жұмысшылармен әңгіме барысында алдағы өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, конституциялық реформалардың әрбір қазақстандықтың өміріне қалай әсер ететіні туралы пікірін білдірді. «Мемлекеттегі кез келген өзгеріс берік негізден басталады. Қазақстан үшін мұндай негіз – жаңартылған Конституция. Еңбек ұжымымен кездесуде бұл өзгерістер тек заңгерлер мен саясаткерлерге ғана ...
Читать далее »Отандық өндірісті қолдаудың берік негізі
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар ел дамуына жаңа серпін беріп отыр. Әсіресе, Қазақстанның жаңартылған Конституциясында кәсіпкерлікті қолдау, жеке меншікті қорғау және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінің нақты айқындалуы – бизнес қауымдастық үшін маңызды әрі сенімді құқықтық негіз қалыптастырды. Бүгінде Шымкент қаласында орналасқан «Marai E7 Group» ЖШС еліміздегі медициналық өнімдер шығаратын ірі отандық кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорын ...
Читать далее »Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
Сайрам тұрғын алабындағы №112 мектепте жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара барысында қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен талқыланды. Кездесуге Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев қатысып, Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістер мен оның қоғам дамуына тигізер ықпалы жөнінде жан-жақты баяндады. Спикер ...
Читать далее »ЦКР: организационная и кадровая подготовка к референдуму завершена
Комиссии референдума всех уровней завершили подготовку к проведению республиканского референдума. Об этом сообщили на итоговом заседании Центральная комиссия референдума Республики Казахстан. «Комиссии референдума всех уровней завершили подготовительные работы. Проведены необходимые организационные мероприятия, обеспечено методическое сопровождение деятельности комиссий, сформирован единый подход к применению процедур голосования и соблюдению требований законодательства о референдуме. Это позволяет констатировать, что мы полностью готовы к проведению республиканского ...
Читать далее »ОРК: референдумға ұйымдастырушылық және кадрлық дайындық толық аяқталды
Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында хабарланды. «Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ...
Читать далее »Түнгі сағат 00:00-ден бастап «Тыныштық күні» басталады: орк референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік республикалық референдум қарсаңында үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауды реттейтін заңнаманың негізгі талаптарын еске салды. Оның айтуынша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады. «Ертен сағат 00.00-де үгіт кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап «тыныштық күні» басталады. Бұл дегеніміз, 14 ...
Читать далее »Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында хабарланды. «Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ...
Читать далее »Жаңа Конституция – демократиялық институттарды нығайтып, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін негіз
Жаңа Конституция елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құқықтық құжат ретінде демократиялық институттарды нығайтуға ерекше мән береді. Негізгі заңда билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі мен тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қағидаттар айқындалған. Бұл өз кезегінде мемлекеттің басқару жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, демократиялық үдерістердің дамуына жол ашады. Конституцияда заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының өзара үйлесімді қызмет етуіне құқықтық негіз қалыптастырылған. ...
Читать далее »Ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің Конституциялық негіздері
Жаңа Конституцияда қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен ел бірлігін нығайту мәселесіне айрықша назар аударылған. Негізгі заң ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін айқындап, мемлекет дамуының басты қағидаттарының бірі ретінде бекітеді. Бұл қағидаттар қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті сақтауға, ел ішіндегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Конституциялық нормалар Қазақстан қоғамының көпэтносты әрі көпмәдениетті ерекшелігін ескере отырып, азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етуге ...
Читать далее »Болашақты көздейтін жоспарлы бағыт
Жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды құқықтық құжат ретінде қоғам мен мемлекет өмірінің негізгі қағидаттарын айқындайды. Жаңартылған Негізгі заңда елдің болашақ дамуына негіз болатын стратегиялық бағыттар қамтылып, мемлекеттік институттардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Конституциялық нормалар мемлекеттің тұрақты әрі жүйелі дамуына құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл құжатта қазіргі заманның түрлі сын-қатерлері мен жаһандық өзгерістер ескеріле отырып, қоғамның қауіпсіздігі ...
Читать далее »Адам құқықтарын қорғау және ұлттық құндылықтарды сақтау – жаңартылған Конституцияның басты бағыты
Жаңартылған Конституцияда адам құқықтарын қорғау және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесіне ерекше мән берілген. Негізгі заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мемлекет қызметінің басты қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Бұл – қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Конституция адамның қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгілейді. Осы арқылы әрбір азаматтың заң алдында теңдігі, құқықтарының ...
Читать далее »Халықаралық құқық нормаларын сақтау – мемлекет саясатының маңызды бағыты
Жаңа Конституцияда мемлекеттің халықаралық құқықтық кеңістіктегі жауапкершілігі мен міндеттемелерін сақтау мәселесіне айрықша мән берілген. Негізгі заңда Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінің маңыздылығы мойындалып, оларды бұлжытпай орындау қағидаты нақты бекітілген. Бұл – елдің халықаралық құқық нормаларын құрметтейтін, әлемдік қауымдастық алдындағы жауапкершілігін сезінетін мемлекет екенін айқындайтын маңызды ұстаным. Конституциялық деңгейде бекітілген бұл қағидат Қазақстанның сыртқы саясатындағы тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етуге қызмет етеді. Халықаралық ...
Читать далее »Жаңа өзгерістер өмір сапасын жақсартуды көздейді
Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан «Mega SMART» ЖШС – жиһаз өндірісіне маманданған кәсіпорындардың бірі. Компания басшылығының айтуынша, Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ еңбеккерлерге әділ әрі қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Қазіргі таңда кәсіпорында 150-ге жуық адам еңбек етеді. «Mega SMART» ЖШС МДФ жылтыр плиталарын өндірумен және кеңсе жиһаздарын шығарумен айналысады. Елімізде баламасы жоқ ...
Читать далее »Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту – әрбір азаматтың жауапкершілігі
Шымкент қаласындағы В.Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінің акт залында тұрғындармен кездесу өтті. Іс-шара барысында Жаңа Конституцияның негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді. Кездесуге қатысқан арнай сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары мен бөлімдері туралы баяндап, әлеуметтік мемлекет тұжырымдамасының маңызына тоқталды. Атап айтқанда, бұл қағидат азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды, халықтың осал топтарын қолдауды және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар мемлекет ...
Читать далее »Шымкент: Қаратау ауданы тұрғындарымен ашық диалог өтті
Шымкент қаласының Қаратау ауданында орналасқан №80 IT мектеп-лицейінде сарапшылар мен аудан тұрғындарының қатысуымен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – Жаңа Конституция аясындағы конституциялық шешімдер мен құқықтық реформаларды жан-жақты талқылау. Іс-шара барысында қатысушылар ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – алдағы республикалық референдумның тарихи маңызына тоқталды. Сарапшылардың айтуынша, жаңартылған Конституцияда адал еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың әлеуметтік қорғалу құқығы ...
Читать далее »Жаңа Конституция: цифрлық дәуірдегі құқықтарды қорғау және Қазақстанның болашағына негіз
«Белсенді ұзақ өмір» орталығында Жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында «Ізгілік елшілері» волонтерлік қозғалысының жетекшісі, қоғам белсендісі Жасмин Әшімова баяндама жасап, конституциялық өзгерістердің маңызы туралы кеңінен айтып өтті. Кездесу барысында қатысушылар Жаңа Конституцияда қарастырылған негізгі жаңашылдықтарды, олардың саяси жүйеге, ғылым мен білімнің дамуына, сондай-ақ цифрлық ортаның қалыптасуына ықпалын талқылады. Жасмин Әшімова жаңа құжат азаматтардың шешім қабылдау ...
Читать далее »Кәсіпкерлік пен еңбек құқығы – Жаңа Конституцияның маңызды тірегі
Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру – жүргізіліп жатқан саяси реформалардың негізгі бағыттарының бірі. Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында айқын көрініс тапқан. Ата заңдағы өзгерістер мемлекет пен қоғамның дамуына жаңа серпін беріп, еңбек адамының құқықтарын қорғау мен кәсіпкерлік бастамаларды қолдауды басты міндеттердің бірі ретінде бекітті. Жаңартылған Конституцияда еңбек құқықтарын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, әділ бәсекелестік пен заң ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары