Қоғам

Шымкент: “Таза Қазақстан” акциясы аясында асар шағынауданында сенбілік өтті

Бүгін Абай ауданы, Асар шағынауданына ерекше серпін берген жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға мекеме қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, аудан тұрғындары мен белсенділер белсене атсалысып, туған өлкеміздің тазалығы үшін жұмыла еңбек етті. Сенбілік аясында: -аумақ қоқыстан тазартылып, -шөптер шабылды, -арық жағалары мен жол жиектері күл-қоқыстан аршылды. Бұл тек бір күндік жұмыс емес — бұл елге, табиғатқа, келер ұрпаққа деген жауапкершіліктің ...

Читать далее »

«Табиғатты аялау – ұрпаққа үлгі»: Таза қала – мәдениетті қоғамның айнасы

«Таза Қазақстан» акциясы елімізді экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған ауқымды бастама. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынып, ел тұрғындарын табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға және таза ұстауға шақыруда. Шымкент қаласында жыл басынан бері аталмыш акция аясында 25 іс-шара өткізіліп, оған 3000 мыңнан астам жұмысша тартылды. Сонымен қатар, 4200 арнайы техника жұмылдырылып, 26 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдықтар шығарылды. 10 ...

Читать далее »

«Шымкентті бірге тазартайық»: Экологиялық тәрбие – ел болашағына салынған инвестиция

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжат еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту, экологиялық білім мен мәдениетті дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Шымкент қаласындағы 150 мектепте «Табиғатты аялайық» атты экологиялық сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалық сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат алды. Экологияға қатысты білімдерін шығармашылық жобалар арқылы көрсетті. «ЖАС ЭКОЛОГТАР» тобы ...

Читать далее »

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі

Қадірлі отандастар! Құрметті Ассамблея мүшелері! Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында ...

Читать далее »

Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты – Президент

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды.  «Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде ...

Читать далее »

Президент: Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек

Президент өз сөзінде бүгінгі жиынның маңызына тоқталып, «Тазалық» фестивалі өте тағылымды іс-шара екенін айтты. – Осыдан бір жыл бұрын бәріміз бір ел болып «Таза Қазақстан» жобасын бастадық. Мен, ең алдымен, осы жалпыұлттық бастамаға алғашқы күннен бастап белсене қатысып жатқан әр азаматқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, солардың қатарында өздеріңіз сияқты жалынды әрі дарынды жастарымыз өте көп. Сіздер еліміздің әр аймағында ...

Читать далее »

Тыл ардагері Құлбай Алшынбаев ҰОС Жеңісінің 80 жылдығында құрметке бөленді

Шымкент қаласында тұратын тыл ардагері Құлбай Алшынбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында құрметке бөленіп, шипажайға жолдама алды. Ардагерді құттықтап, жолдаманы үйіне арнайы апарып берген – Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының “Мүгедектігі бар азаматтар мен ардагерлермен жұмыс жүргізу” бөлімінің бас маманы Ұлдана Бекбау. 1936 жылы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген Құлбай ата соғыстан кейінгі ауыр ...

Читать далее »

Шымкент: Азаматтардың көтерген өзекті мәселелері бақылауға алынады

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың кезекті жеке қабылдауы барысында 25 азаматтың денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары және абаттандыру салаларына қатысты көтерген өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, тұрғын аулаларындағы инфрақұрылымды жақсарту, көшелерді жарықтандыру мен көгалдандыру мәселелері ерекше назарға алынды. Қала әкімі әрбір азаматтың ұсынысы мен өтінішіне мұқият көңіл бөліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, қабылдауда көтерілген ...

Читать далее »

В Туркестанской области граждане и полиция объединились в борьбе с наркотиками

В рамках поручения Министерства внутренних дел Республики Казахстан полиция Туркестанской области предприняла важный шаг в борьбе с наркопреступностью. При Департаменте полиции впервые создан Совет по профилактике наркопреступлений. Председателем Совета назначен первый заместитель начальника департамента полиции К. Сахов. В состав Совета вошли известные представители общественности, которые являются примером для подражания среди молодежи. Это общественные деятели, спортсмены, журналисты, государственные служащие и профессионалы ...

Читать далее »

Түркістан облысында полиция мен азаматтар есірткіге қарсы күресте бірікті

Түркістан облысының полициясы ҚР ІІМ нұсқау хатына сәйкес есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады. Алғаш рет ведомство жанынан Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды. Кеңес төрағасы ретінде Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қ.Сахов тағайындалды. Кеңес құрамында Түркістан облысында жастарымыз үлгі тұтатын танымал тұлғалар, өз ісінің кәсіби шеберлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Атап айтсақ, Есірткі құқық ...

Читать далее »

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы алғашқы отырысын өткізді

ІV шақырылымдағы Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында негізінен 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, күн тәртібінде Қоғамдық кеңестің тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау, төралқа мүшелерін сайлау және жылдық жоспарды бекіту мәселесі талқыға түсті. Кезекті отырысқа қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты. Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі жаңадан құрылған болатын. Жаңа кеңестің құрамына 29 азамат кірді. Оның ішінде, 12-і азаматтық қоғам өкілі, ...

Читать далее »

Шымкентте ақсақалдар жастар тәрбиесі мен ұлттық келісім мәселесін талқылады

Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Айгерім Жұмағұлова ашып, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы жастар тәрбиесінің маңызын атап өтті. Жиынға қалалық Ассамблея жанындағы ақсақалдар, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері мен жастар өкілдері қатысып, қоғамдағы маңызды әлеуметтік, этносаралық ...

Читать далее »

Шымкентте студенттік құрылыс отрядтары қайта жаңғырды

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігі мен «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен студенттік және жастар жасақтарының арнайы ашылу салтанаты өтті. Қос тарап бірлесе отырып, студенттік құрылыс отрядтарын құруды алғашқылардың бірі болып ұйымдастырып, салтанатты шараны өткізу арқылы басқа өңірлердегі жоғары және арнаулы оқу орындарын осындай игі бастаманы қолдауға шақырып отыр. Салтанатты жиынға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сәрсен Құранбек ...

Читать далее »

Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді

Түркістан облысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыстағы тұрмыстық зорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді. Демографиялық өсім жағынан озық тұрған Түркістан облысында отбасылық зорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілері биыл айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, былтыр 1 мыңнан асса, биыл бұл көрсеткіш 56,3%-ға азайған. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Түркістан облысының ...

Читать далее »

«Anti-Corruption Excellence Award» Халықаралық сыйлығы туралы хабарлама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (бұдан әрі — Агенттік) «Anti-Corruption Excellence Award» Халықаралық сыйлығына Қазақстаннан үміткерлердің жедел қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл сыйлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үздік жетістіктерді мойындау және ілгерілету мақсатында шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани атынан тағайындалған. Үміткер ретінде жеке тұлғалар мен ұйымдар ұсыныла алады. Оларды мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары немесе ...

Читать далее »

Мемлекеттік қызметке кірудің жаңа жүйесі

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған орай, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап мемлекеттік қызметке кірудің жаңа жүйесі іске қосылып, мемлекеттік органдар арасында кезең кезеңмен енгізілуде. Осы жылдың шілдесінен айынан бастап іріктеудің жаңа жүйесі Түркістан облысының ...

Читать далее »

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің жұмыстары: Қала өмірін жақсарту бағытында атқарылған қадамдар

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі 2022 жылдан бастап қазіргі таңға дейін белсенді жұмыс істеп, қаладағы әртүрлі мәселелерді шешуге және азаматтардың өтініштерін тиімді қарауға үлкен үлес қосты. Кеңестің құрылымы мен жұмыс бағыты әртүрлі әлеуметтік мәселелерді қамтып, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды қадамдарды жүзеге асырды. Қоғамдық кеңестің алғашқы міндеті — Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін ...

Читать далее »

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour өтті

Шымкент – қонақжайлығымен, дәмі тіл үйірер тағамдарымен келген жанды баурап алады. Мұндағы асхананың саналуандығы – ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің, түрлі мәдениеттердің тоғысуының айқын көрінісі. Қазақтың дархан көңілі мен астың берекесі ұштасқан бұл қалада әр тағамның өзіндік тарихы, әр дәмнің өзіндік сыры бар. Бүгін әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шарада осы бір бай мұра тағы бір мәрте айшықталды. Бармағынан бал тамған аспаздар ...

Читать далее »

Шымкентте «Дәстүр – ұлт ұстыны» байқауы өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Дәстүр – ұлт ұстыны» атты этнос өкілдері арасындағы байқау өтті. Іс-шара қазақ жеріндегі түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауға бағытталды. Байқау барысында қатысушылар өз ұлтының болмысын танытып, ұлттық би мен әндерін орындап, сахналық қойылымдар қойды. Сонымен қатар, қолөнер ерекшеліктерін көрсетіп, халықтық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеді. Іс-шараның негізгі ...

Читать далее »

Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіледі

2025 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлер мен соғысқа қатысушыларға құрмет көрсету мақсатында бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асырылады. Ардагерлер мен соғысқа қатысушылардың ерлігі мен жанқиярлық еңбегін дәріптеу үшін арнайы мерейтойлық медаль әзірленеді. Сәуір-мамыр айларында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған пойызы жолға шығады. «Медициналық пойыздар» кең ауқымды әлеуметтік жобасы аясында шалғайдағы елді ...

Читать далее »