Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен тамыз кеңесі аясындағы жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған секция жұмысы өтті. Секция жұмысын басқарма басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова ашып берді. Жиынға Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Жанар Қасымова, Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының Полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқарма басшысы Қуанышбай Төлегенұлы, Облыстық білім беруді ...
Читать далее »Білім
Барлық өңірлер Білім күнін 1 қыркүйекте атап өтеді
Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады. 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді. «2 қыркүйекте — жаңа оқу жылының бірінші күні — ...
Читать далее »Жаңа гранттар мен инфрақұрылым жобалары: 2024-2025 оқу жылында студенттерге не дайындады
Биыл мектептерді 188 мыңнан астам түлек бітірді. Оның 140 мыңға жуығы жоғары оқу орындарына түседі деп күтілуде. Осылайша, биылғы оқу жылында студенттердің жалпы саны 650 мыңға жуық адамды құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz. Гранттарды бөлу, студенттерді қабылдауға дайындық, оларды жатақханаларда орындармен қамтамасыз ету туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады. Министдің айтуынша, 2022 ...
Читать далее »Білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды
Түркістан облыстық мәслихатында өңірдегі білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде арнайы отырыс өтті. Жиынды Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов жүргізіп отырды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, тиісті басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары М.Тұрысбеков, А.Салимов, Б.Байғараев, Ғ.Елшібай, Т.Қаржауов, И.Намазбаева, Ғ.Райымбеков, Б.Серманизов, Ж.Сүлейменов, Х.Әшірбеков, БАҚ өкілдері қатысты. Мақсат – білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы мен осы саладағы өзекті ...
Читать далее »«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру»: педагогтердің Тамыз саммиті аяқталды
Жаңа оқу жылының басталуына арналған педагогтердің тамыздағы дәстүрлі басқосуы өз мәресіне жетті. Талқылаудың негізгі тақырыбы оқу үдерісін цифрландыруға және сабақ беру процесіне әлемдік тәжірибені ескере отырып, жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналды. Назарбаев Университетінің базасында өткен отырыстың пленарлық бөлігіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрлері, ҚР Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ...
Читать далее »Дүйсенова колледждің үздік түлектерін университетке емтихансыз қабылдауды ұсынды
Ол техникум түлектерін қолдау бойынша мұндай тәжірибе бұрын сәтті жүзеге асырылғанын еске салды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» республикалық тамыз саммитінде колледжді үздік бітірген студенттерді емтихан қабылдамастан университетке қабылдауды ұсынды, деп жазды ҚазАқпарат агенттігі. Үкімет өкілінің айтуынша, Қазақстанда мұндай тәжірибе бұрын болған және ол өз жемісін берген. Бұл үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру ...
Читать далее »Д.Сатыбалды «Жайлы мектеп» мердігерлерінің жұмысын сынға алып, ескерту жасады
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 үш жыл ішінде кемі 50 мың оқушы үшін 63 мектеп салу жоспарланған. Өңірде жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылысы жүріп жатыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абаттандыру және жолдардың құрылыстары да дер кезінде аяқталуы тиіс. Білім нысандарының құрылысында орын алып отырған проблемаларды талқылап, шешім ...
Читать далее »Қазақстанда балаларды мектептер арасында ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды
Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталында жүзеге асыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектеп таңдаған кезде оқу тілі де ...
Читать далее »Шымкентте 11 жайлы мектеп салынып жатыр (видео)
Шымкенттің 21 мектебінде оқушы саны нормадан артық, деп хабарлайды 24kz. Сол үшін қалада 11 «жайлы мектеп» салынып жатыр. Білім басқармасындағылардың айтуынша, жаңа мектептер пайдалануға берілсе, бұл жүктемені азайтуға болады. Дегенмен, үлкен шаһардағы мектептердің барлығын 1 аусымға көшіру үшін, әлі 13 мың орынға ғимараттар керек. Ал қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар қандай? Нұршуақ шағын ауданының балалары жаңа оқу жылында «Жайлы мектепке» барады. 2 ...
Читать далее »Түркістан облысында биыл 200 мыңнан астам оқушы бір реттік ыстық тамақпен қамтылады
Түркістан облысында жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сыныпта оқитын 220 920 бала бір реттік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Оның ішінде, осал топтағы отбасыдан шыққан 60 693 бала, 1-4 сыныптағы 160 227 бала бар. Жалпы облыстағы 881 мектепте балаларды ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған. Бүгінде өңірде 530 мың оқушы болса, ...
Читать далее »Педагогтар заманауи білім беру бағытында тәжірибе алмасты
Биылғы облыстық «Тамыз кеңесі» 27 тамыз күні өткізіледі. Бүгін осы шара шеңберінде «Digital Kazakhstan: Жаңа заманындағы білім беру» тақырыбында секция жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Маңызды жиында 26 секция өтті. Кеңеске 1000-ға жуық педагог қатысты. Басқосуда әртүрлі бағыт бойынша спикерлер баяндама оқып, өзара тәжірибе алмасты. Конференция барысында білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды ...
Читать далее »Шымкентте Білім басқармасының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы қорытыланды
Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы биылғы жылғы білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы бойынша баспасөз брифингін берді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 982 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Онда — 415 908 тәрбиеленуші білім алуда (мемлекеттік – 258, бала саны – 262 856, жеке – 724, бала саны – ...
Читать далее »Түркістан: Эко-базарда «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті
Бүгін Эко-базар кешенінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 19-20 тамыз күндеріне жоспарланған жәрмеңкеге жергілікті 26 кәсіпкер қатысты. Сондай-ақ, жәрмеңкеге қойылған кеңсе құралдары, балалардың мектеп сөмкелері, мектеп формалары мен аяқ киімдер қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынылды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде мектеп тауарларын нарықтық бағадан төмен бағада ...
Читать далее »Елімізде ашылған шетелдік университеттер
Еліміздегі шетелдік оқу орындарының филиалдарында «Қазақ тілі» мен «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту негізгі міндеттердің қатарына кіреді. Бүгінде Қазақстанда 27 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылған. – Негізі «филиал» атауы көпшіліктің қабылдауына ыңғайлырақ болуы үшін қолданылады. Ал, шын мәнінде бұларды «стратегиялық серіктестік» деп атау дұрысырақ шығар. Көп жағдайда қазақстандық жоғары оқу орны негізінде шетелдік университеттердің оқу бағдарламаларын оқытатын бөлек бірлік құрылады. ...
Читать далее »ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы қалай көтеріледі
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға, 2024 жылғы қаңтардан бастап – 18%-ға, 2025 жылғы қаңтардан бастап – 17%-ға ұлғайтылды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына жоғары білім беру сапасын және ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді. ...
Читать далее »Шымкентте «Цифрлық мұғалім» жобасы жүзеге асырылады (видео)
Шымкентте жаңа оқу жылынан бастап «Цифрлық мұғалім» жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлайды 24kz. Бұл үлгерімі төмен оқушыларға негізгі пәндерді тереңдетіп оқытып, білім деңгейін көтеруге мүмкіндік бермек. Бұл туралы педагогтардың тамыз кеңесінде айтылды. Дәстүрлі жиында «Жаңа замандағы білім беру» тақырыбы талқыланды. Жаңа оқу жылының алдында 10 ұстазға құрмет көрсетілді. Олар білім жүйесін дамыту жолында жаңа жобалар ұсынып, тың әдістеме әзірлеген. Білікті кадрларға ...
Читать далее »«Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында конференция өтті
Бүгін «Tulip Hall» мәдени орталығында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Білім күні қарсаңындағы маңызды жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баршаны алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, саланың үздіктерін марапаттады. “Бүгінде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – негізгі талаптардың бірі. Бұл ...
Читать далее »Ордабасы, Сайрам және Түлкібас аудандарындағы білім нысандарының жөндеу жұмыстары тексерілді
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ордабасы, Сайрам және Түлкібас аудандарына жұмыс сапарымен барды. Ондағы білім ошақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен жіті танысып, бірқатарына қатаң ескерту жасады. Алда тұрған міндеттерге жауапкершілікпен қарауды талап етіп, сапалы әрі дер кезінде аяқтауды тапсырды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл Ордабасы ауданындағы 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. ...
Читать далее »«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы білім беру жүйесі үшін маңызды – вице-министр
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 200-ден астам педагог «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны бойынша оқудан өтті. Өңірлік білім басқармалары мен әдістемелік кабинеттер басшыларының орынбасарларына арналған оқуды Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы және «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты ұйымдастырды. 2023-2024 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы алғаш рет енгізілді. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары, «Менің бауырым» ...
Читать далее »Отырар мен Арыстағы білім нысандарының құрылыс жұмыстары тексерілді
Түркістан өңірінің білім нысандарында жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Отырар ауданы мен Арыс қаласына жұмыс сапарымен барды. Іссапар аясында мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелердің құрылыс жұмыстарын тексерді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл Отырар ауданда 6 мектеп, 3 балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
