Білім — Страница 2 — Xnews — ақпарат агенттігі

Білім

Мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді мерекесімен құттықтап, Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналғанын атап өтті. – Ұстаз – әр адамның өмірінен ерекше орын алатын тұлға. Бұған ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын, бұл – бәрімізге ортақ пікір. Ұстазды ұлықтау өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын аса маңызды қасиет ...

Читать далее »

В Туркестане чествовали заслуженных учителей

В Туркестане в честь Дня учителя состоялось торжественное мероприятие «Почет учителю – пример потомкам» с участием работников сферы образования. В праздничном собрании принял участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, который поздравил всех учителей, самоотверженно трудящихся в сфере образования, с профессиональным праздником. – Сегодня мы отмечаем особый праздник, определяющий вершину мудрости человечества – День учителя! От всей души поздравляю всех вас ...

Читать далее »

Түркістанда ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Түркістанда Ұстаздар күні мерекесінде білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады. – Бүгін біз адамзаттың парасат биігін айқындайтын ерекше мереке – Ұстаздар күнін атап өтудеміз! Баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – жай ғана маман ...

Читать далее »

Туркестанские ученые представили в Кембриджском университете исследования об Отыраре

В Кембриджском университете прошла международная научная конференция на тему «Археологические подходы к изучению урбанизма и устойчивости городов в средневековой Центральной Азии». Туркестанские ученые на международной научной конференции представили результаты археологических исследований, касающихся Отырара и средневековых городов южного региона. Организаторами встречи выступили программа King’s Silk Roads при King’s Colleg Кембриджского университета и институт McDonald Institute for Archaeological Research. На научной встрече ...

Читать далее »

Түркістандық ғалымдар Кембридж университетінде Отырар туралы зерттеулерін таныстырды

Кембридж университетінде «Ортағасырлық Орталық Азиядағы урбанизм мен қала тұрақтылығын зерттеудің археологиялық тәсілдері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Түркістандық ғалымдар халықаралық ғылыми конференцияда Отырар мен оңтүстік өңірдегі ортағасырлық қалаларға қатысты археологиялық зерттеулерінің нәтижесін таныстырды. Басқосуды Кембридж университетінің «King’s College» жанындағы «King’s Silk Roads» бағдарламасы мен «McDonald Institute for Archaeological Research» институты ұйымдастырды. Ғылыми жиында Отырар қаласы мен бүгінгі Түркістан облысының аумағындағы ...

Читать далее »

«Кәсіби білім – кемел болашақ»

Шымкентте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай «Кәсіби білім – кемел болашақ» атты салтанатты жиын өтті. Аталған ресми мереке техникалық және кәсіптік білім беру саласының беделін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат негізінде республикалық күнтізбеге енгізілген болатын. Жастар ресурстық орталығында өткен мерекелік іс-шарада саладағы жетекші мамандар бас қосты. Салтанатты жиынға колледж директорлары мен педагогтері, өндірістік оқыту шеберлері, ...

Читать далее »

Президент тапсырмасы: Түркістанда халықаралық ІТ университетінің жаңа оқу корпусының құрылысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде әлемнің жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Облыс орталығында 2025 жылы «Woosong Kazakhstan» университеті ашылды. Ал бүгін Түркістан қаласында осы халықаралық университеттің жаңа оқу корпусының құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, ардагерлер мен ұстаздар және студенттер қатысты. Іс-шара барысында жаңа ...

Читать далее »

Шымкентте ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған инттеллектуалды сайыс өтті

Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ата-бабадан қалған асыл салт-дәстүрлерімізді жаңғырту және жастардың шығармашылық қабілетін қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға 7-9 сынып оқушылары, «Дәстүр мен таным» үйірмесінің мүшелері қатысты. Шараға Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығының маманы Ләззат Ретбекқызы қатысып, ұлттық салт-дәстүрлердің мәні мен маңызы, оларды жас ұрпақ тәрбиесінде дәріптеудің маңызы жөнінде сөз қозғады. Мерекелік кеш қазақтың әуезді «Үкілі қыз» әнімен басталып, қатысушыларға ...

Читать далее »

Түркістанда тауардың шығу тегін сертификаттау саласының мамандарына арналған оқу бағдарламасы аяқталды

Түркістан қаласында тауардың шығу тегін анықтау және сертификаттау саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқу бағдарламасы өз мәресіне жетті. Оқу «Тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі уәкілетті тұлға болуға үміткер кандидаттарды, сондай-ақ қолданыстағы уәкілетті тұлғаларды оқыту» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтіп, оған еліміздің әр өңірінен осы бағыттағы мамандар мен кандидаттар ...

Читать далее »

От цифровизации услуг — к экспорту технологий

За последние годы цифровая трансформация стала одним из заметных направлений развития Казахстана. В 2024 году Казахстан занял 24-е место среди 193 государств в Индексе развития электронного правительства ООН, тогда как в рейтинге 2019 года страна находилась на 39-й позиции. Расширяется и экспорт отечественных IT-услуг. По итогам 2025 года их объем достиг $1,142 млрд против $33,5 млн в 2020 году. Экспорт ...

Читать далее »

Бекзат туралы кітап таныстырылды

«Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір». Өткен жылы жазушы Бейбіт Сарыбайдың осы атаумен алғашқы кітабы жарық көрген болатын. Қаламгер туындысына қазақ боксының жарық жұлдызы Бекзат Саттархановтың өмірін арқау еткен. Бұл жолы жазушы №140 жалпы орта мектебінде оқушылармен кездесіп, кітаптың жазылу тарихы мен басты кейіпкердің тағылымды өмір жолы туралы әңгімеледі. Оқырман қауыммен еркін пікір алмасқан қаламгер жас буынды ұлттық рух пен қайсарлыққа ...

Читать далее »

Балалар әдебиетінің жарқын қаламгері

Шымкент қаласындағы №14 кітапхана бөлімшесінде балалар жазушысы Нәсіреддин Сералиевтің шығармашылығына арналған «Балалар әлемінің жарқын жазушысы» атты әдеби кездесу өтті. «Бір қала – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған тағылымды шараға фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, балалар жазушысы Айтбозым Мұратбеков, ақын, сазгер Айзада Бекенқызы және 5-6 сынып оқушылары қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Н.Сералиевтің өмірі мен шығармашылық жолын жас оқырмандарға ...

Читать далее »

Шымкент қалалық арнайы кітапханада “Күз және біз” атты поэзиялық кеш өтті

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Кітап оқитын ұлт жобасы аясында «Күз және біз» атты поэзиялық кеш өтті. Тағдырластар клубының кезекті кездесуінде «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, “Әділет” партиясының Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мақсат Жанұзақұлы және клуб мүшелері қатысты. Іс-шарада қатысушылар поэзия оқып, ән айтып, өзара әдеби пікір алмасты.. Кеш ...

Читать далее »

Оксфорд университетінің студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің студенттеріне арналған екі апталық «Қазақ тілін үйрену бағдарламасы» басталды. Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оксфорд университетінің Вольфсон колледжі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның мақсаты – шетелдік студенттерге қазақ тілінің негіздерін үйрету, ...

Читать далее »

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында тағылымды кездесу өтті

Президент кітабындағы тағылымды ойлар талқыланды Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабын талқылауға арналған тағылымды кездесу өтті. Басқосуда кітапта көтерілген елдің дамуы, білім мен ғылым, ұлттық құндылықтар, жастар тәрбиесі, заң мен тәртіп және азаматтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар Мемлекет басшысының еңбегінде айтылған ...

Читать далее »

Ұлыларын таныған ұрпақ тарихын да таниды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруда кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызына үнемі назар аударып келеді. Президенттің бастамасымен биыл кітап оқу мәдениетін дамытуға және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған арнайы шаралар қолға алынды. Осы бағыттағы бастамалардың бірі Шымкент қаласындағы «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебіндегі игі жоба – «Ел тұтқа» тұлғатану дәрістері. Он айға жоспарланған жоба аясында әр ай бір ...

Читать далее »

Шымкент: Школьникам рассказали о нюансах кибергигиены

Встреча старшеклассников школы – гимназии №65 им Алтынсарина с представителями управления цифровизации города и сотрудниками правоохранительных органов была посвящена обсуждению темы «Информационная безопасность и кибергигиена». В организациях образования города продолжаются встречи, направленные на повышение кибергигиены и уровня информационной безопасности школьников. Очередное мероприятие состоялось в школе-гимназии № 65 им. И. Алтынсарина. Организатором встречи выступило Управление цифровизации города Шымкента. Главная цель инициативы ...

Читать далее »

Түркістанда тауардың шығу тегін сертификаттау саласындағы мамандарға арналған оқыту семинары басталды

Бүгін Түркістанда Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен тауардың шығу тегін анықтау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу, куәландыру және беру жөніндегі уәкілетті тұлғаларды оқытуға арналған семинардың алғашқы күні өтті. Оқыту барысында қатысушыларға тауардың шығу тегін анықтау және сертификаттау саласындағы қолданыстағы талаптар, халықаралық сауда режимдері, сертификаттарды беру тәртібі, мемлекеттік бақылау және верификация рәсімдері бойынша жан-жақты ақпарат беріледі. Семинардың алғашқы ...

Читать далее »

Шымкентте жас отбасылар арасында «Отау IQ» интеллектуалдық сайысы өтті

Отбасы күніне орай, Шымкент қаласындағы ОАИУ-дың М.Сапарбаев ғимаратында жас отбасылардың басын қосқан ерекше интеллектуалдық сайыс өтті. «Бақыт мекені» жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды ұйымдастыру» жобасы аясында өткен «ОТАУ IQ» сайысы ерлі-зайыптылардың білімін ғана емес, өзара түсіністігі мен бір команда ретінде әрекет ету қабілетін де сынады. Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға 18-35 жас аралығындағы жас отбасылар ...

Читать далее »

«Зерделі ұлт – зерек оқырман»: Кітап оқу мәдениетін насихаттаған іс-шара өтті

Шымкентте Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада «KITAP TIME – 2026» V жалпы республикалық фестивалі аясында «Зерделі ұлт – зерек оқырман» атты тағылымды іс-шара өтті. Кітап оқу мәдениетін насихаттап, оқырманның әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен іс-шара кітапхана фойесінде ұйымдастырылған «Зерделі ұлтқа бастар рухани жол» атты кітап көрмесінен бастау алды. Көрмеге оқырман қауымға кеңінен танымал «Төле би», «Қасым», «Мазмұндама» баспаларынан жарық ...

Читать далее »