Шымкент қаласындағы Достық үйінде үш маңызды оқиғаны — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Шымкент қаласындағы Балалар өнер мектебінің 45 жылдығы және алда келе жатқан Балаларды қорғау күнін біріктірген ерекше концерт өтті. Бұл шара жәй мерекелік концерт емес, нағыз мәдени оқиғаға айналып, өнер мен достықтың терең мәні көрініс тапты. Ұйымдастырушылар іс-шараның негізгі мәні — Қазақстан халықтарының достығы екендігіне басты назар аударды. ...
Читать далее »Мәдениет
Бүгін Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтіледі
Суретшілерді, жазушыларды, музыканттарды, әртістерді, әншілерді, кітапханашыларды, музей мен галерея қызметкерлерін, кинематография өкілдерін – жалпы мәдени мұраны сақтау мен дамытуға, қоғамның рухани құндылықтарын қалыптастыруға үлес қосып жүрген барша жандарды құттықтаймыз. Музыка, театр, кескіндеме, әдебиет, кино – тек білім мен дәстүрді жеткізудің құралы ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің дамуына серпін беретін қуатты күш. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр ...
Читать далее »Шымкент: Мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
Шымкентте «21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай салтанатты жиын өтті. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін мерекемен арнайы құттықтап, мемлекеттік наградалар мен қала әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті. Қала әкімінің орынбасары шаһарда мәдениет саласында оң өзгерістер бар екендігін, жалпы бұл мереке елімізде 2013 жылдан бері тойланып келе жатқандығын атап өтті. – Қай ...
Читать далее »Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Парижде қырғыз және қазақ жырауларын марапаттады
2025 жылғы 17 мамырда ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде тарихта алғаш рет қазақ және қырғыз жырауларының қатысуымен дәстүрлі импровизациялық поэзия дуэлі — халықаралық Айтыс/Aytış өтті. Бұл шара Айтыстың ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгеніне 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркі Мәдениеті және Мұрасы қорының өкілдері де қатысты. «Әдебиет және өнер» порталына Түркі мәдениеті және мұрасы қорынан берілген ...
Читать далее »Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. – Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты ...
Читать далее »Түркістан: «Конгресс холл» кешенінің ұжымы Алматы қаласында өнер көрсетті
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің ұжымы гастрольдік сапармен Алматы қаласында болып қайтты. Өнер ұжымы оңтүстік астананың тұрғындарының назарына Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық спектаклін ұсынды. Сондай-ақ, шығармашылық сапардан оралған өнер ұжымы өздерінің алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы брифингте «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің басшысы Асқар Кенехан мәлімдеді. «Jana lep» ұжымы жыл басталғалы бері бірқатар үлкен қойылымдарды көрермен назарына ұсынды. «Алғашқы ...
Читать далее »Культурный праздник — «Ночь в музее»
Проект «Ночь в музее», посвященный Международному дню музеев, в этом году с особым размахом отметили в городе Шымкент. В этот день древний Шымкент вновь стал центром духовной жизни, а гости и жители города стали свидетелями таинственного вечера, поведавшего о глубинах истории. В историко-культурном комплексе «Шым қала», входящем в объединение музеев города, состоялось содержательное и красочное мероприятие «Тарих қойнауындағы Шым қала» ...
Читать далее »Шымкент становится ярким центром культуры и искусства
Город Шымкент, будучи одним из трех крупнейших мегаполисов страны, в последнее время выделяется не только экономическими показателями развития, но и своим духовно-культурным подъемом. Проходящие в нашем городе масштабные культурные мероприятия – яркое тому подтверждение. Сегодня в городе функционируют 22 учреждения культуры. До конца года запланировано проведение около 200 культурно-массовых мероприятий. В числе этих мероприятий – официальные праздники, конкурсы, форумы, театральные ...
Читать далее »Шымкент – мәдениет пен өнердің жарқын ордасына айналып келеді
Шымкент қаласы еліміздің үш ірі мегаполисінің бірі ретінде тек экономикалық даму көрсеткіштерімен ғана емес, соңғы уақытта рухани-мәдени өрлеуімен де ерекшеленіп келеді. Қаламызда өтіп жатқан ауқымды мәдени іс-шаралар – осының айқын дәлелі. Бүгінде қадада 22 мәдениет ұйымы жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін 200-ге жуық мәдени-көпшілік іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл шаралардың қатарында ресми мерекелер, байқаулар, форумдар, театр премьералары мен тарихи-мәдени мұра ...
Читать далее »Алматыда түркістандық «Jana lep!» өнерпаздары өнер көрсетті
Алматыда «JANA LEP!» өнер ұжымының гастрольдік сапары өтті. Түркістан облысы мәдениет басқармасы «Конгресс Холл» кешенінің таланттары күні кеше Қанат Жүнісовтің қаламынан туған «Аалғашқы махаббат» комедиясын алматылық көрермендердің назарына ұсынды. Өнер кешіне қазақ киносы мен театр өнерінің абызы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов арнайы қатысып, шығармашылық ұжымға батасын берді. Ал мекеме басшысы Асқар Кенехан көпшілікке алғысын білдірді. ...
Читать далее »Түркістан: Жеңіс күні қарсаңында Райымбек Сейтметов театрында жаңа қойылым көрерменге жол тартты
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы» қойылымы сахналанды. Қойылымда соғыс жылдарындағы майдан хаттарын жеткізуші Темірхаттың күрделі тағдыры суреттелді. Алғашында жеңіл көрінген бұл жұмыс уақыт өте келе Темірхатқа ауыр жүкке айналып, майданнан келген сәлемдемелердің орнын қаралы қағаздар алмастырды. Ауыл балаларының оны «қара хабаршы» деп атауы Темірхаттың жанын одан әрі жаралады. ...
Читать далее »Түркістанда «Қарасөз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті
Түркістан музыкалық драма театрында Абай мұрасына арналған «Қара сөз» пластикалық спектаклі сахналанды. Қойылым — қазақ даласының кеңдігін, көшпенділердің философиялық ой-өрісін, халықтың болмысын жаңа қырынан танытады. Жаңа қойылымнан әсер алған түркістандық театрсүйер қауымның ықыласы ерекше болды. Қойылымнан соң премьераға келушілер шығармашылық топқа алғыстарын білдірді. Айта кетейік, қойылымның қоюшы режиссер және көркемдік жетекшісі Мадина Мұратбекова, либретто авторы – Анель Ислямова, композиторы – ...
Читать далее »Талдықорған театрының рухани керуені: 50 жылдық мерейтойлық гастроль Шымкентте жалғасады
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры өзінің 50 жылдық мерейтойы аясында республика өңірлеріне гастрольдік сапарлар ұйымдастырып, театр өнерін кеңінен насихаттауда. Осы мерекелік шара аясында театр ұжымы 2025 жылдың 27–30 сәуірі аралығында Шымкент қаласының өнерсүйер қауымына өз репертуарындағы үздік қойылымдарын ұсынбақ. Гастрольдік бағдарламада Б. Римованың «Қос мұңлық» драмасы, Ж. Әлікеннің «Қазақтың тойы бітпесін» драмасы, А. Володиннің «Кездесу мен қоштасу» психологиялық драмасы, ...
Читать далее »Құрақ құрау — бірігудің белгісі
Талайды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыннан қиыстырып құрақ құрау. Өнердің сарқылмас қайнар көзіне айналған бұл қолөнер бұйымы әр қазақ шаңырағының төрінен көрінуі тиіс. Төрдің төріне төселген құрақ қазақ өнерін менмұндалатып тұратындай. Осы асыл мұраны ұрпақ санасына сіңіру, жаңғырту және насихаттау мақсатында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Құрақ құрау – өнердің сарқылмас қайнар көзі» атты тағылымы мол шеберлік сағаты ...
Читать далее »Түркістан төрінде күй күмбірлеп, ұлттық құндылықтар насихатталды
Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш өтті. Кешке еліміздің белгілі өнер майталмандары – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбек, республикалық конкурстардың жүлдегері Айғаным Шұғай және ҚР Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан қатысты. Сахна төрінде Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақжауын» камералық оркестрі мен «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі өнер көрсетті. Кеш барысында ...
Читать далее »Шымкент жастарына серпін берген сахналық серуен: Жаңа театр, үлкен үміт
Бүгін, 23 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімдігінің ресми өкілі — Сәрсен Абайұлы Құранбек бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізіп, Шымкент қалалық жастар театрының алдағы шығармашылық жоспарлары мен жаңа бастамалары туралы кеңінен мәлімет берді. Брифингте айтылған маңызды жаңалықтардың бірі – қала әкімдігінің қолдауымен жастар театрына жаңа ғимараттың берілуі болды. Бұл тек физикалық кеңістік қана емес, жас сахнагерлердің кәсіби ...
Читать далее »Шымкент Жастар театры алғашқы қойылымымен көрермен ықыласына бөленді
Көптен күткен алғашқы қойылым өз көрерменін тапты. Шынайы өмірден алынған оқиғаларға негізделген, өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеретін туынды көрермендер көңілінен шығып, жүректерге жол тапты. Қойылым барысында көрермендер отбасылық құндылықтарды қайта саралап, нашақорлық сынды қоғам дертіне бей-жай қарамауға үндейтін сахналық көріністерден әсер алып, терең ойға батты. Ұлттық салт-дәстүрімізді, қазақы болмысымызды дәріптеген көріністер жастардың жүрегіне жол тауып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Бұл ...
Читать далее »Түркістан: «Конгресс холл» кешенінің «Jana lep» ұжымы «Алғашқы махаббат» спектаклін сахналайды
Түркістан облысындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде 10 сәуір күні Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиялық спектаклінің премьерасы өтеді. Қойылым «Jana lep» ұжымы мен елімізге белгілі театр және кино актерлары Асылхан Төлепов, Ақнұр Рахат, Азат Асан, Шахмардан Алмаханның қатысуымен көрермен назарына ұсынылады. Алдағы уақытта туынды дәстүрлі қойылымдардың біріне айналмақ. Бұл туралы брифингте «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің басшысы Асқар Кенехан мәлімдеді. «Jana lep» ...
Читать далее »Сауранда «Ақ бата» атты танымдық кеш өткізілді
Сауран аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Ақ бата» атты тағылымдық-танымдық кеш өтті. Кешке зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдары қатысты. Шараға арнайы келген қонақтар қатарында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Сүлейменов, аудан әкімінің кеңесшісі М.Ергешбайұлы, аудандық мәслихат депутаты А.Раматуллаев, “Turkistan Media Holding” директорының орынбасары, журналист Т.Бейсен, профессор, журналист, композитор Б.Сердәлі,республикалық «Ақ бата» байқауының жеңімпазы Әлжан қажы, композитор ...
Читать далее »Қазақтың халық биі мен дәстүрлі әні Шымкент сахнасында тоғысты
Шымкентте «Шымкент концерт» концерттік ұйымы филармониясы ұйымдастырған «Шымкент сазы» дәстүрлі өнер кеші өтіп, қазақтың бай мәдени мұрасын, дәстүрлі өнерінің бес мектебінің шабыты мен рухын сөйлетті. Бұл іс-шарада елдің танымал этно-фольклорлық және халық би ансамбльдері, сондай-ақ дәстүрлі ән орындау шеберлері өнер көрсетіп, тыңдармандарға нағыз ұлттық рух пен сезімді сыйлады. Кеш бағдарламасында «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, «Қаратау» фольклорлық ансамблі және «Қазына» халық би ...
Читать далее »
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары