«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде әсем әуен шырқалды — Xnews — ақпарат агенттігі

«Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде әсем әуен шырқалды

Демалыс күндері Шымкенттің кешкі келбеті әсем әнмен ажарлана түсті. Қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған «Шымқала кештері» жобасы бұл жолы «Шымқала» тарихи-мәдени кешені мен Шымсити саябағында жалғасын тапты. Ашық аспан астында өткен концерттерге жиналған жұртшылық әуезді ән тыңдап, жазғы кештің ерекше атмосферасын сезінді.

Кеш шымылдығы әсем әуенмен түріліп, сахнада қаланың талантты әншілері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Қазақтың халық әндерінен бастап, көпшілік сүйіп тыңдайтын эстрадалық шығармаларға дейін орындалып, концерт көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір ән тұрғындардың көңілінен шығып, саябақтар мерекелік көңіл күйге бөленді.

— Бұл іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Жалпы мұндай көңілді кештер жаз бойы жалғасып жатыр. Әсем ән әуелеп, өнерпаздар өз өнерін ортаға салады,- «Шымкент-концерт» концерттік ұйымының эстрада әншісі деді Айнұр Абілдаева.

Концертке жиналған тұрғындар сүйікті әндерін орындаушылармен бірге шырқап, мәдени жиынның ерекше атмосферасын сезінді. Кешті көтеріңкі көңіл күймен өткізіп, өнер иелеріне алғыс білдірді.

— Шымкентте үнемі ұйымдастырылып тұратын мұндай концерттер көпшіліктің көңіл-күйін көтереді. Мұны ұйымдастырушыларға бізге осындай керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін алғысымызды айтамыз,- деді қала тұрғыны Нұрлан Есекепов.

Мұндай іс-шаралар тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, ұлттық мәдениетті насихаттауға және тарихи-мәдени нысандардың тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Тұрғындардың сүйіспеншілігіне бөленген «Шымқала кештері» жобасы алдағы уақытта да жалғасады. Мәдениет басқармасының бастамасымен қолға алынған мәдени іс-шара аптаның әр сенбі мен жексенбі күндері тұрақты түрде ұйымдастырылып, қала тұрғындарының демалысын мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді.

© «Ońtústik» телеарнасы

x

Check Also

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...

Түркістан облысында Мемлекет Басшысының Жолдауына арналған мәжіліс өтті

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын облыстық үкіметтік емес ...