Ел жаңалықтары — Страница 125 — Xnews — ақпарат агенттігі

Ел жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЭЫДҰ-ның парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі отырысына қатысты

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізу жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 15-16 қазан аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Жұмағали бастаған делегация парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. Іс-шарада мемлекеттік және жеке секторлардағы адалдық пен сатылмаушылық, мүдделер қақтығысы, қоғаммен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы күрестің озық ...

Читать далее »

Білім беру және байланыс салаларында инвестиция сәйкесінше 79,3% және 81,7%-ға артты

Биылғы 9 айдағы экономиканың өсу көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Вице-премьердің есебінше, биылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 4,0%-ды құраған. «Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде үшінші ай қатарынан өсімнің жеделдеуі байқалуда. Нақты сектордағы өсу 5,0%-ды құрады, көрсетілетін қызметтер саласындағы өндіріс 3,8%-ға артты», — деп атап өтті Нұрлан ...

Читать далее »

Биыл мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мыңға жуық жаңа орын ашылды

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осының аясында жыл басынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мыңға жуық жаңа орын ашылды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манара Адамова мәлімдеді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған мектепке ...

Читать далее »

Работает единый государственный контакт-центр «111»

Внимание! Работает единый государственный контакт-центр «111». Единый государственный контакт-центр «111 АМАНАТ» по вопросам семьи, женщин и защиты прав детей принимает звонки по следющим вопросам. • Если вы видите обьекты, представляющие опастность для детей • Если вам стало известно о фактах семейно-бытового насилия • Если вы видите семью в трудной жизненной ситуации • Если вы или ваш друг в опастности • ...

Читать далее »

«111» бірыңғай мемлекеттік байланыс нөмері іске қосылды

Назар аударыңыз! «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс нөмері іске қосылды.   Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «АМАНАТ 111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы төмендегі сұрақтар бойынша жұмыс жасайды. • Балаларға қауіп төндіретін нысандарды көрсеңіз • Сізде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері белгілі болса • Өмірлік қиын жағдайдағы отбасын білсеңіз • Егер өзіңізге немесе досыңызға қауіп төніп тұрса • Егер сізді біреу қорқытса ...

Читать далее »

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары барлық учаскелерде дауыс беру барысын бақылауға қатысты

«Дауыс» Коалициясының байқаушылары 6 қазанда еліміздегі барлық ашық дауыс беру учаскелерінде дауыс беру барысын бақылауға қатысты. Барлығы тоғыз жарым мыңға жуық учаскіні қамтыдық. Біздің бақылау желісі 181 ҮЕҰ мен кәсіподақтарды қамтыды. Біз дауыс беру учаскелері ашылған сәттен бастап дауыс беру хаттамаларына қол қойылғанға дейін күні бойына сол жерлерде бақылаушылардың болуын қамтамасыз еттік. Коалицияның аймақтық деңгейдегі барлық штабтарында ситуациялық орталықтар күні ...

Читать далее »

Алдын ала қорытынды: Референдумға 7,8 млн қазақстандық қатысты

Алдын ала қорытынды: 7 млн 820 мың 918 адам: Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы таңдау жасаған Аймақтар бойынша Түркістан облысы ең белсенді үштіктің қатарында — дауыс берушілердің 75,31 пайызы таңдау жасаған. 6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат жарияланды. 6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ...

Читать далее »

Референдум ТМД байқаушылар миссиясының жіті бақылауында

Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылайды. Бүгін ТМД байқаушылар миссиясының басшысы елордадағы №191-ші референдум учаскесіне барып, жұмыс барысына назар аударды. Аталған учаске Республикалық физика математика мектеп ғимаратында орналасқан. Мұнда 2 мың 400 дауыс беруші тіркелген. Леонид Анфимов, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы: — Бүгін біз Астанадағы учаскелерге ...

Читать далее »

«Коалиция общественных наблюдателей «Дауыс» вступил в режим повышенной бдительности

Сегодня с первых минут открытия участков республканская общественная организация «Коалиция общественных наблюдателей «Дауыс» вступил в режим повышенной бдительности. Наш ситуационный центр работает в режиме непрерывного мониторинга, получая актуальную информацию от региональных штабов и координаторов со всех участков республики. С 6:00 утра более 9500 наблюдателей «Дауыс» заняли свои посты на избирательных участках от самых отдаленных регионов до столицы. Пока мы не ...

Читать далее »

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі күшейтілген қырағылық режиміне көшті

Бүгін дауыс беру учаскелерінің ашылуынан бастап «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі күшейтілген қырағылық режиміне көшті. Біздің ситуациялық орталық республиканың барлық дауыс беру учаскесінен аймақтық штабтар мен үйлестірушілерден түсетін өзекті ақпаратты ала отырып, үздіксіз мониторинг режимінде жұмыс істеп жатыр. Таңғы сағат 6:00-ден бастап 9500-ден астам «Дауыс» бақылаушысы республиканың ең алыс өңірлерінен бастап елордаға дейін дауыс беру учаскелерінде өзінің орындарын ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы республикалық референдумда дауыс берді (видео)

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумда дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда дауыс берді. Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент, ең алдымен, референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты. «Бүгін – тарихи күн. Халқымыз АЭС ...

Читать далее »

Президент мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты. Сонымен қатар еліміздегі оқу-ағарту саласын дамыту жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. – Менің тапсырмаммен «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Бұл құжат ұстаздардың заңды мүддесі мен құқықтарын қорғауға ықпал етті. Қазір мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы айтарлықтай көбейді. Олар негізгі қызметіне ...

Читать далее »

Елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 23 филиалы ашылды — Т.Дүйсенова

Негізгі мақсат – елімізде халықаралық бағдарламалар аясында кәсіби мамандар даярлау. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова барлық деңгейдегі Мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумының панелді сессиясына қатысты. Вице-премьер өз сөзінде Мемлекет басшысының халқына Жолдауында қойған міндеттерін орындауға бағытталған шаралар туралы айтты. Тамара Дүйсенова бүгінде елімізде облыстардағы университеттер базасында шетелдік жоғары оқу орындарының 23 филиалы ашылғанын атап өтті. Негізгі мақсат – елімізде халықаралық ...

Читать далее »

Болашақтың энергиясы: АЭС салу іргелі өзгерістерді талап етеді

Адам іс-әрекеті нәтижесінде парниктік газдың шығарылуы климатты нашарлатып, ауаны ластайды. Сондықтан әр ел электр энергиясын өндіру мәселесін қоршаған ортаға зиянсыз технологияға көшіруге тырысады. Тәуекелдерді ескеру маңызды Табиғи уран өндіруде әлемдік өндірістің 50%-дан астамын өндіретін елміз. Біздегі кен орындарының бірегейлігі – оны ұңғымада жер асты шаймалау (ЖАШ) әдісімен игеруге мүмкіндік бар. МАГАТЭ классификациясына сүйенсек, біздегі уран кен орындарының көпшілігі рулон типті ...

Читать далее »

АЭС ел экономикасының өркендеуіне серпін береді – депутат

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Қазақстанның электр қуатына тапшы емес өңірінің өзі тапшылықты сезініп отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Депутаттың сөзінше, АЭС құрылысы кәсіпкерлік субъектілеріне оң әсер етеді. «Өйткені, шыны керек, АЭС 10-12 жыл салынатын болса, онда құрылыс жұмысына, басқа да қосалқы жұмыстарға мердігер компаниялар, жергілікті азаматтар тартылатыны анық. Одан бөлек, екінші мәселе – еліміздегі энергия тапшылығынан кейбір кәсіпкерлік салалары толық дамымай ...

Читать далее »

Обеспечим безопасное и надежное использование мирного атома – атомщики Казахстана обратились к казахстанцам

Работники атомной отрасли Казахстана обратились к жителям страны. Видео было опубликовано на официальном сайте и в социальных сетях Ассоциации развития атомной индустрии (AIDA). В своем видеообращении работники атомной отрасли, работающие на разных предприятиях страны, отмечает, что несмотря на трудности перестроечных лет, Казахстану удалось сохранить свою атомную отрасль и обеспечить ее развитие для будущих поколений. Сегодня казахстанские атомщики являются высококвалифицированными специалистами, ...

Читать далее »

Бейбіт атомның әлеуетін пайдалану керек

Бейбіт атомды қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз етейік –Қазақстан атомшылары қазақстандықтарға жүгінді. Қазақстанның атом саласының қызметкерлері ел тұрғындарына жүгінді. Бейне атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының (AIDA) ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланды. Еліміздің әртүрлі кәсіпорындарында жұмыс істейтін атом саласының қызметкерлері өзінің бейне жолдауында қайта құру жылдарындағы қиындықтарға қарамастан, Қазақстан өзінің атом саласын сақтап, оның болашақ ұрпақ үшін дамуын қамтамасыз ете алғанын ...

Читать далее »

Тиімділік тұрғысынан АЭС-ке жетер энергия көзі жоқ

Егер атом станцияларының қызмет ету мерзімін экономикалық тиімділік тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда олар әдетте 60 жылға жобаланады. Осы мерзімнен кейін, кішігірім инвестициялармен, сіз 100 жылға дейін ұзарта аласыз. Осылайша, атом электр станциясы бір ғасыр бойы тұрақты қуат көзіне айналады. Керісінше, жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) орташа қызмет ету мерзімі шамамен 25-30 жыл, бұл жаңа нысандардың тұрақты құрылысын және айтарлықтай қаржылық инвестицияларды ...

Читать далее »

АЭС — энергетикалық тәуелсіздігіміз бен қауіпсіздігіміздің кепілі

Бізге таза, сарқылмайтын энергия көздері қажет. Бір даусыз факт бар: қазіргі уақытта атом энергиясының баламасы жоқ. Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы — бұл нақты жағдай мен бүгінгі күннің қажеттіліктерінен туындайтын бастама. АЭС экономиканың драйвері, оның қозғаушы күші болады. Мыңдаған жаңа жоғары білікті және жоғары жалақы алатын жұмыс орындары пайда болады. Атом электр станциясының құрылысы инфрақұрылымның дамуына әкелетіні анық: жаңа жолдар, ...

Читать далее »

Қазақстанда өндіріс саласын қалай дамыту керек

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. «Өндіріс саласы – экономикамыздың негізгі локомотиві. Соңғы 8 айдың қорытындысын қарайтын болсақ, экономикамыз тек 3,2 пайызға ғана өсті деген ақпарат бар. Бірақ бұл көрсеткіш Президентіміз қойған 5-6%-дан екі есе төмен болып тұр. Оны сараптап қарайтын болсақ, қазір өндіріс саласында өңдеу саласы былтырға қарағанда 104,9 пайыз болып тұр. ...

Читать далее »