Қазақстанда құны $1 млрд болатын мыс балқыту зауыты іске қосылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстанда құны $1 млрд болатын мыс балқыту зауыты іске қосылады

Тау-кен металлургия саласын дамыту аясында Абай облысында құны $1 млрд болатын мыс балқыту зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысумен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов мәлімдеді. Оның сөзінше, кәсіорынның қуаттылығы экспортқа шығарылатын мыс концентратын толықтай өңдеуге мүмкіндік береді.

«Qarmet» акционерлік қоғамы кезең-кезеңмен жоғары деңгейде өңделген сапалы металдар шығару, оның ішінде автомобиль жасауға қажетті болат өндіру көлемін ұлғайту үшін кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылдың өзінде компания автокөлік, және вагон құрастыруда, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде қолданылатын 25 мың тонна қоспалы болат өндірді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...