Қауіпсіз, жайлы және көрікті қала – тұрақты дамудың негізі — Xnews — ақпарат агенттігі

Қауіпсіз, жайлы және көрікті қала – тұрақты дамудың негізі

Қалалардың қауіпсіз, жайлы әрі көрікті болуы – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды мемлекеттік міндет. Бұл бағытта қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көшелер мен аулалардың тазалығын сақтау, жасыл желектерді көбейту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың қауіпсіздігі мен көркеюіне басымдық берудің маңызын атап өтіп, бұл міндеттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының мақсаттарымен толық үндесетінін жеткізді.

Таза әрі көрікті қала қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындарды таза ұстау, абаттандыру жұмыстарына ұқыпты қарау және экологиялық мәдениетті арттыру баршамыз үшін маңызды.

Басты мақсат – тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, келер ұрпаққа қауіпсіз, таза әрі көрікті орта қалдыру.

➖

Безопасный, комфортный и привлекательный город — основа устойчивого развития

Обеспечение безопасности, комфорта и привлекательности городов — важнейшая государственная задача, направленная на повышение качества жизни населения. Для ее решения необходима системная работа по развитию общественных пространств, поддержанию чистоты на улицах и во дворах жилых домов, расширению зеленых зон и созданию благоприятной среды для горожан.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность приоритетного внимания к вопросам безопасности и благоустройства городов, отметив, что эта задача полностью соответствует целям общенациональной инициативы «Чистый Казахстан» (Taza Qazaqstan).

Создание чистого и привлекательного города — это общая ответственность: не только государственных органов, но и каждого гражданина. Поэтому забота об окружающей среде, поддержание чистоты в общественных местах, бережное отношение к элементам городской инфраструктуры и развитие экологической культуры важны для всех нас.

Главная цель состоит не только в том, чтобы обеспечить комфортные условия для нынешних жителей, но и в том, чтобы оставить безопасную, чистую и красивую среду для будущих поколений.

x

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықтық құрылыс» – Әділетті Қазақстанның болашағын бірге қалайтын жалпыұлттық жоба

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасының стратегиялық маңызына тоқталып, оның ел экономикасын ...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының стратегиялық тірегі, ал еңбек адамы – мемлекет байлығының негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеп, аграрлық саланың ел экономикасындағы стратегиялық маңызына, ауыл еңбеккерлерінің еңбегіне ...